- •1 Turbo pascal тілінің негізгі элементтері
- •1.1. Тіл алфавиті
- •1.2. Айнымалылар, тұрақтылар, стандартты фунщиялар
- •Стандартты функциялар мен қызметші сөздер
- •1.3. Өрнектер және амалдар
- •1.4. Бағдарлама құрылымы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •2. Turbo pascal тілінің негізгі операторлары
- •2.1. Тіл операторлары туралы түсінік
- •2.2. Меншіктеу операторы
- •2.3. Енгізу және шығару операторлары. Енгізу операторы
- •Шығару операторы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •3. Тармақталу командалары
- •3.1. Goto шартсыз операторы
- •3.2. If ... Then ... Else... Шартты операторлары
- •If шарт then 1 -блок else 2-блок;
- •3.3. Тандау командалары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •4. Қайталану командалары
- •4.1. For циклдік операторы(Үшін циклі)
- •Цикл денесі
- •4.2. Циклдік операторы(Әзірше циклі)
- •Шарт Цикл денесі
- •4.3. Repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •4.4. Цикл ішіндегі циклдер
- •4.5. Санақты және шектеулі типтер
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •5. Массивтер
- •Var "массив атауы":array[x1] ofx2;
- •Массивтермен амалдар орындау
- •Массив элементтерімен амалдар орындау
- •5.1. Массив элементтерін ендіру және шығару
- •Массив элементтерін шығару
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •6. Жолдық қатарлар.
- •6.1. Жолдық өрнектермен амалдар.
- •6.2. Жолдық процедуралар мен функциялар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •7. Жиындар.
- •Var жиын аты - Set Of негізгі тип;
- •Var жиын аты:тип аты;
- •Жиын элементтерімен келесі амалдар орындауға болады:
- •8. Жазулар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •9. Көмекші бағдарламалар
- •9.1. Көмекші бағдарламалар және олардың құрылымы
- •Көмекші бағдарлама құрылымы:
- •9.2. Процедуралар
- •9.3. Функциялар
- •9.4. Рекурсиялар
- •9.5. Пайдаланушылар модулін жасау
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •Файлдар Файлдарды сипаттау мысалдары:
- •Файл өңдеудің негізгі процедуралары мен функциялары
- •10.2. Файлдармен жұмыс
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Текстік режимде жұмыс
- •11.1. Crt модулінің процедуралары мен функциялары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Графиктік режимде жұмыс
- •Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
- •12.2. Графиктік фигуралар салу процедуралары
- •Графиктік режимде текст шығару процедуралары
- •Графиктік режимде қателерді өңдеу
- •12.5. Фигураларды жылжыту
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Қосымшалар
- •Turbo pascal терезесінің элементтері.
- •Бағдарламалық текст теру
- •II. Мәзірлер қатары командалары. File (файл) мәзірі.
- •Еdіт(редакциялау) мәзірі
- •Sеаrсн(іздеу) мәзірі
- •Run (орындау) мәзірі.
- •Compile (компиляция) мәзірі
- •Debug (жөндеу) және tools (құралдар) мәзірлері
- •III. Бірден орындалатын файл(ехе-типті) жасау
- •IV. Компиляция кезінде жіберілетін қателер
- •V. Бағдарламаның орындалу кезеңінде жіберілетін қателер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
Көмекші бағдарламалар дегеніміз не, олардың атқаратын қызметі?
Көмекші бағдарламалардың түрлері, жазылу тәртібі мен құрылымы.
Қандай стандартты процедуралар мен функцияларды білесіз?
Процедуралар дегеніміз не және оның құрылымы?
Шақыру нүктесі дегеніміз не?
Функциялар дегеніміз не және оның құрылымы?
Процедуралар мен функциялардың айырмашылығы неде?
Нақты және формальды параметрлер дегеніміз не?
Рекурсия дегеніміз не?
Пайдаланушылар модулі не үшін керек, олардың жасалу жолдары?
Файлдар Файлдарды сипаттау мысалдары:
Файлдар деп сыртқы жад құрылғыларына (дискілерге) белгілі бір атпен жазып қоятын кез-келген мәліметтер жиынтығын айтады. Бағдарламаның өзі де файл болып табылады. Кейбір өте үлкен бағдарламаларда мәліметтерді қайта-қайта өңдеу бағдарламалаушының ұзақ уақытын алады, және оны шаршатып жібереді де жұмыс барысында көптеген қателердің жіберілуіне әкеп соғады. Сондықтан көп мәліметтерді енгізу мен шығаруды қажет ететін бағдарламаларды файлдарға жазып, дискілерге сақтап қойған жұмысты көп жеңілдетеді. Тurbo Pascal-да файлдар бір типті элементтердің тізбегінен тұрады, олардың негізгі 3 түрлі ерекшеліктері болады:
оның белгілі бір аты болады, бұл бір мезгілде бірнеше файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
оның компоненттері бір типті болады, мысалы жазулардан немесе жолдық қатарлардан тұратын файлдар жасауға болады;
бір файлдың ішінде екінші файл жасауға болмайды, файлдардан тұратын файл жасауға болмайды;
файлды жасаған кезде оның бастапқы көлемі берілмейді, ол жазылатын дискінің сыйымдылығымен анықталады.
Көптеген жағдайларда файлдар жолдық қатарлар мен жазулардан тұрады. Бағдарламада файлдар FILE OF қызметші сөздері арқылы сипатталады. Turbo Pascal бағдарламаларында файлдар идентификатормен белгіленетін арнайы файлдық айнымалының көмегімен ашылады. Файлдық айнымалылар типі файлдың құрамындағы элементтер арқылы анықталады. Егер файлдар жазулардан тұрса, онда жазу аты ретінде белгіленетін идентификатор да сипатталуы тиіс.
Файлдардың жалпы сипатталуы:
а) бірден айнымалылар бөлімінде:
VAR файлдық айнымалы: файл элементтерінің типтері;
ә) типтер бөлімінде:
TYPE типі=файл элементтерінің типтері;
VAR файлдық айнымалы: типі;
Файлдарды сипаттау мысалдары:
TYPE A=File Of Char;
VAR X:A; {символдардан тұратын X файлы(А-типті)}
Y:File Of Real; {нақты сандардан тұратынҮ файлдық айнымалысы}
TYPE Dosye=RECORD
A:String; B:lnteger; C:Char; D:Byte; END; VAR X:Dosye; {Dosye-типті X жазуы}
Y:File Of Dosye; {Х жазуының элементтерінен тұратын Y файлдық айнымалысы}
Turbo Pascal-да файлдар құрамындағы элементтер типтеріне байланысты үш түрге жіктеледі:
1. Әртүрлі символдардан құралған қатарлар тізбегінен тұратын файлдарды текстік файлдар деп атайды, олардың файлдық айнымалысы VAR бөлімінде ТЕХТ стандартты типімен сипатталады, мысалы:
VARX:Text;
Y:String;
Текстік файлдар әртүрлі текстік немесе сандық шамалардын тұратын мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Олардың құрамындағы элементтер саны мен ұзындықтары әртүрлі болып келеді. Әр қатардың соңы арнаулы қатардың соңын білдіретін EOLN (End Of Line), ал бүкіл текстің соңы файлдың соңын білдіретін EOF (End Of File) белгілерімен аяқталады.
2. Құрамындағы элементтер типтері алдын - ала типтер бөлімінде сипатталатын файлдарды типтері анықталған файлдар тобына жатқызуға болады, мысалы оларға жазулардан тұратын файлдарды жатқызуға болады:
TYPE Karta=RECORD
A, B: Integer;
C:Real;
D:String
End;
X: File Of Karta;
Y:Array[1.. 10] Of Karta;
Типтері анықталған файлдарды көбінесе деректер қорын жасайтын бағдарламаларда қолданылады. Егер текстік файлдардың құрамын бірыңғай символдардың жиынтығы болса, онда типтелген файлдардың құрамын реттелген белгілі бір мәліметтердің жиынтығы деп қарастыруға болады.
3. Құрамындағы элементтер типтері көрсетілмей, тек қана файлдық айнымалысы ғана File-типті болып сипатталатын файлдар типтері анықталмаған файлдар тобына (немесе типтелмеген файлдар тобына ) жатады, сипатталу мысалы:
VAR X:File;
Y:lnteger;
Типтері анықталмаған файлдарды символдар мен байттардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл файлдардың типтерінің жоқтығы оларды кез-келген басқа типті файлдармен сәйкестендіріп байланыстыруға және дискі мен жад арасындағы мәлімет ауыстыру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
