Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pitanie_zhauap_20.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.37 Кб
Скачать

15.Ақтөбе қаласының мсэқб сараптамасына бұрынғы «Вино» дүкенінің жобасын, 20 отыратын орынымен «Чебуреки» тіскебасарына қайта құру ұсынылған.

1.Бұл жерде қайта құруға б/ты ескертпелі санит/қ қадағалау жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 қаулысымен  бекiтiлген  «Қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» б/ша қоғамдық тамақтану кәсіпорнына қойылатын санитарлық-гигиеналық қағидалар: құрылыс салуға жер учаскесін таңдау,жобалау,салу,қайта жаңарту, қайта жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру ж/е желдетуді ұйымдастыру, үй-жайларды, жабдықтарды ұстау, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау ж/е өткізу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпид/қ талаптарды белгілейді.

Тамақтану объектілерін салуға жер учаскесін таңдау,жобалау реконструкциялау ж/е қайта жабдықтау сан-эпид қорытынды болған жағдайда жол беріледі.Мына жағдайда жол берілмейді:1)бұрын олар мал қорымдары,уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған,органикалық ж/е химиялық қалдықтармен ластанған жағдайда

2)радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған жағдайда

3)жер учаскесінде күйдіргі ауруы б/ша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналастырылған жағдайда

4)өнеркәсіптік ж/е азаматтық мақсаттағы обьектілерден санитарлық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ж/е су басуы ықтимал аймақтарда

5)сумен жабдықтау көздері 1 санитариялық қорғау аймағында орналасқан жағдайда.

Тамақтану обьектілерін жеке тұрған ж/е жапсарлас салынған ғимараттарда,сондай-ақ тұрғын ж/е қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған үй-жайларда,сондай-ақ ғимараттардың бірінші,жертөле ж/е цокольды қабаттарында орналастыруға жол беріледі.Жалпыға бірдей қолжетімді тамақтану обьектілерін тұрғын үй,қоғамдық н/е өндірістік ғимараттардың ішіне салуға н/е жапсарлас салуға тамақтану обьектісінің ж/е ол ішіне салынып жатқан ғимараттың барлық функционалдық сипаттамаларын сақтау арқылы қажетті сан-эпид талаптарды сақтаған жағдайда жол беріледі.

Тамақтану обьектілерінің аумағы абаттандырылады,таза ұсталады.Аумақта арнайы бөлінген жерде,үш жағынан да тұтас қабырғамен қоршалған,су өткізбейтін жабыны бар,қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған алаң қарастырылады.Қоқыстар мен тамақ қалдықтары контейнерлердің толу шамасына қарай шығарылады,соңынан контейнерлер өңделеді ж/е дезинфекцияланады.Кіретін жолдар мен жаяу жүргінші жолдары атмосфералық жауын-шашын сулары суағарларға ағатындай етіп қатты жабыннан жасалады.Тамақтану обьектісінің аумағын жинау күнделікті жүргізіледі,жылы кезде су себіледі,ал қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады. Және де орталықтандырылған ыстық ж/е суық сумен жабдықталады.Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда,ішкі су құбыры ж/е су бұру құрылғысымен жергілікті су көзінен алынатын суды пайдалануға жол беріледі.

3.Бұл кәсіпорынды Чебуречный ретінде қайта құруға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]