- •Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде
- •Есеп № 2.Емдік массаж мекемесінің жоспарымен танысқанда
- •Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
- •Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
- •Есеп № 6. Аудандық әкімшілік 1000 тұрғыны бар «а» тұрғылықты пунктінде,
- •Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
- •Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
- •Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
- •Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
- •Есеп № 12 р. Поселкасындағы шахталық құдықтың суынан
- •Есеп № 13 в. Аудандық орталығында жұқпалы аурулар
- •Есеп № 14 д поселкасындағы ашық су көздерінен алынған
- •Қр дсм 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» туралы СанНжЕ.
- •Есеп № 17 Микрорайондағы үйлердің ауласына қоқыстар
- •Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:
- •Есеп № 22. 120 кереуеттік аурухана жобасын қарағанда емдеу
- •Есеп № 23 Ашық су көздерінен алынған судың лабораториялық анализі:
- •Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
- •Есеп № 29 3700 тұрғынға арналған канализацияланбаған
- •Есеп № 30 Аурухана палатасында 5 адам бар.
Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
1.Көмір қышқыл газы тыныс алу орталығының физиологиялық қоздырғышы болып саналады. Бұл газдың концентрациясының жоғарылауы тыныс алу жиілігін арттырады, әлсіздікке, жүрек соғысының жиілеуіне, ентігуге алып келеді. Мұндай жағдай тек қана тұрғын, өндірістік және оқу бөлмелердің ауасында байқалады және ауа тазалығының санитарлық көрсеткіші б.т. Тұрғын, өндірістік және оқу бөлмелері үшін көмір қышқыл газының мөлшері – 0,1%. Адамның хал күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 – 1,5% болған кезде байқалады. Ағзадағы айқын өзгерістер концен/сы 2-2,5% болғ/да, ал өте айқын өзгерістер 3-4% болған кезде п.б. Бұл есепте 1,75% болып тұр, яғни ол 17,5 н/е 18 есе асып тұр. Адамның хал күйінің нашарлауына алып келеді.
2.ҚР ДСМ 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» ж/е ҚР ДСМ 28 қыркүйектегi 2010 ж. № 767 бұйрығымен бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы СанНжЕ.
3.Бөлмелердің микроклиматының санитарлық нормалары: температура - 19-21°С, салыстырмалы ылғалдылық - 55-62%, ауа қозғалыс жылдамдығы – 0,1 м/с. Сабақ басталар және әр сабақ арасында терезені ашып бөлмені желдету керек. Ал ауа райы қолайлы болғанда терезені ашып қойып сабақты жүргізу керек. Көмір қышқыл газын өсімдіктер өзіне сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Сондықтан бөлмеде өсімдіктердің көп болғаны жақсы. Адам қалыпты жағдайда тыныс алғанда 20-30 л оттегі қабылдайды, ал тыныс шығарғанда 18-25 л көмірқышқыл газын шығарады. Қазіргі кезде ауадағы СО2 азайту үшін сорып шығаратын желдету жүйесіндегі сүзгілерді қолданады. Сүзетін элемент ретінде активтелген көмірді қолданады.
Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
Бір блокта таза және іріңді операциялар жасауға рұқсат берілмейді. Таза және іріңді операцияларды арнайы бөлек операциялық блоктарда жасау керек.
Септикалық және асептикалық операциялық блоктар (бөлімшелер) ішкі үй-жайларды қатаң түрде аймақтай отырып (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, «лас» үй-жайлар аймағы) оқшауланған ғимаратта, ғимараттың жапсарлас блогында немесе оқшауланған секцияларында орналастырылады. Операциялық блоктар (бөлімшелер) әрі-бері өтетін жол болмауы тиіс. Операциялық блокқа персоналдың кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, ал науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: науқастарға арналған гардеробы, ваннасы, себезгісі, дәретханасы бар санитариялық өткізгіш; персоналға арналған санитариялық өткізгіш, бір төсекке арналған боксталған палата, емшара, дәрігер кабинеті, буфет, стерилді материалды сақтауға арналған үй-жай. Бір науқасқа арналған боксталған палатаға бокс алдындағы бөлме, дәретханасы, жуынатын раковинасы, ваннасы және себезгісі бар палата кіреді. Бокс алдындағы бөлмеде персоналға арналған жуынатын раковина орнатылады. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштерде (әйелдер мен ерлерге арналған) үш-үштен көршілес үй-жай болуы тиіс. Бірінші үй-жайда себезгі, санитариялық торап және антисептик ерітіндісі бар дозатор көзделеді, екінші және үшінші персоналдың киінуіне және қолданылған киім-кешекті жинауға арналады. Себезгі бөлмелер 2-4 операциялық блокқа 1 кабина есебінен жобаланады. Операциялық блоктың (бөлімшенің) сәулет-жоспарлау шешімі мынадай үш бөлек ағынның қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс: «стерильді» (хирургтар мен операциялық мейірбикелер), «таза» (науқасты жеткізу, анестезиологтардың, кіші және техникалық персоналдың, таза киім-кешектің, дәрі-дәрмектердің өтуі), «лас» (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған төсек әбзелдерін, таңу материалын шығару). Операция жасайтын блок хирургиялық бөлімшенің қалған үй жайларынан бактерия жоятын ультракүлгін сәулесінің көзімен жабдықталған тамбурмен бөлініп тұруы керек. Операция жасайтын блок есігі тұрақты жабық тұруға тиіс. Операция жасайтын блок бактерицидті сәуле көзі бар шаммен ж/е ауаның шығуынан келуі басым болатын желдеткіш жүйесімен жабдықталуы керек. Таза ж/е іріңді операцияға арналған операциялық блоктар бөлек б.к. Осы талаптарды орындауға жағдай болмаса, іріңді операцияларды арнайы бөлінген күндері жүргізеді, соңынан операциялық блок пен барлық жабдықтарды залалсыздандырудан өткізеді. Хирургтар, операциялық медбикелер ж/е операцияға қатысатын басқа адамдар операцияның алдында себезгі қабылдап, таза санит/қ киімдер киюлері к/к. Операц/қ блокқа кірер алдында қолжарын залалсыздандырып, стерилденген халат, қолғап, бахила және бет перде киеді. Ауру операция блогына бөлімшенің арбасымен әкелініп, операция блогының алдында ол операция блогының арбасына ауыстырады, сол арбамен операция үстеліне әкеледі. Операция блогына кіргізілетін ж/е алып келінетін барлық құралдар, аппараттар ж/е т.б. да заттар, кірер алдында залалсыздандырғыш ерітінді сіңірілген шүберекпен сүртіледі. Стерильденген құрал саймандарға арналған үстелдің үстіне стерильденген жайма жабдықталады, оның үстіне стерильд/н құрал сайман/ды қойып, бетін стерильд/н жаймамен жабдықталады. Операция кезінде қолдан/н таңғыш заттар мен құрал саймандар арнайы бөлінген сыйымдылықтарға салынады. Оп/я залында оп/я кезінде қолжанылмайтын зат/ды сақтауға рұқсат етілмейді.
№533 23 шілде 2010 ж. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ж/е СанНжЕ.
