Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALMATY_MENEDZhMENT_UNIVERSITETI.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.01 Кб
Скачать

2.2Ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;

- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

2012-2014 жылдардағы «Global Home Service» ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Актив

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мың тг

%

Мың тг

%

Мың тг

%

1

Ұзақ мерзімді активтер

403 588

55,2

471 783

50,5

647 399

52,6

2

Материалдық емес активтер

10 967

1,5

17 750

1,9

17 231

1,4

3

Негізгі құралдар

220 073

30,1

310 536

33,24

380 316

30,9

4

Ұзақ мерзімді қарж. инвеститц.

32 901

4,5

45 964

4,92

101 541

8,25

5

Басқа да ұзақмерзімді активтер

97 241

13,3

113 881

12,19

167 388

13,6

6

Ағымдығы активтер

326 819

44,7

452 259

48,41

579 705

47,1

7

ТМҚ

53 592

7,33

47 459

5,08

76 310

6,2

8

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

32 596

4,3

27 092

2,9

50 463

4,1

9

Ақша қаражаттары

100 897

13,8

118 646

12,7

166 157

13,5

10

Басқа қысқа мерзімді активтер

183 296

25,07

263 077

28,16

275 083

22,35

11

Баланс

365 569

100

467112

100

615 398

100

Дерек көзі: «Global Home Service» ЖШС 2012-2014 жылдардағы қаржылық есептілігі

Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2012 жылы 53,8% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2013 жылы олардың үлесі 51,59%-ға дейін төмендеді. 2014 жылы компанияның негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54,19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады. Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін негізгі құралдар алады. Олардың активтердегі үлес салмағы 2012 жылы 31,02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2013 жылы олардың үлесі 33,24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2014 жылы 2013 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33,32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2012 жылы инвестициялар активтердің 4,54% құрады, 2013 жылы бұл үлес 4,92%-ға дейін, 2012 жылы 7,66%-ға дейін өсті. Материалдық емес активтердің жиынтық активтердің құрамында аз үлесті алады, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1,24% мөлшерінде сақталды. Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2014 жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2013 жылы ол 16,67% болса, 2013 жылы 12,19%-ға дейін, ал 2014 жылы 11,82%-ға дейін төмендеді.

Егер 2013 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53,48: 46,52 болса, онда 2013 жылы бұл қатынас 54,19: 45,81 болды.

Ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ. Олардың материалдық бөлігі 2012 жылы 701 767 мың теңгеден 2013 жылы 907 13 мың теңгеге, ал 2014 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]