- •«Global Home Service» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
- •«Global Home Service» жшс-нің құрылу тарихы
- •1.2 Кәсіпорынның мақсаттары және атқаратын қызметі
- •2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, аудиті, талдауының құрылу негізі
- •2.2Ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру
- •2.3 Кәсіпорынның табыстар мен шығыстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Кәсіпорынның табыстар мен шығыстар
Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Қорытынды
Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінде алынған теориялық білімдерді таңдалған мамандыққа сәйкес тәжірибеде тиімді қолданып, білімді шыңдауға бағытталған. Өндірістік тәжірибені өткізу уақытында теориялық білімімді тәжірибе барысында бекіттім. Болашақта бәсекеге қабілетті, өз мамандығымды толық игеріп, үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің көркейіп, дамуына үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оразтаева, З. Б. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру: оқу құралы / ҚР білім және ғылым м-трлігі; С.Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті.- Астана: , 2008.
Сәтмырзаев, А.А. Басқару есеп жүйесінде калькуляция әдістерінің кейбір мәселелері: [Экономика]// Банки Казахстана.- 2005.
Сүйіндікова, А. Нарықтық экономика жағдайында басқару есебінің теориялық және әдістемелік негіздері: [Ғылыми зерттеулер]// Экономика негіздері.- 2005.
Бірімжаров Ә. Өндірістік бөлімшелердегі ішкі шаруашылық есеп.- Алматы: Қайнар, 2006.
Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова; Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.- Алматы: Экономика, 2009.
