География
1. Жер қыртысының қозғалысын өлшейтін құрал A) Гигрометр. B) Анемометр. C) Термометр. D) Барограф. E) Сейсмограф. |
2. Теңіздік ауа массаларының құрлықтағы ауа массасынан айырмашылығы: A) Өту биіктігімен. B) Қысымымен. C) Ылғалдылық. D) Көлемімен. E) Шаңды. |
3. Дүние жүзіндегі халықтар ... нәсілге бөлінген A) 4. B) 1. C) 3. D) 2. E) 5. |
4. Муссондар жазда … соғады. A) материктен мұхитқа B) 30° ендіктерде C) мұхиттан материкке D) шығыстан батысқа E) батыстан шығысқа |
5. Австралияның солтүстігіне қарай орналасқан арал: A) Тасмания. B) Жаңа Каледония. C) Жаңа Гвинея. D) Фиджи аралдары. E) Жаңа Зеландия. |
6. Қазақстанның ежелгі қалалары. A) Түркістан, Тараз. B) Павлодар, Өскемен. C) Шымкент, Астана. D) Теміртау, Рудный. E) Екібастұз, Балқаш. |
7. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде қалдықсыз өнім беретін шаруашылықтың бір саласы ... A) химия өнеркәсібі. B) тамақ өнеркәсібі. C) көмір өнеркәсібі. D) металлургия. E) мұнай өндіруші өнеркәсіп. |
8. Күнбағыс майын өндіретін ірі зауыт орналасқан қала: A) Талдықорған. B) Кентау. C) Петропавл. D) Түркістан. E) Өскемен, Алматы. |
9. Каспий теңізіндегі Кара-Богаз-Гол шығанағы ... еліне тиесілі. A) Ресей B) Қырғызстан C) Түрікменстан D) Өзбекстан E) Қытай |
10. Топырағы құнарлы табиғат зонасы: A) Дала зонасы. B) Тундра зонасы. C) Батпақты жер. D) Тропиктік орман зонасы. E) Тайга зонасы. |
11. Антропогендік табиғат кешені A) Батпақтар және көлдер. B) Бақшалар және су қоймалары. C) Аралдар және бұғаздар. D) Өзендер және ормандар. E) Аңғарлар мен төбелер. |
12. Палеозой эрасының дәуірлері A) Триас, пермь. B) Кембрий, ордовик. C) Девон, юра. D) Бор, карбон. E) Палеоген, неоген. |
13. Ең ұзақ вегетациялық кезең Қазақстанның A) Алматы облысында. B) Батыс Қазақстан облысында. C) Қызылорда облысында. D) Жамбыл облысында. E) Оңтүстік Қазақстан облысында. |
14. Қазақстанның шөлейт зонасының ірі өзендері. A) Қаратал, Шу. B) Жем, Ойыл. C) Іле, Есіл. D) Тобыл, Іле. E) Ертіс, Тобыл. |
15. Ең арзан электр энергиясын беретін ресурс: A) Газ. B) Көмір. C) Шымтезек. D) Су ресурстары. E) Мұнай. |
16. Табиғи өсу көрсеткішін төмендету саясатын жүргізіп отырған елдер A) Бразилия B) Корея, Жапония C) Индия, Қытай D) АҚШ E) ТМД |
17. ТМД елдеріндегі ең ірі мұнай бассейнін анықтаңыз. A) Орал. B) Баку. C) Батыс Қазақстан. D) Поволжье. E) Батыс Сібір. |
18. Солтүстік Еуропаға мемлекеті. A) Испания. B) Италия. C) Греция. D) Швеция. E) Португалия. |
19. Австралияның негізгі астықты өңірлері. A) Орталық. B) Оңтүстік Батыс. C) Солтүстік Шығыс. D) Солтүстік. E) Оңтүстік. |
20. Жер бетіндегі нүктенің теңіз немесе мұхит деңгейінен тіктеуіш бойынша алған биіктігі : A) биіктік белгісі B) биіктік белдеу C) абсолют биіктік D) салыстырмалы биіктік E) еңдік зоналық |
21. Қазақстанның табиғаты жайлы қорытынды мәліметтер жазылған «Қазақстан» атты монография ... жылы жарық көрді. A) 1960 B) 1939 C) 1926 D) 1950 E) 1946 |
22. Каспий теңiзiнiң ең жоғарғы су деңгейiнiң көтерiлу мезгiлi A) Наурыз- Маусым. B) Сәуiр- Қыркүйек. C) Сәуiр- Тамыз. D) Сәуiр- Шiлде. E) Сәуiр- Мамыр. |
23. Дала зонасы Қазақстан аумағының ... алып жатыр. A) 46 % B) 26 % C) 16 % D) 15 % E) 36 % |
24. Өскеменде әйелдер еңбегін пайдалану мақсатында салынған комбинат- A) Жібек маталар. B) Текемет. C) Мақта - мата. D) Шұлық-трикотаж. E) Тігін-трикотаж. |
25. Бірыңғай заң шығарушы және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік-территориялық құрылысы: A) Унитарлы мемлекет. B) Конфедерация. C) Республика. D) Конституциялы монархия. E) Федерациялы мемлекет.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
