- •2014-2015 Оқу жылы
- •Түсініктеме хат
- •Танысу тәжірибенің мақсаты мен міндеттері, оның кезеңдері
- •Танысу тәжірибесінің тақырыптық бағдарламасы
- •Танысу тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Тәжірибе базалары
- •Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Тәжірибе жетекшісінің міндеттері
- •Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін)
- •Есеп мазмұны және оны қорғау
- •Оқушының міндеттері
- •2014-2015 Оқу жылы
- •1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 2 негізгі вт-о тобының
- •Қосымшалар
Танысу тәжірибенің мақсаты мен міндеттері, оның кезеңдері
Танысу тәжірибесінің мақсаттары
Танысу тәжірибенің мақсаты оқушылардың теориялық білімдерін бекіту және таңдаған мамандықтары бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Танысу тәжірибесінің тақырыптық бағдарламасы
№ |
Бөлім мен тақырыптық аталуы |
Барлық сағат саны |
Тәжірибе өту күндері |
1 |
Колледж мамандықтарының пәнаралық байланысын талдау, әлеуметтік әріптестермен байланыс |
6 |
1 |
2 |
Мамандық бойынша мекемелерге саяхат |
12 |
2 |
3 |
Техника қауіпсіздігі |
6 |
1 |
4 |
Дербес компьютер: аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру. Операциялық жүйелердің рөлі, ункциялары және түрлері |
12 |
2 |
5 |
Ақпараттың ДК-де берілуі |
12 |
2 |
6 |
Мәтіндік редакторлардың жұмысы мен оларға талдау (Блокнот, WordPad, MS Word). Кестелерді MS Word және MS Excel арқылы құру және талдау. |
24 |
4 |
7 |
Алгоритм және бағдарлама ұғымы. Есептерді шешу. Блок-схемалар құру. |
12 |
2 |
8 |
Танысу тәжірибесінің есебі презентация түрінде (PowerPoint және басқа да бағдарламалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып) |
24 |
4 |
|
Барлығы |
108 |
18 |
Танысу тәжірибенің ұйымдастырылуы
Танысу тәжірибесін оқушылар ұйымдарда екі аптаның ішінде өтеді. Танысу тәжірибесі барысында оқушылар танысу тәжірибесінің тақырыптық жоспарымен келісілген ұйымның материалды-техникалық базасымен, мамандықтардың пәнаралық байланысынмен, әлеуметтік әріптестермен, техника қауіпсіздігімен танысады.
Тәжірибе базалары
Мамандық бойынша тәжірибе базасын таңдауда есепке алу керек:
Тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
Тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуы.
Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
Тәжірибе бағдарламасын ұйымдастыру және орындау жауапкершілігін тәжірибе жетекшісі артады. Бағдарламаның жеке курсы мен бөлімдері бойынша оқушылар тәжірибесіне жетекшілік ету бөлім басшыларымен, жетекші мамандармен жүзеге асырылады. Тәжірибенің бірінші күні оқушы ұжыммен, тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып тәжірибе өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастырады, бөліммен атқарылатын барлық жұмыс түрлерімен танысады.
Жоспарда жұмыс орындары, жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бекітілгеннен кейін екі данада шығарылып, бір данасы оқу орнында, ал екіншісі тәжірибеші жұмысы үшін қалдырылады.
Тәжірибе жетекшісінің міндеттері
Мекеме тәжірибешілерді жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді. Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:
әр жұмыс орнында білікті мамандар арасынан жетекшілерді таңдау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;
оқушыларды жұмыс орындары бойынша бөлу;
оқушының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;
оқушы-тәжірибешінің қызмет тәртібіне, өндірістік тәжірибе жоспарын орындау қатынасына қойылатын талаптарды орындау;
тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір құрастыру. Сын-пікірде оқушының тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы, еңбек тәртібі, өндірістік дағдыны игеруі белгіленеді.
Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында оқушы инструктажын жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауына тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.
