Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.41 Mб
Скачать

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттер

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру. (ЖОО) Азаматтық қорғанысының бастығы – ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жай-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор оқытушылар құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттермен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайындалады.

АҚ мен ТЖ міндеттерін оқу орнының мүддесіне орай шешу үшін АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару командасы, санитарлық жасақтар мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы, панаханалар мен жасырын орындарды күтіп-ұстайтын топ құрылуы мүмкін.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын - шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау, объектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзге де кешенді шаралар жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы 1-суретте көрсетілген.

Негізгі қамтамасыз етуші құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жай-күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкілдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

Объект Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан АҚ мәселесі бойынша объектідегі бүкіл практикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылады. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штабтық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідегі АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Шаруашылық объектілерінде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметтердің мақсаты - құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен құралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.