- •1 Turbo pascal тілінің негізгі элементтері
- •1.1. Тіл алфавиті
- •1.2. Айнымалылар, тұрақтылар, стандартты фунщиялар
- •Стандартты функциялар мен қызметші сөздер
- •1.3. Өрнектер және амалдар
- •1.4. Бағдарлама құрылымы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •2. Turbo pascal тілінің негізгі операторлары
- •2.1. Тіл операторлары туралы түсінік
- •2.2. Меншіктеу операторы
- •2.3. Енгізу және шығару операторлары. Енгізу операторы
- •Шығару операторы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •3. Тармақталу командалары
- •3.1. Goto шартсыз операторы
- •3.2. If ... Then ... Else... Шартты операторлары
- •If шарт then 1 -блок else 2-блок;
- •3.3. Тандау командалары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •4. Қайталану командалары
- •4.1. For циклдік операторы(Үшін циклі)
- •Цикл денесі
- •4.2. Циклдік операторы(Әзірше циклі)
- •Шарт Цикл денесі
- •4.3. Repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •4.4. Цикл ішіндегі циклдер
- •4.5. Санақты және шектеулі типтер
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •5. Массивтер
- •Var "массив атауы":array[x1] ofx2;
- •Массивтермен амалдар орындау
- •Массив элементтерімен амалдар орындау
- •5.1. Массив элементтерін ендіру және шығару
- •Массив элементтерін шығару
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •6. Жолдық қатарлар.
- •6.1. Жолдық өрнектермен амалдар.
- •6.2. Жолдық процедуралар мен функциялар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •7. Жиындар.
- •Var жиын аты - Set Of негізгі тип;
- •Var жиын аты:тип аты;
- •Жиын элементтерімен келесі амалдар орындауға болады:
- •8. Жазулар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •9. Көмекші бағдарламалар
- •9.1. Көмекші бағдарламалар және олардың құрылымы
- •Көмекші бағдарлама құрылымы:
- •9.2. Процедуралар
- •9.3. Функциялар
- •9.4. Рекурсиялар
- •9.5. Пайдаланушылар модулін жасау
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •Файлдар Файлдарды сипаттау мысалдары:
- •Файл өңдеудің негізгі процедуралары мен функциялары
- •10.2. Файлдармен жұмыс
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Текстік режимде жұмыс
- •11.1. Crt модулінің процедуралары мен функциялары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Графиктік режимде жұмыс
- •Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
- •12.2. Графиктік фигуралар салу процедуралары
- •Графиктік режимде текст шығару процедуралары
- •Графиктік режимде қателерді өңдеу
- •12.5. Фигураларды жылжыту
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Қосымшалар
- •Turbo pascal терезесінің элементтері.
- •Бағдарламалық текст теру
- •II. Мәзірлер қатары командалары. File (файл) мәзірі.
- •Еdіт(редакциялау) мәзірі
- •Sеаrсн(іздеу) мәзірі
- •Run (орындау) мәзірі.
- •Compile (компиляция) мәзірі
- •Debug (жөндеу) және tools (құралдар) мәзірлері
- •III. Бірден орындалатын файл(ехе-типті) жасау
- •IV. Компиляция кезінде жіберілетін қателер
- •V. Бағдарламаның орындалу кезеңінде жіберілетін қателер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Шығару операторы
WRITE операторы ақпаратты компьютердің жадынан экранға шығару үшін қолданылады. Бұл операторды барлық дерлік бағдарламаларда кездестіруге болады. WRITE операторының жалпы жазылу түрі:
WRITE(P1, P2, РЗ, ...)
мұндағы Р1, Р2, РЗ, ... - кез келген информация, олар айнымалы, өрнек, немесе апострофқа алынған текстік ақпарат болуы мүмкін.
WRITE(A) - экранға А-ның мәні шығады;
Мәндері нақты сандар болатын айнымалыларды шығарғанда, WRITE операторында осы сандардың экранда қандай форматта шығатынын қос нүктелер арқылы жазып көрсетуге болады. Сандардың форматының жалпы жазылу түрі:
WRITE(X:a:в);
мұндағы: a - X айнымалысын экранға шығару үшін берілетін орындардың жалпы саны; в - санның бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны.
Бүтін айнымалыларды шығаруда тек а параметрі ғана қолданылады. Егер а параметрі айнымалының мәнін құрайтын шаманың разрядынан үлкен болса, онда алдымен олардың айырмасына тең бос орын қалдырылып, соңынан айнымалының мәні шығады. Мысалға, Х=1.258 және А=2175 мәндерін экранға шығарайық.
WRITE('X=', X:8:3);
Х=1.258 //Х= сөзінен кейін 3 бос орын және х-тің мәні шығады
WRITE('A=',A:11);
А= 2715 //А= сөзінен кейін 7 бос орын және А- ның мәні шығады
WRITE операторында READ операторындағыдай шығаратын нәтиженің көрнекі болуы үшін LN жалғауын қолдануға болады. Мысалға: WRITELN ('Х=', Х:8:3); операторының орындалу нәтижесінде, Х-тің мәні экранға шығады да, курсор келесі қатарға өтеді. Төменде WRITELN операторымен экранға нәтиже шығару мысалдары берілген.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
Оператор дегеніміз не?
Жай және күрделі операторлар дегеніміз не?
Бос операторлардың қызметі мен орындалуы.
Меншіктеу операторының қызметі мен орындалуы.
WRITE операторы дегеніміз не?
READ операторы дегеніміз не?
LN жалғауы не үшін қолданылады?
READ операторымен айнымалылар қалай енгізіледі?
READLN операторымен айнымалылар қалай енгізіледі?
WRITE операторымен нәтиже экранға қалай шығады?
WRITELN операторымен нәтиже экранға қалай шығады?
Символдық шамалар бағдарламада қалай енгізіледі?
WRITE операторымен сандық шамалар қандай форматтарда шығады?
14.WRITE операторымен ақпаратты шығарудың қандай түрлері бар?
15.Трапеция табандары берілген. Ауданын табу бағдарламасын құрыңыз.
3. Тармақталу командалары
Бағдарламада операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторларды тармақталу командалары дейді. Бұл командалардың көмегімен құрылған бағдарлрманың блок-схемалары тармақ(бұтақ) түрінде болады. Тармақталу командаларына шартсыз GOTO, шартты IF-THEN-ELSE және таңдау CASE операторлары жатады.
3.1. Goto шартсыз операторы
Паскаль бағдарламаларында операторлар бағдарламада жазылу ретімен бірінен соң бірі орындалады. Бірақ көптеген бағдарламаларды құру барысында операторлардың реттеліп орындалу тәртібін бұзуға тура келеді. Мысалы, бағдарламаның бір бөлігін уақытша айналып өтіп, кейін оған қайтып келу керек болады, т.с.с.. Мұндай жағдайларда GOTO шартсыз көшу операторы қолданылады. GOTO операторы бағдарламаның орындалуын өзінде көрсетілген таңбасы бар операторға аударады.
GOTO операторы жай оператор болып табылады, өйткені оның құрамында басқа оператор болмайды, тек қана таңба ретінде қолданылатын белгі болады. Бағдарламадағы кез-келген оператордың алдына таңба қойып, GOTO операторының көмегімен басқаруды осы операторға беруге болады. Ол үшін алдымен бағдарламаның басында LABEL бөлімінде таңбалар сипатталады, сонан соң операторлар бөлімінде бағдарламаның қажетті бөліктерін таңбалауға болады. Таңба ретінде 0-ден 9999-ға дейінгі бүтін сандар мен символдық шамаларды қолдануға болады. Таңбалар белгіленетін операторлармен қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалдар:
Program Tarmak;
Label 5, 10;
BEGIN
GOTO 10; // басқару 10 белгісі бар операторға көшеді.
5:
10: Writeln('X=',X:5:2);
END.
Program Tarmak2;
Label s1,s2;
BEGIN .......................................
GOTO s2; // Бағдарлама орындалуы s2 белгісі бар операторға көшеді.
s1: ……………………
……………………….
s2: Readln(N);
END.
Goto операторының көмегімен аттап кеткен бағдарламаның бөлігіне қайтып келу үшін, ол бөлікті де таңбалап кеткен жөн, әйтпесе бағдарламаның ол бөлігі ешқашан орындалмайды(жоғарыда 5, s1 деп таңбаланған).
