Қазақ әдебиеті
1. Жиренше туралы аңыздарда аты аталатын ақылды әйелдің есімін табыңыз. A) Меңдіқыз. B) Данагүл. C) Бізбикеш. D) Қарагөзайым. E) Қарашаш. |
2. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз. A) Бозтуған. B) Бибі. C) Жанбике. D) Қанша. E) Белгісіз. |
3. Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адамды табыңыз. A) Баймағамбет. B) Махамбет. C) Исатай. D) Шернияз. E) Бекмағамбет. |
4. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз. A) ’’Үміт еткен көзімнің нұры, балам’’. B) ’’Бес нәрседен қашық бол’’. C) “Кел, балалар, оқылық!”. D) ’’Арман’’. E) ’’Сегіз аяқ’’. |
5. Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды екенін белгілеңіз. A) Жоқтау өлең. B) Әзіл өлең. C) Эпиграмма. D) Мадақтау өлең. E) Арнау өлең. |
6. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинағы екінші рет қай қалада басылатынын белгілеңіз. A) Омбыда. B) Семейде. C) Ташкентте. D) Орынборда. E) Тройцкіде. |
7. Жамбылдың өлеңін табыңыз. A) «Қыс». B) «Өзен». C) «Бөбек бөлеу». D) «Ананың әлдиі». E) «Атаның әлдиі». |
8. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз. A) Қарақалпақ, араб. B) Орыс, қарашай. C) Татар, қырғыз, өзбек. D) Түрік, құмық. E) Ұйғыр, тәжік, чуваш. |
9. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз. A) М.Шаханов. B) Т.Молдағалиев. C) Т.Айбергенов. D) А.Бақтыгереева. E) Қ.Мырзалиев. |
10. Жиһанкез Синдбадтың жеті сапары ертегісі қай халықтың туындысы екенін көрсетіңіз. A) Араб. B) Түрікмен. C) Орыс. D) Өзбек. E) Қазақ. |
11. Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз. A) «Қыз Жібек». B) «Қамбар батыр». C) «Қобыланды батыр». D) «Алпамыс батыр». E) «Ер Тарғын». |
12. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз. A) «Айман-Шолпан». B) «Қыз Жібек». C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». D) «Күлше қыз». E) «Мақпал мен Сегіз». |
13. Бұқар толғауында: Сен – бұзау терісі шөншіксің, Мен – өгіз терісі талыспын – деген тармақтарда қандай көркемдік тәсіл қолданылғандығын табыңыз. A) Метонимия. B) Метафора. C) Әсірелеу. D) Эпитет. E) Анафора. |
14. Жер кімдікі? дегенде Аға сұлтан, қазылар Не деп жауап береді? - деген жолдардағы Дулаттың ойын анықтаңыз. A) Қазақ жерін ұлғайту керектігін айтқан. B) Орыс переселендеріне қазақ жерін беруге қарсылығын көрсеткен. C) Кең қоныстың тарылуына ренжіп отыр. D) Жерінің құнарсыздығынан ұялып отыр. E) Ата-қоныс жерін тастап кеткенін айтып отыр. |
15. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз. A) Дінді сынау. B) Оқу-білімге үндеу. C) Орысша оқуға шақыру. D) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау. E) Кедейлерді күреске шақыру. |
16. Үзінді Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан алынғанын табыңыз. Мен жігіт он бес-отыз арасында, Бұл жаста көп: бересі-аласым да. Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба?... A) ’’Адасқан өмір’’. B) ’’Кім жазықты’’. C) ’’Кедей’’. D) ’’Қамар сұлу’’. E) ’’Қалың мал’’. |
17. Еркебұлан қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз. A) "Азамат Азаматыч". B) "Кездеспей кеткен бір бейне". C) "Шұғаның белгісі". D) "Ақбөпенің сыры". E) "Әсия". |
18. Есен қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз. A) ’’Қазақ солдаты’’. B) ’’Талпақ танау’’. C) ’’Шұғыла’’. D) ’’Қос Шалқар’’. E) ’’Ұлпан’’. |
19. Реализмге анықтама берген адамды табыңыз. A) Ш.Құдайбердіұлы. B) А.Құнанбаев. C) М.Горький. D) А.Байтұрсынов. E) А.Пушкин. |
20. ’’Құтты білік’’ дастанында ақыл-парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз. A) Айтолды. B) Ұғділміш. C) Күнтолды. D) Огдүрміш. E) Айтуды. |
21. Жазған кітабын Табғаш Қара Боғраханға тарту еткен ақынды табыңыз. A) С.Бақырғани. B) Әл-Фараби. C) Ж.Баласағұн. D) М.Қашқари. E) А.Яссауи. |
22. Доспамбеттің өлеңін табыңыз. A) «Ағайының көп болса». B) «Айналайын Ақ Жайық». C) «Салп-салпыншақ үш өзен». D) «Бұл заманда не ғаріп?». E) «Жауынды күні көп жүрме». |
23. «Көшпелі елдердің аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Еуропада үстем болып келеді» деген пікірдің иесін көрсетіңіз. A) Ахмет Байтұрсынов. B) Абай Құнанбаев. C) Ыбырай Алтынсарин. D) Шоқан Уәлиханов. E) Серік Қирабаев. |
24. Бай таяғынан соққы жеп, ауруға ұшыраған М.Әуезов кейіпкерін белгілеңіз. A) Сейіт. B) Сәт. C) Бақтығұл. D) Тектіғұл. E) Сәлмен. |
25. "Қарыз бен парыз" атты хабарды жүргізген дарынды журналист, әдебиет сыншысын табыңыз. A) А.Сейдімбеков. B) О.Бөкеев. C) Ж.Кәрменов. D) С.Әшімбаев. E) И.Еркеш.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
