- •1 Turbo pascal тілінің негізгі элементтері
- •1.1. Тіл алфавиті
- •1.2. Айнымалылар, тұрақтылар, стандартты фунщиялар
- •Стандартты функциялар мен қызметші сөздер
- •1.3. Өрнектер және амалдар
- •1.4. Бағдарлама құрылымы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •2. Turbo pascal тілінің негізгі операторлары
- •2.1. Тіл операторлары туралы түсінік
- •2.2. Меншіктеу операторы
- •2.3. Енгізу және шығару операторлары. Енгізу операторы
- •Шығару операторы
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •3. Тармақталу командалары
- •3.1. Goto шартсыз операторы
- •3.2. If ... Then ... Else... Шартты операторлары
- •If шарт then 1 -блок else 2-блок;
- •3.3. Тандау командалары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •4. Қайталану командалары
- •4.1. For циклдік операторы(Үшін циклі)
- •Цикл денесі
- •4.2. Циклдік операторы(Әзірше циклі)
- •Шарт Цикл денесі
- •4.3. Repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •4.4. Цикл ішіндегі циклдер
- •4.5. Санақты және шектеулі типтер
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •5. Массивтер
- •Var "массив атауы":array[x1] ofx2;
- •Массивтермен амалдар орындау
- •Массив элементтерімен амалдар орындау
- •5.1. Массив элементтерін ендіру және шығару
- •Массив элементтерін шығару
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •6. Жолдық қатарлар.
- •6.1. Жолдық өрнектермен амалдар.
- •6.2. Жолдық процедуралар мен функциялар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •7. Жиындар.
- •Var жиын аты - Set Of негізгі тип;
- •Var жиын аты:тип аты;
- •Жиын элементтерімен келесі амалдар орындауға болады:
- •8. Жазулар
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •9. Көмекші бағдарламалар
- •9.1. Көмекші бағдарламалар және олардың құрылымы
- •Көмекші бағдарлама құрылымы:
- •9.2. Процедуралар
- •9.3. Функциялар
- •9.4. Рекурсиялар
- •9.5. Пайдаланушылар модулін жасау
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- •Файлдар Файлдарды сипаттау мысалдары:
- •Файл өңдеудің негізгі процедуралары мен функциялары
- •10.2. Файлдармен жұмыс
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Текстік режимде жұмыс
- •11.1. Crt модулінің процедуралары мен функциялары
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Графиктік режимде жұмыс
- •Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
- •12.2. Графиктік фигуралар салу процедуралары
- •Графиктік режимде текст шығару процедуралары
- •Графиктік режимде қателерді өңдеу
- •12.5. Фигураларды жылжыту
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •Қосымшалар
- •Turbo pascal терезесінің элементтері.
- •Бағдарламалық текст теру
- •II. Мәзірлер қатары командалары. File (файл) мәзірі.
- •Еdіт(редакциялау) мәзірі
- •Sеаrсн(іздеу) мәзірі
- •Run (орындау) мәзірі.
- •Compile (компиляция) мәзірі
- •Debug (жөндеу) және tools (құралдар) мәзірлері
- •III. Бірден орындалатын файл(ехе-типті) жасау
- •IV. Компиляция кезінде жіберілетін қателер
- •V. Бағдарламаның орындалу кезеңінде жіберілетін қателер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Стандартты функциялар мен қызметші сөздер
Жазылуы |
Атқаратын қызметі |
ABS(X) |
Абсолюттік шама |
SQR(X) |
Квадрат |
SQRT(X |
Түбір |
SIN(X) |
Синус |
COS(X) |
Косинус |
EXP(X) |
Экспонента |
LN(X) |
Натурал логарифм |
LN(X)/LN(10) |
Ондық логарифм |
EXP(LN(10)*X) |
10-ның X дәрежесі |
EXP(LN(X)*Y) |
Х-тің Ү дәрежесі(Хү) |
ARCTAN(X) |
Арктангенс |
FRAC(X) |
Х-тің бөлшек бөлігі |
INT(X) |
Х-тің бүтін бөлігі |
CHR(X) |
Символды анықтау |
X DIV Y |
Х-тің Ү-ке қатынасының бүтін бөлігі |
X MOD Y |
Х-тің Ү-ке қатынасының бүтін қалдығы |
ODD(X) |
Х – тің тақ, жұп екендігін анықтау |
ORD(X) |
Х – тің реттік нөмірі |
TRUNC(X) |
Х – тің бүтін бөлігін шығару |
PI |
3,14 саны |
ROUND(X) |
Х-ті бүтін санға дейін дөңгелектеп шығару |
RANDOM(X) |
Кездейсоқ сан шығару |
PRED(X) |
Х-тің алдыңғы мәні |
SUCC(X) |
Х-тің келесі мәні |
INC(X) |
Х-тіңүлкеюі |
DEC(X) |
Х-тің кемуі |
EOF(F) |
Файлдың соңын анықтау |
TRUE |
егер F файлы файлдың соңы күйінде болса |
FALSE |
егер файлдың соңы болмаса |
EOLN(F) |
Қатардың соңын анықтау |
AND |
FALSE - егер ENTER клавишы басылмаса |
EOLN |
TRUE - егер ENTER клавишы басылса |
OR |
Немесе |
NOT |
Емес |
NIL |
Бос сілтеме |
PROGRAM |
Тақырыпты жазу |
CONST |
Тұрақтыларды сипаттау |
LABEL |
Таңба қою |
TYPE |
Типтерді сипаттау |
VAR |
Айнымалыларды сипаттау |
BEGIN... |
ENDоператорлық жақша (блоктың басы, соңы) |
READ |
Айнымалылар мәндерін енгізу |
WRITE |
Нәтижелерді көрсету |
IF... THEN… ELSE |
Шартты тексеру операторы |
CASE... OF |
Таңдау операторы |
GOTO |
Шартсыз көшу операторы |
FOR … TO... DO |
Арифметикалық цикл |
REPEAT…UNTIL |
Шартты соңынан тексеру циклі |
WHILE ... DO |
Шартты алдын – ала тексеру циклі |
ARRAY |
Массивті сипаттау |
PROCEDURE |
Процедура |
FUNCTION |
Функция |
RECORD |
Жазу |
SET |
Жиын |
UNIT |
Модуль |
USES |
Пайдаланушылар модулі |
1.3. Өрнектер және амалдар
Берілген элементтерге қолданылатын амалдарды белгілі бір тәртіппен орындауды реттеп тұратын жазу өрнек деп аталады. Өрнектер есептеулерге қатысатын барлық тұрақты, айнымалы шамалардан, функциялардан, жай жақша және арифметикалық амалдар белгілерінен тұрады. Амалдар операндалармен (өрнектің элементтерімен) не істеу керектігін анықтайды. Ең қарапайым өрнек бір ғана тұрақты не айнымалыдан тұруы мүмкін. Turbo Pascal-да операциялар мен өрнектер арифметикалық, жолдық, логикалық және т.б. болып бөлінеді. Қосу(+), алу(-), көбейту(*), бөлу(/), дәрежелеу амалдары арифметикалық өрнектердегідей орындалады, мысалы:
5Х2+10:Ү-15х+2 өрнегінің Pascal-да жазылуы:
5*Sqr(X)+10/Y-Exp(Ln(15)*(Х+2));
Бұдан басқа тек бүтін сандарға ғана қолданылатын төмендегідей бөлу амалдары орындалады.
16Div3=5
//16-ны 3-ке бөлгенде шығатын санның бүтін бөлігі
15 Mod2=1
//15-ті 2-ге бөлгенде шығатын санның қалдығы
20 Div 30=0
//20-ны 30-ға бөлгенде шығатын санныңбүтін бөлігі
20 Mod 30=20
//20-ны 30-ға бөлгенде шығатын санның қалдығы
X ModY
//Х айнымалысын Ү-ке бөлгенде шығатын санның қалдығы
XDivSQR(Y)
//X айнымалысын Ү-тің квадратына бөлгенде шығатын санның бүтін бөлігі
Логикалық өрнектер логикалық амалдар(>, <, >=, =<, <>) мен қызметші cөздерден (АND, OR, NOT және т.б.) тұрады. Turbo Pascal-дің өрнектерін құрғанда тілдің келесі ережелерін сақтау керек:
Өрнектің барлық бөлігі бір қатарға жазылуы тиіс.
Өрнектің барлық жақшалары жай жақша болуы тиіс.
Қатарынан екі арифметикалық амалды жазуға болмайды.
Есептеулер солдан оңға қарай амалдардың орындалу ретімен жүреді.
Ең алдымен функциялардың мәндері есептеледі, онан кейін көбейту және бөлу, Div, Mod сияқты амалдар орындалады. Қосу және алу амалдары ең соңынан орындалады. Өрнек нәтижесінің типі сол өрнектегі операндалардың типі мен оларға қолданылған амалдарға байланысты болады.
Turbo Pascal тілінде өрнектердін жазылу мысалдары
X: = 10; //Х= 10 жай өрнегі
X:=Abs(5-A) //X=
өрнегі
X:=Sqr(Sin(A)) //X=SIN2A өрнегі
X:=Exp(Ln(A)*(2+B)); //X=A(2+B) өрнегі
X:=Copy(A,N,M); //А шамасынан N-нен бастап М позиция ойып алу
Х:=113 DIV 5 (=22) //113-тің 5-ке қатынасының бүтін бөлігі
Х:=93 MOD 5 (=3) //113-тің 5-ке қатынасының қалдығы
PROGRAM Алма; {Өрнектердің бағдарламада жазылу түрлері}
VAR A,B:Integer; (*A, В – бүтін сандар*)
N,M:Char; (*N,M – символдық шамалар*)
X: Integer; (*X - бүтін сан*)
Y,Z:Real; (*Y,Z - нақты сандар*)
K:Char; (*K – символдық шама*)
P:String; (*Р – жолдық қатар*)
BEGIN
Readln(A, B, N, M); (*айнымалыларды енгізу*)
X:=B-4*A; (*өрнектер*)
Y:=(A-B)/(A+B);
Z:=Cos(A-B);
K:=A;
P:=Concat(N,M);
Writeln('X=', X);
Writeln('Y=', Y:4:2);
Writeln('K=', K);
Whteln('P=', P);
END. (*бағдарламаның соңы*)
