- •Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде
- •Есеп № 2.Емдік массаж мекемесінің жоспарымен танысқанда
- •Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
- •Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
- •Есеп № 6. Аудандық әкімшілік 1000 тұрғыны бар «а» тұрғылықты пунктінде,
- •Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
- •Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
- •Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
- •Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
- •Есеп № 12 р. Поселкасындағы шахталық құдықтың суынан
- •Есеп № 13 в. Аудандық орталығында жұқпалы аурулар
- •Есеп № 14 д поселкасындағы ашық су көздерінен алынған
- •Қр дсм 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» туралы СанНжЕ.
- •Есеп № 17 Микрорайондағы үйлердің ауласына қоқыстар
- •Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:
- •Есеп № 22. 120 кереуеттік аурухана жобасын қарағанда емдеу
- •Есеп № 23 Ашық су көздерінен алынған судың лабораториялық анализі:
- •Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
- •Есеп № 29 3700 тұрғынға арналған канализацияланбаған
- •Есеп № 30 Аурухана палатасында 5 адам бар.
Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
Құрғақ қалдық – 590 мг/л
Хлоридтер – 200 мг/л
Сульфаттар – 72 мг/л
Фтор – 0,4 мг/л
Нитраттар – 1 мг/л
Ұңғыма - жерасты суларын жер бетiне шығаруға арналған құрылғы; Ұңғыманың құрылымы судың дебиттерiн өлшеу, сынамалар алу және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Ұңғыма басының (жердiң үстiндегi бөлiгi) құрылымы ластануларды және беткi судың ұңғымадағы құбыр аралық және құбыр сыртындағы кеңiстiгiне енуiн болдырмайтын толық саңылаусыздықты қамтамасыз етуге тиiс. Iргелес жатқан аумақта ұңғыманың санитариялық қорғаныш аймағы көзделедi және жерасты суларын ластанудан қорғау жөнiнде шаралар жүргiзiледi. Құбырлық құдықтарды орнату үшiн үстiнен су өткiзбейтiн жыныстармен қорғалған су жиектерi пайдаланылады. Құбырлық құдықтың басы жер бетiнен 0,8-1,0 м-ге жоғары болуға, саңылаусыз жабылуға, қаптамасы және шелектi iлiп қою үшiн iлмекпен жабдықталған төгетiн құбыры болуға тиiс.
Судың минералдық құрамына: судың токсикологиялық, эпидемиялық және органолептикалық көрсеткіштері жатады. Токсикологиялық көрсеткіш химиялық құрамын анықтайды. Оған нитраттар, фтор, молибден, мышьяк және қорғасынның нормалары жатады. Ал органолептикалық көрсеткіш құрғақ қалдық, сутек көрсеткіші, темір, жалпы кермектілігі, сульфат, хлорид, мырыш т.б. нормалары. Нитраттар – жер беті суларында оның концентрациясы 10 мг/л аспайды. ШРЭК 45мг/л. Фтор – өзіне тән иісі бар газ. Химиялық белсенділігі өте жоғары. Ауыз су құрамында фтордың мөлшері 0 – 20 мг/л. Ал фтордың нормативі орташа есеппен – 0,7 – 1,5 мг/л. Судың құрамындағы фтор мөлшеріне б/ты қозатын екі ауруды айтуға б/ы: кариес фтордың жеткіліксіздігі, флюороз фтордың көптігі. Фтордың нормативі климаттық аудандарда әртүрлі: 1-2 климаттық ауд/да – 1,5 мг/л, ал 3 – климаттық ауд/ды – 1,2 мг/л. Сульфаттар – халықаралық стандарт б/ша ауыз судағы мөлшері 250 мг/л, ал СанПиН б/ша – 500 мг/л. Егер 750 мг/л асқанда мөлшері онда судың іш өткізетін әсері болады. Ал 500 мг/л асса мөлшері онда суда ащы тұзды дәм болады. Құрғақ қалдық – судың тұзды құрамының жиынтығы. Құрғақ қалдық бір литр судағы еріген тұздардың көлемі. Құрғақ қалдық судың минерализациялануының дәрежесін көрсетеді. Судағы құрғақ қалдық 1000 мг/л дейін б/са, ол су қарапайым, ал 1000 мг/л көп б/са минералданған д.а. Бұл көрсеткіштің гиг/қ маңызы бұл: егер суда минер/қ тұздар мөлшері көп б/са онда бұл су ішуге жарамсыз, себебі оның тұзды н/е ащы тұзды дәмі б/ы; ж/е тұз құрамына б/ты тұтынған су ағзаның физиологиялық тұрғыдан қолайсыз ауытқуларына әкелуі мүмкін: шөлді қандыру сезімінің бұзылуына, тіндердің гидрофильділігінің жоғарылауына, асқазан секрециясын өзгертіп, оның моторлы қызметін күшейтеді ж/е ішектер перистальтикасын күшейтеді ж/е т.б.Ауыз судың құрғақ қалдығының мөлшері 1000 мг/л ден аспауы керек. Хлоридтер – біздің елімізде ауыз судағы стандарты – 350 мг/л. Ауыз судың құрғақ қалдығы аурудың себебі болмайды. Хлоридтердің нормадан аз болуында ешқандай әсері байқалмайды. Ал 2,5 мг/л концентрациясы хлоридтердің гипертония ауруын тудырады. Судың құрамындағы фтордың жеткіліксіздігі кариес ауруын тудырады. Яғни 1 мг/л ден 0,1 мг/л ге дейін төмендеуі. Нитраттар нормадан жоғары б/са ағзада токсикалық цианоз тудырады. Гемоглобиннің оттегін тасымалдау қабілеті төмендегендіктен тері қабаты көкшілденеді. Сонымен қатар канцерогендік әсері де анықталды. Ал аз мөлшері нормадан ешқандай ауытқушылық тудырмайды. Тереңдеген сайын судың минералдық құрамы төмендейді. Құрамындағы минералдық заттар азаяды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 554 бұйрығы. "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар".
