Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos-Bilet_Boyynsha.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.84 Mб
Скачать

2. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілері:

1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

2. компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3.файлдар мен қапшықтардың жоғалуы н/е олардың құрамының бұрмалануы;

4. файлдар өлшемдерінің өзгеруі;

5. дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6. бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7. компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулардың болуы.

Антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады:

  • Файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

  • Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте, оларды анықтайтын резиденттік программалар.

  • Вирус/ жұқтырылғаннан кейін, олар-ң бар екенін анықтайтын программа/.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

  • Детектор программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.

  • Фагтар немесе доктор-программалар - вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирустарды жояды.

  • Ревизор программалар - компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

  • Доктор – ревизорлар программалар - файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп», бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.

  • Фильтр-программа/ н/е «күзетші/» - үнемі компьютер жадында болатын шағын резидентті программа/. Олар компьютердің операция/ын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирус/ға тән күмәнді әрекет/ді табады. Қандай да бір программа осындай әрекет/ді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді н/е тыйым салады.

  • Вакцина программалар - компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

3. Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. Sadt (idef0) және dfd әдістемелерінің міндеті мен құрамы.

IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінде бизнес-үдеріс элементтер (жұмыстар) жиынтығы түрінде беріледі, олар өзара байланыста болады, сонымен қатар әр жұмыста қолданылатын ақпараттық, еңбек және өндірістік ресурстарды көрсете алады.

IDEF0-дің негізгі 4 элементі :

1. Функционалды блок (Activity Box) – қарастырылып отырған жүйенің (әр функционалды блоктың өзіндік ерекше нөмірі болуы керек) нақты функциясын бейнелейді.

2. Интерфейсті доға (Arrow) – функционалды блокпен өңделетін және оған әсер ететін жүйе элементі.

3. Декомпозиция (Decomposition) – күрделі үдерістің құрамдас бөліктерге бөлінуі.

4. Глоссарий (Glossary) – анықтамалар, түйінді сөздер, түсіндірмелер жиынтығы. IDEF0-дің әр элементі үшін беріледі: диаграммалар, функционалды блоктар және интерфейсті доғалар.

Кез-келген IDEF0 диаграммасын құру кезінде мына талаптар қанағаттандырылуы тиіс:

- диаграмма мақсатының модель мақсатына сәйкес келуі;

- кейінгі доғалардың бастапқы (негізгі) диаграмма доғаларына сәйкес келуі;

- диаграмма мазмұнының базалық блок мазмұнына толық сай келуі.

Деректер қоймасы картотекада жәшік түрінде болады. Ақпарат көзі немесе қабылдағыш ретінде материалдық объект немесе физикалық тұлға қолданылады. Мысалы, тапсырыс беруші, персонал, қойма, ережелер, т.б. Әр деректер қоймасының бір кіріс, бір шығыс ағыны болуы керек.Басқару үдерісі - шығыстағы басқаруда сигнал пайда болатын үдеріс.

DFD моделі жүйенің функционалды объектісінен басқа ақпарат туралы мағлұматтан тұрады. DFD диаграммасының мазмұны:

1. ақпаратты өңдеу функциясы - жұмыс

2. ақпаратты өңдеуге қатысатын құжаттар, объектілер, қызметкерлер немесе бөлімдер.

3. сыртқы объектңлер мен интерфейстерді қамтамасыз ететін сыртқы сілтемелер.

4. құжаттарды сақтауға арналған кестелер.

17

1.Тізбектер және оның шегі. Жинақты тізбектер және олардың қасиеттері.Тізбек жинақтылығының Коши критериі.

Натурал сандар жиынында анықталған функциясының мәндерін сан тізбегі немесе тізбек деп атайды.

Егер тізбегі берілсе, оны символымен белгілейді немесе былай жазады:

Анықтама 1. Егер кез келген үшін теңсіздігі орындалса, онда тізбегін өспелі дейді.

Анықтама 2. егер кез келген үшін теңсіздігі орындалса, онда тізбегін кемімелі дейді.

Анықтама 3. егер кез келген үшін теңсіздігін қанағаттандыратындай оң саны табылса, онда тізбегін шектелген деп атайды.

Анықтама. Егер әрбір алдын ала берілген санына сәйкес натурал саны табылса және кез келген нөмірлері үшін теңсіздігі орындалса, онда санын тізбегінің шегі деп атайды. Жазылуы: немесе ұмтылғанда деп жазады.

Мысалы, тізбектің шегін табу керек.

Шешімі. болады.

Анықтама. Шегі бар тізбекті жинақты деп, шегі жоқ тізбекті жинақсыз деп атайды. Егер тізбектің шегі бар болса, онда тізбек шектелген болады. Жинақты тізбектің бір ғана шегі бар. Жоғары (төменгі) жағынан шектелген өспелі (кемімелі) тізбектің шегі бар.

Анықтама. Егер тізбектің шегі нөльге тең болса, онда мұндай тізбекті шексіз аз деп атайды.

Теорема 1. Екі шексіз аз тізбектердің қосындысы шексіз аз болады.

Теорема 2. Шектелген тізбектің шексіз аз тізбекке көбейтіндісі шексіз аз тізбек болады.

Анықтама. Егер кез келген саны үшін нөмірі табылып, барлық үшін теңсіздігі орындалса, онда тізбегін шексіз үлкен шама дейді және былай жазады: .

Теорема 3. Егер тізбегі, шексіз үлкен болса, онда тізбегі шексіз аз және керісінше тізбегі шексіз аз болса, онда тізбегі шексіз үлкен.

Теорема 4. Егер және тізбектері жинақты болса, онда

1) ;

2) ;

3) ;

4) .

Егер , онда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]