ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2033 - НҰСҚА
2013
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. A) Э,е,ү,о. B) Ү,у,е,о. C) Ә,ү,ы,э. D) А,ә,и,і. E) Ы,ұ,и,і. |
2. Қатаң дауыссыздарды белгілеңіз. A) Ф, п, а, о, ы. B) Ә, ы, і, у, й. C) Р, л, м, н, ң. D) К, қ, т, с, ш. E) Б, в, г, ғ, д. |
3. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз. A) А, Ы. B) О, Ө. C) Е, И. D) О, Ы. E) У, І. |
4. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз. A) Грамми. B) Граммы. C) Грамі. D) Граммі. E) Грамы. |
5. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есімді табыңыз. A) «қыз Жібек» фильмі. B) тянь-шянь тауы. C) «Қыз Жібек» фильмі. D) «қыз жібек» фильмі. E) «Қыз жібек» фильмі. |
6. Сілтеу есімдігін табыңыз. A) Біреу. B) Күллі. C) Мынау. D) Ештеңе. E) Менен. |
7. Дыбыстық еліктеуіш сөзді анықтаңыз. A) Тыржың. B) Қиқаң. C) Тырс. D) Далаң. E) Бүгжең. |
8. Сабақ дайындау. Байланысу тәсілін табыңыз. A) Орын тәртібі. B) Шылау. C) Көптік жалғау. D) Барыс септік жалғауы. E) Табыс септік жалғауы. |
9. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз. A) Көрмес түйені - де көрмес. B) Көрмес - түйені де көрмес. C) Көрмес - түйені де - көрмес. D) Көрмес түйені де - көрмес. E) Көрмес түйені де көрмес. |
10. Сын есімнен болған синонимді табыңыз. A) Шапшаң, тез. B) Келбет, пішін. C) Ажар, көрік. D) Өң, түр, түс. E) Қарулы, қажырлы. |
11. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз. A) Асан жақсы оқиды. B) Жақсы – ісімен жақсы. C) Анасының көңіл-күйі жақсы. D) Жақсы бала жеткізеді мұратқа. E) Жақсыға көңілің тояды. |
12. Ортақ етісті табыңыз. A) Жиналды, шешілді, тазаланды. B) Жазысты, айтысты, келісті. C) Тарандым, жуындың, киінді. D) Сөйлетті, жазғызды, айттырды. E) Алдыртты, келтірді, көндірді. |
13. Күрделі үстеуді табыңыз. A) Бұрын. B) Тез. C) Жорта. D) Ендігәрі. E) Төмен. |
14. Көмектес септігімен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз. A) Бірге. B) Әдейі. C) Шейін. D) Сияқты. E) Онша. |
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Қазақ музыкасы өркендеуде. B) Көп адам келді. C) Баяғы заман жоқ. D) Бос белбеу жігіт. E) Жас жүрек. |
16. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) Ананың тілі, махаббаты, тілегі - тіл жетпес теңіз. B) Шоқан, қалқам, бері келші. C) Білім - адамның қанаты. D) Апасы, атасы, анасы - бәрі елде. E) Көрмеге суреттер, тас мүсіндер қойылды. |
17. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. A) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, ерте жатып қалды. B) Қазір бөгелген түйіні, қалаған тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады. C) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз. D) Ер мойнында қыл арқан шірімес. E) Әңгімені бастау үшін Ержанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. |
18. Қыстырма сөзді табыңыз. A) Несін айтасың, бұл ат-осы колхоздың атақты жүйрігі. B) Ойпырмай, тыныштық па? C) Еңбекті сүйіңдер, дос болыңдар. D) Мен оны «ә» дегеннен таныдым. E) Сәуле, үйіңе бар. |
19. Ата заңымыз қай стильге жатады, белгілеңіз. A) Ғылыми. B) Ресми. C) Публицистика. D) Көркем әдебиет. E) Ауызекі. |
20. Мақалды табыңыз. A) Пішуіне қарай тігісі. B) Үндемеген ит қабар. C) Алтын алма, алғыс ал. D) Ит ашуын тырнадан алады. E) Құс аяған көкке қарар. |
21. Мақалдардан антонимді табыңыз. A) Еңбек түбі-береке, береке түбі-мереке. B) Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын. C) Білімдінің күні жарық. D) Білекті бірді жығады. E) Досы көппен сыйлас. |
22. Қосымшалы қос сөзді табыңыз. A) Ұзын-қысқа. B) Бұрқ-бұрқ. C) Бала-шағаны. D) Ұн-мұн. E) Мінез-құлық. |
23. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз. Бір шымшым … A) бұлт B) су C) ет D) нан E) тұз |
24. Сөйлем түрін анықтаңыз. Бұрын сыныпта, балалар арасында, өзін өзгеше биік санайтын оның осы арада бірінші рет сағы сынды. A) Атаулы. B) Жалаң. C) Жақсыз. D) Құрмалас. E) Жақты. |
25. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. A) Оспан деген – әдепті бала. B) Ол ештеңе дей алмады. C) ’’Абай жолы’’романы – құнды шығарма. D) Ақ көңіл Ақаң ’’баланың’’сырғытпасын сезген жоқ. E) –Енді не істемекшісің?– деді ана.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Ең көне тас құралдар табылды A) Шығыс Қазақстаннан. B) Оңтүстік Қазақстаннан. C) Батыс Қазақстаннан. D) Орталық Қазақстаннан. E) Жетісудан. |
2. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы: A) Адай. B) Қаңлы. C) Керей. D) Дулат. E) Үйсін. |
3. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген A) Барақ сұлтан. B) Әбілпайыз. C) Нәдір шах. D) Қайып хан. E) Әбілмәмбет. |
4. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар A) Орыс шенеуніктер B) Батырлар C) Тек сұлтандар D) Халық E) Билер |
5. 1812 жылы Отан соғысының басты оқиғаларына белсене қатысқан шоқынған қазақ A) Жанжігітұлы B) Я.Беляков C) Майлыбайұлы D) Байбатырұлы E) Шуашбайұлы |
6. ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналысты: A) Қазақтардың жерін тартып алумен B) Патшаның сауда саясатын жүргізумен C) Патша реформасын жүзеге асырумен D) Салық жинаумен E) Зерттеу жұмысымен |
7. 1907-1912жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылған адамдардың саны. A) 3 млн 900 мың. B) 2 млн 400 мың. C) 1 млн. D) 1 млн 200 мың. E) 4 млн. |
8. 1918 жылғы наурыздың 21-і мен сәуірдің 3-і аралығында Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болған қала: A) Ташкент. B) Қызылорда. C) Алматы. D) Семей. E) Орынбор. |
9. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ A) Ж.Аймауытов B) С.Сейфуллин C) Қ.Мырзалиев D) Ш.Құдайбердиев E) М.Әуезов |
10. Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастаған уақыты A) б.з. ІІ ғасыры B) б.з. У ғасыры C) б.з.б.УІІ ғасыр D) б.з.д. ІІ ғасыр E) б.з.б 2 мың жылдық |
11. Белгілі ғалым, “Әлемнің екінші ұстазы” Әл Фараби өмір сүрді: A) 870-970 жылдары B) 1011-1025 жылдары C) 870-960 жылдары D) 970-1010 жылдары E) 870-950 жылдары |
12. Әбілқайыр билік құрған уақыт: A) 1438-1478 жж B) 1428-1468 жж C) 1448-1488 жж D) 1418-1458 жж E) 1458-1498 жж |
13. Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орынына уақытша аталған тайпалар: A) Дулаттар B) Қыпшақтар C) Керейлер D) Наймандар E) Маңғыттар |
14. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз: A) «Сағыныш» B) «Қамбар батыр» C) «Ер Қосай» D) «Ер Тарғын» E) «Ескендір» |
15. Исатай ќай шайќаста ќаза тапты: A) Жиделі түбіндегі ұрыста B) Тастөбедегі шайќаста C) Теректіќұмдағы шайќаста D) Жєңгір ордасын ќоршау кезінде E) Аќбұлаќ шайќасында |
16. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі A) Швеция B) Түркия C) Қытай D) Англия E) Франция |
17. Халық дастандарын ел арасында шеберлікпен насихаттаған ұлы ақындардың бірі болған: A) М.Дулатұлы. B) С.Сейфуллин. C) Н.Байғанин. D) Ш.Құдайбердіұлы. E) С.Торайғыров. |
18. Ќазаќстан Орталыќ Атќару Комитеті мен Халыќ Комиссарлары Кеңесінің «Аса ірі бай шаруашылыќтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу жєне жер аудару туралы» декреті шыќќан жыл: A) 1927 B) 1925 C) 1926 D) 1929 E) 1928 |
19. 1947 жылы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында болды: A) 400 депутат. B) 300 депутат. C) 500 депутат. D) 450 депутат. E) 350 депутат. |
20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: A) б.з.б. ІV ғасырдың соңы B) б.з.б. VІІ ғасыр C) б.з.б. ІІ ғ.ортасы D) б.з.б. IІІ ғ.басы E) б.з.б. VІ ғасыр |
21. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: A) "Бадап әл-уәкәй". B) "Диуани хикмат". C) "Диван лұғат ат-түрік". D) "Жамиғат тауарих". E) "Тарихи рашиди". |
22. Ханды қорғап жүретін,өзі елінен іріктеп алған жасағы: A) Батырлар B) Бектер C) Төлеңгіттер D) Уәзірлер E) Басқақтар |
23. 1595ж. Тәуекел ханға келген орыс елшілігін басқарған: A) Осипов B) Федоров C) Аталықов D) Степанов E) Тевкелеев |
24. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: A) Р.Қошқарбаев. B) Б.Момышұлы. C) Т.Бигелдинов. D) Қ.Қайсенов. E) Т.Тоқтаров. |
25. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: A) О.Сүлейменов, Б.Тайжанов B) А.Қадыржанов, Б.Тайжанов C) У.М.Ахмедсафин, Ғ.Мүсірепов D) О.Сүлейменов, М.А.Айтхожин E) А.Қонаев, Х.Алтай
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
