Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ознакомительная практика ВТ-О.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.18 Кб
Скачать

Оқушының міндеттері

  • Мекеменің жұмыс тәртібін сақтауға;

  • жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;

  • белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге, оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;

  • тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен оқу орнына жазбаша түрде есеп беруге.

Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін)

Бағдарламада көрсетілген пән бойынша тақырыптық жоспар және жұмыс мазмұны үлгілі болып келеді. Сондықтан тәжірибе өтетін мекемедегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет. Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пунктері оқушымен тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн. Бұл жағдай есепте жазбаша орындалмаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталынады. Осы мәселелерге жұмсалған уақытты басқа дәлелденуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында оқушылар орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін мекемемен жүзеге асырылып жатқан әрекеттер сипатына сәйкес түзеткен жөн. Егер де қандай да бір себептермен өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, орны – қаржылық органда, шаруашылық субъектісі белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасы циклдық комиссия отырысында қаралып, мекеменің тәжірибе жетекшілерімен келісіліп (мақұлданып), оқу орнының директорымен немесе оның оқу-ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.

Есеп мазмұны және оны қорғау

Танысу тәжірибенің аяқталуы кезінде оқушы тәжірибе жетекшісіне тәжірибе бағдарламасының орындалғаны туралы есебін ұсынуы қажет. Онда тәжірибешінің атқарған жұмысы көрсетіледі.

Есепте үлгілі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес курстың барлық тақырыптары бойынша барлық тәжірибелік материалдар болуы қажет.

Есепке тәжірибешінің тәжірибе барысындағы атқарған жұмыс құжаттарының көшірмелері тігіледі. Көшірме болмаған жағдайда оқушы өз қолымен жазылған құжаттарын тігеді, бұл жағдайда тәжірибе жетекшісі құжатты дұрыс жазу іскерлігін қадағалауы қажет.

Есепке тігілетін құжаттар:

  • мекеме жетекшісімен бекітілген, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы қойылған (ұйым мөрімен куәландырылған аудиторлық ұйым, мекеме жетекшісінің немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы) тәжірибенің күнтізбелік жоспары;

  • тәжірибенің әр күніне жетекшінің қолы қойылған күнделік-есеп;

  • қосымшалар;

  • қолмен және мөрмен куәландырылған (міндетті түрде) мінездеме.

Мекемедегі тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп бес балдық жүйемен бағалайды.

Тәжірибені аяқталуы кезінде оқушы колледждегі тәжірибе жетекшісіне есебін тексертеді. Тәжірибенің жалпы бағасы есеп қорғалғаннан кейін қойылады. Есепті қорғау кезінде тәжірибе өту деңгейі, оқушылардың теориялық білімді және алған тәжірибелік дағдыны бекіту дәрежесі анықталады. Тәжірибе бағасы оқушының сынақ кітапшасына қойылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

Қорғауға рұқсат

Жетекші – А.Н.Дүйсембекова

«______»____________2015 ж.

___________________________

___________________________

«______»____________2015 ж.

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша

_________________________________________ пәнінен

________________________________________________

ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП