Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.41 Mб
Скачать

Медициналық қорғау әдісі

Әрбір өңірде тұрғындарды алғашқы медициналық көмекпен және арнайы әдіс профилактикасымен қамтамасыз ету керек.

Медициналық қорғау әдістеріне – медициналық препараттар, арнайы әдістер және материалдар жатады.

Медициналық қорғау әдістері

Индивидуалдық дәріхана АИ-2

Универсалдық дәріхана

Қауіпті аймақта тұратындарға

Индивидуалдық химиялық пакеттер – ЧПП-8, ЧПП-10

Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі

Тіршілік қауіпсіздігінің басты міндеттерінің бірі:

  • тұрғындарды қауіпті жағдайлармен таныс болуын және алғашқы көмек көрсету әдісін қадағалау;

  • тұрғындарды уақытында эвакуациялау;

  • дем алу органның қарау әдісі;

  • тері қорғау әдісі, т.б.

Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі – дем алу органы, көз, теріні, реактивті шаңнан, микробтан сақтайды және қорғайды.

Аталған органдардың индивидуалдық қауіпсіздік әдісіне – противогаздар, респираторлар, маскалар т.б. жатады.

Индивидуалдық дәріханаға – реакциялық, химиялық, бактериалдық, зияндардан, жарақаттан сақтауға арналған.

№ 1-ұяшыққа шприц жатады. Сүйек жарақаттарынан, күйіктен т.б. қолданылады.

№ 2-ұяшыққа ФОВ-тан уланғанда қолданылатын дәрі-дәрмек.

№ 3-ұяшыққа бактерияға қарсы, инфекциялық ауруларға қарсы дәрі-дәрмек.

№ 4-ұяшыққа (РС-1 цистамина дәрілері жатады).

№ 5-ұяшыққа инфекциялық аурулар (чума, холера, сибирлік язва) т.б. қарсы дәрмектер жатады.

№ 6-ұяшыққа – радиациялық қорғау әдістері жатады.

№ 7-ұяшыққа этаперазин жатады.

Теріні қорғау әдісі:

Ашық жерлерді қорғау үшін, арнайы плащ қолданылады. Аяқты қорғау үшін резиналық аяқ киім пайданылады. Қолды қорғау үшін резиналық перчатка қолданылады.

Фильтрлік теріні қорғау әдісі.

Фильтрлік қорғау әдісіне фильтрлік киім-кешектер жатады. Фильтрлік киім-кешектер арнайы фильтр қағазынан жасалады.

Универсалдық дәріханаға мыналар жатады:

  • радиоқорғаныс әдістері;

  • препараттар (аспирин, аммиак, валидол т.б. жатады);

  • байлағыш заттар (бинт, марля, зеленка, йод т.б.);

  • медициналық байлағыш пакеті (жараланған жерді, таңуға арналған).

Индивидуальдық химиялық пакетке – арнайы флакондар, салфеткалар жатады

9-Дәріс. Экстремальдық жағдайларға алғашқы медициналық көмек көрсету

Алғашқы көмек – ол жарақат, жаралы адамның өмірін сақтау:

  • егер жарақаттанушы адам нашар дем алған жағдай болса, оған қосымша дем беру керек;

  • егер жарақаттанушы адам талып, дем алмаса, оған жүрегіне массаж жасау керек.

Қосымша дем беру екі әдіспен қолданылады.

  1. Жарақаттанушыны арқасына жатқызу.

  2. Киім шешіндіру.

  3. Дем беру.

Электр тоғы соққан кездегі алғашқы көмек электр тоғының соғуы – электр өткізгіштің екі жалаңаш сымын қатар адам ылғал аяқ киіммен, алғашқы жерде, шалшықта тұрып бір жалаңаш сымды басып кетсе болады.

Алғашқы көмек.

Тоқтың алдағы әсерін білу керек. Егер зардап шешуші есінен айрылып, алайда өз бетінше тыныс алып жатса, онда талықсу кезіндегі сияқты шаралар қолданылады. Тоқтың соғуынан күйген жерге тазартылған таңғыш қояды.

Төтенше жағдайда болатын жарақаттанулар, аурулар мен уланулар. Олардың түрлері.

Өндіріс орнында апат болғанда, соғыс қақтығыстары кезінде түрліше жарақаттанулар өте көп болады. Сондықтан оларға алғашқы жәрдем беру, тек медицина қызметкерлерінің ғана міндеті емес, сонымен қатар Азаматтық қорғаныс жасақшыларының, жалпы халықтың міндеті.

Жарақаттану деген адам терісінің, кейбір мүшесінің немесе бүкіл денесінің күшпенен бөлінуі. Жарақат алу дегеніміз адамның жұмсақ етінің жаралануы, сүйектің сынуы, миының қозғалуы, денесінің күюі болып жіктеледі.

Ауыр жарақаттанғандардың есіне айрылып қалуы мүмкін. Есінен айрылу радиацияны көп алғаннан, нервісіне өте көп салмақ түскеннен де болады. Жарақаттанып есінен айрылғандардың қан айналымы, демалысы, зат алмасу жүйелері бұзылады. Адам әрең демалып, бетін салқын тер басып, сырттан берген белгіге еш жауапсыз жатады.

Дене қызуы төмен түсіп, жүрек соғысы әрең сезіледі, бәсеңдеу демалысы жиіленіп, ауызбен ғана демалады.

Оларға алдымен қан тоқтату, жарасын байлау, сынған жеріне қалып (шина) салу шараларын жасап, іш-құрылысы жарақаттанбаған болса тамақтандырып, қажет болса ауруын сездірмейтін морфий таблеткасын, морфалкоголь қоспасын беріп, жақын жердегі ауруханаға жіберу керек. Радиациядан есінен айрылғандарға дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмегін беріп, бақылауға алу қажет.

Шошынғандарға қорқыныш сезімін басу үшін наркотиктің не метропанның 1-2 таблеткасын не басқа дәрі-дәрімек беріп, тыныштандырып дәрігерлік бекетке жөнелтеді.

Төтенше жағдайда қабырға, жамбас, омыртқа, бас сүйек тағы басқа сынулары кездеседі. Сыныққа ұшыраған адамдарға жедел жәрдем қажет. Оларға өте ұқыпты қарап жарақатын ұлғайтып алмау керек.

Сүйекте жабық және ашық сынықтар болады.

Жабық сынықта көрінетін жара болмайды. Ол жерде ісік пайда болады. Сынған жерді алдын-ала байлау керек. Ауруды алып жүру үшін, сынған жерге қалып салып, қозғалмайтын етеді.

Қалыпты ұзындау алып, екі жағынан бекітеді.

Арнайы қалып болмаған жағдайда, сынған аяқты сау аяққа байлап тастайды, сынған қолды денеге байлайды. Жабық сынықта қалыпты киімнің үстінен салады, не сол жерді матамен, мақтамен орап, содан кейін қалып салады. Қалыппен екі жағы да қамтылуы қажет. Егер қол сынған болса, таңған соң, мойынға асып қояды.

Ашық сынықта алдымен қан тоқтату керек, сынған жерге таза байлама салып, мақта немесе жұмсақ матамен орап, қалып салады. Сынған сүйекті қозғауға болмайды.

Иық сүйек сынған болса, қолтықтың астына мақта не жұмсақ мата салып, қолды бүгіп денеге жабыстырып бинтпен байлайды.

Қабырға сынғанда кеудеге мақтаны не жұмсақ матаны салып, содан кейін кеудені ауаны шығарған қалпында жалпақ материалмен орап байлайды.

Бас сүйегі жарақаттанғанда сынған сүйек сынығы ішке түспейтіндей етіп, өте сақтықпен мақтаны сол жерге орналастырып, таңады.

Омыртқасы сынған адамдардың астына тақтаймен носилкаға салады.

Жамбас сүйегі сынғандардың зембілге шалқасынан салып, тізелерін бүге екі жаққа айыра салады да, тізесінің астына домалақтап киім салады. Содан кейін емханаға жөнелтеді.

Буын шығып кеткендегі жәрдем.

Буын шығып кетудің белгілері:

  • Өте қатты ауырады, сүйектің түрі өзгереді, аяқ баса алмай, ісік пайда болады. Адамға алдымен морфий салады.

  • Шыққан жерге қалып не байлама салып, емханаға жөнелтеді.

  • Жарақат токсикозы.

  • Дененің ауыр нәрсенің астында ұзақ уақыт жаншылып қалуы.

Бұның ауруы салмақтан болғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін сезіледі. Дене ісіп, жансызданып, жүректің жұмысы ауырлап, шөлдеп құсқысы келеді. Жүрек жиі соғып, адамның қимылы баяулайды. Мұндай ауруға алдымен су, оған қосып 1-2 кесек секер, 1 таблетка морфий береді. Медпункке тез носилкамен жеткізу керек.

10-Дәріс. Өткір сәуле аурулары

Өткір радиацияның немесе РЗ белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды.

Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі:

1 дәрежелі – 100-200 р-ге дейін сәуле,

2 дәрежелі – 200-300 р-ге дейін алғанда,

3 дәрежелі – 300-500 р-ге дейін,

4 дәрежелі – 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі.

Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:

  • Сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;

  • Ауруының жасырын кезеңі;

  • Ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар);

  • Ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы.

Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіні:

1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейін жүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстыру сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады, бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады.

2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады.

Дене қызуы 37,2 – 37,5 0С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түрінде көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.

3-ші дәрежесі ауыр боп келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше рет құсып, қызуы 38 0С дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айырылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-40 0С жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады.

4-ші дәрежесі - өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутта-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 39 0С көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.

Аптечкадағы (АИ-2) дәрі-дәрімектер.

Аптечкадағы дәрі-дәрімектер радиоактивті, улы заттарға және бактерияға қарсы қолдану үшін жеке адамдарға таратылып беріледі. Өлшемі-90х100х20 мм, салмағы-130 гр. қалтада сақтауға ыңғайлы.

1 - басы артық.

2 – фосфорорганикалық улы заттарға қарсы уланған жерге кірер алдында – бір таблетка беріледі.

3 – ұяда үлкен ақ пеналдағы екі таблеткалар радиациядан іш ауруды пайда болғанда, алғашқы тәулікте 7 таблетка, 2-3 –ші күндері 4 таблеткадан. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданылады.

4 – екі қызғылт түсті панелдегі таблеткаларды радиоактивті ластанудан 30-60 мин бұрын қабылдайды – 6 таблеткадан.

5 – ұяда – екі ақ түсті пеналда кең қолданылатын антибиотик. Мұны жарақаттанғанда, күйгенде және жұқпалы аурулар арасында жұмыс істегенде 1 рет 5 таблеткадан, 6 сағаттан кейін 2 рет 5 таблеткадан ішеді.

6 – ұяда – ақ түсті таблетка. Мұны РЗ ластанған жерде жайылған сиырдың сүтін ішкен адамға беріледі. 10 күн бойына 1 таблеткадан. Адам безедерінде иодтың жиналуына бөгет жасайды.

7 – ұяда көк түсті пеналдағы таблеткалар. Мұны басқа соққы тигенде, ми қозғалғанда, контузияға ұшырағанда, сәуленің алғашқы әсерін алғанда құсық келтірмес үшін. Сәуле өткендерге көмекті ауруы өршімей тұрғанда беруге тырысу керек.

Жараға инфекция түсіп, асқынуы

Инфекция деген адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп-өнуі оны түрлі кеселге ұшыратуы.

Жара – терінің немесе шырышты қабықтың бүтіндігінің бұзғандықтан пайда болған жарақат.

Олардың жіктелуі жараның неден болғадығына байланысты.

  • Инеден, шегеден, біз немесе штыкпен алған жарақат – түйрелген, үшкір затпен шаншылған жарақат.

  • Кесетін нәрседен алынған жара – кесілген жара.

  • Құлағанда, тұйық нәрсеге соғылғанда, не соққанда алынған жарақат– соққыдан алған жара.

  • Жыртылған жара – машинаның деталінен болған жара (іліп кеткеннен).

  • Оқтан не снарядтың ұшқынынан болған жарақат – оқ тиюден жаралану.

  • Ит не басқа жыртқыш аңның тістегенінен болған жарақат.

Жара терінің үстіңгі қабатында ғана болуы немесе тереңірек, бұлқыш еттердің жарақаттануында болуы мүмкін.

Кеуденің, қарының, бас сүйектің ішіне өткен жарақатта болады. Мұндайда ішкі органдарда жарақат алады.

Әрбір жара қан көп кетуімен және оған микроб түсіп, асқынып кетуімен қауіпті. Көптеген микробтар, жараға түскенде іріңдетіп жібереді. Оған стафилококтар, стрептококтілар жиналады.

Инфекция түсіп іріңдеген жараның айналасы қызарады, ісінеді. Жараның жазылуы ұзаққа созылады. Кейде микроб қанға өтіп кетсе, ол өте қауіпті. Осындай асқынып кеткендегі түрін тілме (рожа) деп атайды. Жаралы жер қызарып, ала-құлаланып, айнала жайылады, кейде тері асты іріңдейді. Қызу 39-40 жетеді. Инфекция ұстаған нәрселер арқылы басқа адамға да жұғуы мүмкін. Жара микроб түскеннен пайда болған ауруды сіреспе (столбняк) дейді. Бұл ауруды қоздырушы таяқша жерде болады. Жараға түскенде микробтар көптеген бөледі. Олар адамның нерв жүйесіне әсер еткеннен сіңірі тартылып, құрысып қалады. Жүрегінің жұмысы мен демалысы бұзылады. Егер дер кезінде шара алып емдемесе, ол адам қазаға ұшырауы мүмкін.

Жарақат алған кісіге алғашқы жәрдем көрсеткенде жараға микроб түспейтіндей бірнеше шара қолданылады, осы шараларды асептика деп атайды.

Асептикаға қолданатын барлық құралдар болуы керек. Бұған винный спирт, йод тұнбасы, хлорамин, ривонола ертінділері тағы басқа қолданылады. Оларды пайдаланып микробтарға қарсы күрес әдісі – антисептика деп аталады. Ол үшін антибиотиктер – пенициллин, стрептомицин, синтомицин деген дәрілер жиі қолданылады. Микробқа ыстық бу, қайнату, құрғақ ыстық қатты әсер етеді, осылар арқылы қажет материалдар тазартылады.

Хирург құралдарын су қайнағаннан бастап 45 минут бойына қайнатады. Құралдар 2 сағат спиртте жатса да болады.

11-Дәріс. Күйгенде көрсетілетін көмек

Ядро қаруын қолданғаннан, не апаттан табиғат дүлейлерінен өрт болғанда адамдар көптеп күюі мүмкін.

Күюдің 4 дәрежесі болады:

  • 1- ші дәреже – тері қызарып, ісіп кетеді, ауыра бастайды,

  • 2- ші дәреже –көбік пайда болады, ішінде сары түсті сұйық жиналады.

  • 3- ші дәреже – тері үгіліп түсіп жатады.

  • 4- ші дәреже жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады.

Алғашқы көмек ретінде морфий таблеткасын беріп, ауруын басуға болады.

1-ші дәрежелі күйікке марганцовка калий қышқылының күшті ерітіндісіне немесе одеколонға, спиртке малынған таза марлыны салып қою керек. Жара бірнеше күнде жазылып кетеді.

2-ші дәрежелі күйікке жараның айналасын одеколон мен не 0,5 пайыздық нашатыр спиртінің ерітіндісімен тазалап, көбіктерді бұзбау керек. Сол жерге марганцовка-калий қышқылының 2 пайыздық ерітіндісімен қанықтырылған байламын салу немесе күйікке жағатын маймен майлайды. Жара киімге жабысып қалса, оны жұлып алуға болмайды, тек айнала қиып алу керек. Адамға ыстық тамақ беріп, ауруын басатын дәрі береді. Күйіктің 3-4 дәрежелерінде де осылайша көмек беріп ауруханаға жөнелтіледі.

Химиялық күйік – денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөлдерімен әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздардың (ляпис, хлорлы мырыш және т.б.) әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.

Алғашқы көмектің келесі міндетті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады. I-дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға және алуға, сондай-ақ күйген жерге қандай да бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды.

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдықтар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі – стакандағы суға 1 шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады.

Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен тазалау қажет (стақандағы суға 1 шай қасық асханалық сірке су).

Оқиға орнында көмек көрсету тәртібі

Бірінша тәртіп – мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп – целлофан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жабық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп – зардап шегушіге 2-3 дәрі аналгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп – зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштыққа қалдыру.

Үсік шалу суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі.

Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдықтар, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі – сырқаттануы, мас болуы, канның кетуі және т.б.

Тіпті нөлден жоғары 3-7 температураның өзінде үсік шалуы мүмкін.

Үсікке аяқ қолдың, құлақтың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.

Организм қатты суынған кезде (қан тамырлары) қан айналымы, айрбас процесстері бұзылады. Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі температураның созымдылығы мен төменгі ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалған ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстардың негізгі себептері осы төңіректе қоректенетін қан тамырларының кең таралып, қатты тығындауы (тромбоз) жетілетін тромбоз болып табылады.

Үсік органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдегі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді:

I дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады, бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяқ қол мұздайды, негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домбығады, жалпы жағдай қанағаттандырарлық.

II дәрежеде теріде бозамық немесе қан тәріздес суық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды зардап шешуге едәуір ауыртпалықты сезінеді.

Үсік шалудың осы дәрежесінде температураның көтерілуі есінеу, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты қалпы құбылыстар байқалады.

III дәрежеде негізгі тамырлар соқпайды, зақымдану тереңдігі біртіндеп анықталады. Алғашқы күндері терінің домбығуы байқалады, көпіршік пайда болады, терінің жабылмаған бөлігінде ісіну пайда болады.

IV дәреже өте ауыр. Ұлпалардың барлық қабаттарының оның ішінде сүйектің жансыздануымен сипатталады.

Алғашқы медициналық көмек кезінде зардап шегушіні, әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жерге апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолымен ысқылайды, кейде бұны ұзақ жасауға келеді. Ысқалауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ісіну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегін жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 мин ішінде 20-40 градусқа дейін біртіндеп арттырған жөн.

Сырқатқа ыстық шай, кофе, сүт, жүрек тамыр препараттарын (корвалол, кардиамин, кофеин) береді.

Бірінші дәрежедегі ұсақ шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан, яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.

Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде станционарлық ем қажет. Үсікте емдеу кезіндегі міндет ылғалы гангренаның дамуын ескерту болып табылады, ал пайда болған кезде ылғалы гангренаның құрғақ гангренаға ауысуы үшін барлық шараны жасау қажет.

Естен тану (французша «choc» итеріліс, соққы) – ағзаның бүкіл жүйесін бақылайтын, қан айналымын, дем алуды, зат алмасуды реттейтін жүйке орталықтарының езілу күйі.

Ауыр жарақаттар кезінде осы орталықтарының өте қатты тітіркенуіне жауап ретінде естен тану келеді.

Жарақаттық естен танудың негізінде- ағзаға өте күшті аурудың әсер етуі және өте үлкен қансырау. Ауру ағзаның өмір сүруінің жүйкелік реттелуін бұзады және бірінші кезекте қан айналымын, сондықтан, бүкіл мүшелерінің қоректенуін; осындай бұзылу бас миына өте зиянды; қансырау осы процессті қиындатады.

Осы өзгерулердің нәтежесінде артериялық қысым төмендейді қан айналымындағы қан мөлшері азаяды. Қансырауға төтеп ретінде бүкіл ағзаның әрбір бөлшегінің сұйығының сауыт арнасына өтуі басталады, осының нәтежесінде дененің әрбір бөлшегі сұйықсызданады. Жарақаттық естен танудың сыртқы белгілері бірегей емес. Ең бірінші қозу торпидалық фазасымен ауысады, ағзаның функциялары тоқтай бастағанда: есі сақталады, бірақ ауру адам қимылсыз қалыпта болады. Терісі ақ түсті және суық, артериялық қысымы төмен болады.

Талып қалу – аяқ астынан пайда болатын аз уақытты есін жоғалту, бас миының қансырауының нәтежесінде пайда болады. Естен тану – ағзаның ауыр жарақатқа деген жалпы жауабын білдіреді, көбінесе аурумен және қансыраумен қабаттаса өтеді.

Бастың жарақаттануы. Бас миының және бас сүйегінің жарақаттануы, ең ауыр механикалық жарақат түріне жатады. Бас сүйекті-мишықтық жарақаттар (БМЖ) ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық БМЖ кезін екіге бөлуге болады: жұмсақ кездемелердің жарақаты, өтпелі емес (мидың қатты қабықшасы жарақаттанған) жарақат.

Бас миының мінез затының жарақаты бойынша, оны мидың шайқалуы, соғып алынуы және қысымдау мидың соғып алынуы және онсыз кезінде өтуі мүмкін.

Мидың шайқалуы. Естің жоғалуы белгіленеді 1-2 мин. 20-30 мин. дейін және одан кейінгі өз-өзіне келуі байқалады.

Соғып алынудың жеңіл, орташа және жоғары ауырлықты түрлері бар.

Орташа ауырлықты соғып алынулар кезінде есі таза және ауруы солулы, бірақ қатынасқа түседі, брадикардия белгіленеді, дем алудың тездеуі, систоликалық қысымның көтерілуі немесе түсуі байқалады.

Кома кезінде – адам ессіз күйде болуы, сыртқы қатынасқа реакцияның болмауы, ауру қатынасқа түспейді.

Кома орталық мидың жүйесінің жұмыс істемеуінің нәтежесінде пайда болады.

Команың аяқ астынан пайда болуы инсульт ауруына тән, ал баяу өтетін кома мидың инфекциялық түрінде жұмыс істемеуден пайда болады.

Бәрінен де БМЖ-ның түрін және ауру адамның халін анықтау керек.

Бастың жұмсақ кездемелерінің жарақаттары. Бастың жұмсақ кездемелері жарақаттанған кезінде әрқашан қатты ауру мен ісіңкіреу байқалады. Бірінші медициналық көмек ретінде бұл жерді тарта байлап, суық затты пайдалану. Жұмсақ кездемелердің жарасы қан ағуымен ерекшеленеді. 1 мед. көмектен кейін ауру адамды ауруханаға апару керек.

Бас сүйегінің жарақаттануы.

Бас сүйегінің сынулары барлығы ауруға жатады, сондықтан желдел жәрдем көмекгін шақырту керек. Бас сүйегінің сынуы ашық және жабық болады. Олардың айырмашылығы бас терісінің бұзылуында. Бас сүйегінің сынуы жарық қана түрінде де болады. Дәрігер келуіне дейін ауруды носилкаға жатқызады, жарасына матаны байлап, оның үстіне суық затты қояды. Естен таңған ауруды етпетінен жатқызады. Алмалы тістер, протездер алынуы тиіс. Дем алу тоқтаған кезде жедел түрде жүрекке массаж жасау керек.

Тілдің жұтылып кетуі мүмкіндігі болғандықтан, тілді қауіпсіздік түйреуішпен бекіту керек: тілдің ұшынан 2 см жерден тесіп (алдымен тіл мен түйреуішті спиртпен жағу керек), одан кейін түйреуішті бинтпен бекіту керек. Бас миының жарақаттануы – ми шайқалу, соққы мидың қысылуы мен бірге болуы мүмкін.

Жақтың үстіңгі жағы көбінесе орталық жерінен сынады.

Бірінші көмек ретінде ауру адамның аузын тазалау керек: қан, сілекей, сүйек сынықтары, протездер; осыдан кейін тілді түйреуішпен бір қалыпқа бекітіп, қансыраған жерге мата байлау керек. Кейін жедел жәрдем шақыртып ауруды стоматологиялық ауруханаға апару керек.

Мұрынның ауыр жарақаты – ол дегеніміз, мұрынның сынуы, оның екі түрі бар – біржақтық және екіжақтық. Ондай жарақаттардан кейін мұрынның дем алысы бұзылады.

Бірінші көмек – қансырауды тоқтату. Жеңіл жағдайларда аурудың басын еңкейтіп отырғызу керек, дем алатын жолдарға қан кетпеуі үшін. 3-5 мин. кейін қансырау өзінен-өзі тоқтауы мүмкін. Қатты қансырауы кезінде мұрынға тампон салу қажет, оны жедел жәрдем қызметкерлері орындауы керек.

Бірінші медициналық көмек. Естің бұзылуының дәрежесін, қансыраудың мөлшерін және сыртқы дем алудың бұзылуын анықтау керек.

Қансырау кезінде жараға таза матаны қысып байлау керек. Дем алудың бұзылуы кезінде ауыз қуысын тазартып, жасанды дем алыс жасайды. Есі жоқ адамдардың тілін бір қалыпқа орналастыру қажет. Басты мұзы бар қаптармен қоршау керек.

Бастың жарақаттануы кезіндегі таза маталардың салыну ережелері. Бастың шашы бар жерін жабу үшін жай және сенімді – «чепец» таза матаны байлайды. Оны біз суреттен көреміз.

13-сурет Басқа «чепец» түрінде таза матаны байлау.

а) ә)

Мұрынға, мандайға және жаққа «пращевидалық» матаны байлайды. Мұны біз суреттен көре аламыз.

14-сурет. «Пращевидалық» матаны салу.

а) мұрынға ә) маңдайға б) жаққа

Көзге матаны байлаған кезіңде ең алдымен маңдай-қарақұс арқылы бастайды. Содан кейін қарақұс жағын төмендетіп көзді байлайды.

15-сурет. Көзге матаны байлау.

Мойынның, көмейдің жарақаттануы кезінде таза матаны айқыштап байлайды. Матаны бірінші басқа байлап, содан кейін айқыштап мойынға түсіреді.

16-сурет. Мойынға айқыштап салынған мата.

Кеуде мен қарынның жарақаттануы. Кеуде жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді. Көбінесе кеуденің қысылуы ірі сауыттың қысымы тез арада көтерілген кезде пайда болады. Осыдан кейін веноздық арнадағы қан көтеріліп жарақаттық асфикцияға әкеледі. Ол кезінде беттің, мойынның және кеуденің терісі қоңыр түсті болады.

Кеуденің жарақаттануы. Оқ атылған және оқ атылмаған болып бөлінеді, олар бойлаулы және бойлаусыз болып бөлінеді.

Байлаулы кеуде жарақаты кезінде ашық пневмоторакс пайда болады. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфералық ауа кеудеге жара арқылы оңай өтеді, ол өз уақытта өкпенің түсіп, көтерілуіне әкеледі.

Байлаусыз кеуде жарақаты кезінде гемоторакс пайда болады. Осы кезенде жарада қан жиналып кеуденің түсуіне әкеліп, дем алудың және қан айналымының бұзылуына әкеледі.

Бірінші көмек ретінде естен танумен күресті, дем алысқа зиян келтіретін жағдайларды болдырмау керек.

Кеуденің жарақаттануы.

Кеуденің соғып алынуын дем алу кезіндегі аурумен байқауға болады. Оған қоса адам қан түкіре бастаса, онда өкпелік плеврасының жарақаттанғанын көрсетеді, ол өз уақытында естен тануға әкеледі, сондықтан, жедел жәрдемді шақыру керек.

Автоапат кезінде көбінесе қабырға сынады. Ол сынулар жалғыздық және көптік болуы мүмкін. Ауруға кеудеге матаны қатты байлап, ауруханаға апару керек.

Кеуденің жарақаты кезіндегі маталарды байлау ережелері және олардың түрлері. Кеудеге спиральдік немесе айқыштап матаны байлау керек. Спиральдік түрде 1,5 метр бинтты алып, спиральдап үстіңгі жақтан астына қарай байлаймыз.

17-сурет. Кеудеге матаны байлау.

а) ә)

а) спиральдік ә) айқыштап