Биология
1. Гүлтабан дегеніміз - A) гүлдің ең жіңішке бөлімі. B) күлтені құрайтын ішкі жапырақшалар. C) гүлдің негізгі бөлімі. D) гүл сағағының кеңейген жері. E) тостағаншаны құрайтын сыртқы жапырақшалар. |
2. Дәрі-дәрмек алу үшін өсіретін саңырауқұлақ A) қастауыш. B) қаракүйе. C) пеницилл. D) ашытқы. E) мукор. |
3. Құрттар денесінің қабаты: A) үш B) көп C) бір D) төрт E) екі |
4. Сүтқоректілердің паразиті: A) Балара. B) Бүрге. C) Қаракүйе. D) Құмырсқа. E) Шегіртке. |
5. Менингит ... қабынуы. A) бауырдың B) жүректің C) ми қабығының D) өкпенің E) ас қорыту жүйесінің |
6. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы: A) Кеңірдекте. B) Ауатамырда. C) Өкпе көпіршігінде. D) Мұрын қуысында. E) Өкпеде. |
7. Лизосоманың қызметі: A) нуклеин қышқылын синтездейді. B) әртүрлі өнімдердің ыдырайтын орны. C) жасушаның тыныс алуына қатысады. D) фотосинтезге қатысады. E) эукариотты жасушаларда генетикалық материалды сақтайды. |
8. Генетикалық зерттеу әдістеріне жатпайтыны: A) салыстырмалы анатомиялық B) цитогенетикалық C) гибридологиялық D) генеологиялық E) егіздік |
9. Адамда құйрықтың болуын, денені қалын түк басуын және қосымша емшектің болуы аталады. A) Рудимент. B) Еңбек. C) Популяция. D) Атавизм. E) Түр. |
10. Күрделі жапырақты өсімдік - A) қайың. B) қараған. C) емен. D) бөртегүл. E) қалақай. |
11. Шегетін темекіде улы заттардың көп кездесетін жері: A) Жемісінде. B) Тамырында. C) Сабағында. D) Жапырағында. E) Гүлінде. |
12. Қан соратын жарқанаттар қайда тіршілік етеді? A) Африкада. B) Кубада. C) Үндіқытайда. D) Қазақстанда. E) Оңтүстік Америкада. |
13. Жасушада заттардың түзілу, ыдырау процестері: A) Тітіркену. B) Зат алмасу. C) Биологиялық түзілу D) Қозу. E) Көбею. |
14. Ағзаның иммунитет жүйесін құрайтын қан компоненті: A) Гемоглобин. B) Тромбоцит. C) Фибриноген. D) Эритроцит. E) Лейкоцит. |
15. Қарынның соңғы бөлімі A) Тоқ ішек. B) Аш ішек. C) Бауыр. D) Соқыр ішек. E) Ұлтабар (он екі елі ішек). |
16. Бүйрек жұмысына қауіпті: A) Алкоголь. B) Фермент. C) Пепсин. D) Несеп. E) Ақуыз. |
17. Егер аналықта 12 хромосома болғанда мейоздық бөліну кезеңінен соң жасушадағы хромосома жиынтығы: A) 18 B) 4 C) 12 D) 24 E) 6 |
18. Ағзаның тіршілік ету қабілетін төмендететін фактор: A) Шектеуші. B) Антропогендік. C) Экологиялық. D) Абиотикалық. E) Биотикалық. |
19. Ғаламшардағы биосфераның тіршілік иелерінде көбірек кездеседі: A) Оттегі, күкірт, фосфор. B) Көміртегі, азот, натрий. C) Көміртегі, азот, кальций, калий. D) Сутегі, көміртегі, азот, оттегі. E) Сутегі, көміртегі, мырыш, кальций. |
20. Тұқымы жел арқылы таралады A) Қамыс B) Қоға C) Тұңғиық D) Қайың E) Алхоры |
21. Тұқымның қауызы толық зақымданса, өсімдік: A) Кеуіп қалады. B) Шіріп кетеді. C) Тез өседі. D) Баяу өседі. E) Ылғалды сіңіреді. |
22. Қанның сарысуымен қоректенеді A) Құртамыш B) Лейшмания C) Трипаносома D) Лямблея E) Сәулелілер |
23. Жарық қабылдайтын жасушалардың орналасуы: A) Қасаң қабықшада. B) Көз бұршағында. C) Тор қабықша ішіндегі таяқшалар. D) Тамырлы қабықшада. E) Шыны тәрізді денеде. |
24. Биосинтез процесінде не жүреді? A) Органикалық заттардың тотығып, энергияның бөлінуі. B) Органикалық заттар ыдырап, энергия босайды. C) Жасушада қарапайым заттардан күрделі органикалық заттардың түзілуі. D) Жасушаға органикалық заттар енеді. E) Көмірқышқыл газ, су, аммиак түзіледі. |
25. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс A) ароморфоз. B) дивергенция. C) конвергенция. D) дегенерация. E) идиоадаптация.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
