Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kom_zhauap_30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.72 Кб
Скачать

Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде

  1. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ҚР ДСМ 28 шілде 2010 ж. № 555 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектiлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және ҚР ДСМ 24 наурыз 2004 ж. №137 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендер аумағын күтіп ұстауға қойылатын санит/қ эпид/қ талаптар» туралы СанНжЕ сәйкес келмейді.

  2. Полигондар өндірістік қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және көму үшін арналған табиғи қорғалатын нысандар болып табылады. ҚТҚ полигонына тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың, сауда кәсiпорындарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының қалдықтары, бақ-саябақтардың сыпырындысы, құрылыстық қоқсықтар және өнеркәсiптiк қалдықтардың қатты түрлерi, сондай-ақ тәжiрибелiк әдiспен анықталған қауiпсiз қалдықтар қабылданады. Қатты тұрмыстық қалдықтармен бiрге жинауға жiберiлетiн өндiрiстiк қалдықтардың ылғалдылығы 85% аспауы керек. Қалдықтар жарылыс тудырмайтындай, өз бетiмен жанатындай болмауы тиiс. Сұйық және қою қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды. Полигонды жазық жерде орналастырған дұрыс. Полигондарды сайлар мен жыраларға орналастыруға болады, олардың әрбiр бөлiктерiн тереңдiгi жағынан жоспарлау керек. Жылына 1000 тонна қалдық қабылдайтын полигон учаскесiнiң ауданы 0,02-0,05 гектар болып, пайдалану мерзiмi 20 жылға есептелуi керек. Полигонның шекарасынан тұрғын үйлердiң шекарасына дейiнгi арақашықтығы 500 м кем болмау керек. Санитарлық-қорғаныс аумақтың ең аз дегенде 50% көгалдандырылуы керек. Тұрғын үй-жайлар орналасқан аумақ жағынан ұзындығы 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсiмдiктер отырғызылуы керек. Шаруашылық аймақта өндiрiстiк-тұрмыстық ғимараттар, гараждар, механизмдер мен машиналарға арналған төбесi жабық алаңдар қарастырылуы керек. Қызметкерлердi керектi мөлшерде ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз ететiн көз қарастырылып, олардың тамақ iшетiн бөлмесi және дәретхана қарастырылуы керек. Шаруашылық аумақтың алаңдары бетондалып немесе асфальттанады. Жарық берiлiп, қоршауға алынады. ҚТҚ-ның контейнерлердiң жуатын алаң шаруашылық аумағынан тыс жерде орналасуы тиiс, ол жерде жуу бөлiмшесi қарастырылып, оған суық су әкелiнуi тиiс. Таза және лас контейнерлердi таситын, сондай-ақ полигонға қоқыс әкелетiн жолдар бiрiмен-бiрi қиылыспауы тиiс. Құбыр арқылы келетiн су жоқ болғанда контейнерлердi жуу, сырттағы ауаның температурасы плюс 5 град. С-ден жоғары болғанда, су себетiн көлiк арқылы жүргiзiледi. Полигоннан шыға берiсте зарарсыздандырғыш қондырғы - қоқсық жинағыштардың дөңгелектерiн зарарсыздандыратын ұзындығы кем дегенде 8 м, енi 3 м, тереңдiгi 0,3 м болатын бетондалған ванна қарастырылуы керек. Полигонның барлық ауласының периметрi бойынша жеңiл қоршау жүргiзiледi. Оны тереңдiгi 2 м астын құрғататын траншея немесе биiктiгi 2 м аспайтын топырақ үйiндiлерi алмастыра алады. Шаруашылық-тұрмыстық ғимараттың алдына шлагбаум орналастырылады. Түнде полигонның ауласы жарықтандырылуы керек. Жарықтануы 5 люкстен кем болмауы керек. Полигонда қорытынды дезинфекция жасайтын ұзындығы 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м бетонды ванна орналастырылу керек. Ванна 3% лизол ерітіндісімен толтырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]