Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2032.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.38 Кб
Скачать

Биология

1. Жасушада біртіндеп пайда болатын шырын.

A) Пластид

B) Вакуоль

C) Қабықша

D) Ядро

E) Цитоплазма

2. Құрғақ жеміс – бұршаққын:

A) бақбақта.

B) асбұршақта.

C) күріште.

D) орамжапырақта.

E) меңдуанада.

3. Бактериялар аз кездесетін жерлер:

A) Биік таулы жердің ауасында.

B) Топырақта.

C) Суда.

D) Кейбір өндіріс орындары орналасқан бөлмелерде.

E) Үлкен қалалардың ауасында.

4. Масаның отряды:

A) қабыршақ қанаттылар.

B) қатқыл қанаттылар.

C) қос қанаттылар.

D) жартылай жарғақ қанаттылар.

E) жарғаққанаттылар.

5. Қан ұйымайтын ауру

A) Менингит.

B) Гастрит.

C) Гемофилия.

D) Дальгонизм.

E) Мешел.

6. Адамның тамақтан улану белгілеріне жатпайтынын анықтаңыз:

A) Іші ауырады.

B) Іші өтеді.

C) Әлсізденеді.

D) Жүрегі айниды.

E) Қуаты көтеріледі.

7. Ағзадағы күрделі биологиялық сүзгіш:

A) Ішек.

B) Асқазан.

C) Өкпе.

D) Бүйрек.

E) Бауыр.

8. Моносахаридтерге жататын:

A) Сүт қанты

B) Гликоген

C) Ақуыз

D) Глюкоза

E) Крахмал

9. Фосфор қышқылының жасушадағы ролі (қызметі)

A) Көмірсулар құрамына кіреді.

B) Липидтердің құрамына кіреді.

C) Лизосоманың компоненті.

D) Аминқышқылдарының құрамына кіреді.

E) Нуклеотидтердің құрамына кіреді.

10. Тамырдың сору бөлімінің орналасуы :

A) Өткізгіш аймақтан жоғары.

B) Өсу аймағының үстінде.

C) Тамыр оймақшасаның астында.

D) Бөліну аймағынан кейін.

E) Өсу аймағының астында.

11. Орманның төменгі қабатында өсетіндер-

A) Ылғал сүйгіштер.

B) Жарықсүйгіштер.

C) Көлеңкеге төзімділер.

D) Суыққа төзімділер.

E) Жылу сүйгіштер.

12. Тамырында түйнек бактериялары түзіліп, топырақты азотпен байытатын өсімдік тұқымдасы:

A) алқа

B) лалагүл

C) бұршақ

D) астық

E) күрделі

13. Қан мен теріге зақым келтіретін:

A) Ішекқұрт.

B) Суыртқы.

C) Қылқұрт.

D) Миқұрт.

E) Үшкірқұрт.

14. Қабыршақтылар отрядына жататындар:

A) орта азиялық тасбақа

B) тритондар

C) кесіртке

D) аллигатор-қолтырауын

E) жайынауыз

15. Қалқанша безінің қызметі күшейсе:

A) жүректің жиырылуы жиілеп, қан қысымы, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады.

B) көбею жүйесінің өсуі.

C) дене температурасы жоғарылап, глюкоза деңгейі артады.

D) жүректің соғу ритмі баяулайды.

E) көмірсулар, ақуыз, май алмасуы бұзылады.

16. Жүйке ұлпасының қызметі:

A) қозу және жиырылу

B) тек қана жиырылу

C) қозу және өткізу

D) тек қана өткізу

E) жиырылу және өткізу

17. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:

A) бронхит

B) тұмау

C) ларингит

D) туберкулез

E) трахеит

18. Қысқы тыныштық қалпына көшкен өсімдіктер ұлпасының ерекшелігі:

A) зат алмасуы өте баяулайды.

B) зат алмасуының қарқыны артады.

C) құрамында су көп болады.

D) көмірсулар қоры азаяды.

E) тыныс алу жиілейді.

19. Жер бетінен жоғары озон қабатының түзілуі-

A) темір кенінен.

B) марганец кенінен.

C) фосфориттерден.

D) молекулярлы оттегінен.

E) күкірттен.

20. Су астында риф жартастарын түзетін ішекқуысты:

A) Гидра.

B) Көпаяқты маржан.

C) Полип аурелия.

D) Актиния.

E) Медуза.

21. Көз алмасының қасаң қабықшасы

A) зақымданудан қорғайды.

B) қанмен қамтамасыз етеді.

C) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.

D) жарық сәулесін еркін өткізеді.

E) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.

22. Гомологиялық хромосоманың мейоздық бөлінуі кезінде бір-бірімен тығыз жанасуы ... деп аталады.

A) кроссинговер

B) партеногенез

C) трансляция

D) транскрипция

E) конъюгациялану

23. Бір қабатты іші қуыс ұрық

A) зигота

B) нейрула

C) онтогенез

D) бластула

E) гаструла

24. Жүгері, талшықты мақта, асқабақ, үрмебұршақтың отаны

A) Шығыс Aзия орталығы.

B) Жерорта теңізі орталығы.

C) Оңтүстік Батыс Aзия орталығы.

D) Оңтүстік Aзияның тропиктік орталығы.

E) Орталық Aмерика орталығы.

25. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуы:

A) Конвергенция.

B) Идиоадаптация.

C) Жалпы дегенерация.

D) Ароморфоз.

E) Дивергенция.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]