- •«Global Home Service» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
- •«Global Home Service» жшс-нің құрылу тарихы
- •1.2 Кәсіпорынның мақсаттары және атқаратын қызметі
- •2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, аудиті, талдауының құрылу негізі
- •2.2Ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру
- •2.3 Кәсіпорынның табыстар мен шығыстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Кәсіпорынның мақсаттары және атқаратын қызметі
Серіктестіктін қызмет ету мерзімі шектелмеген
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыс алу болып табылады
Қызметінің негізгі мақсаттары:
-Тұрғын үй пайдалану қызметі
- Құрылыстық жөндеу жұмыстарын іске асыру
- Үй ішіндегі инженерлік желілерлік техникалық қызмет көрсету
-Аймақты жинастыру, жасылдандыру және көркемдету іс шараларды жүргізу
-Егістерді отырғызу және жемісін жинау
-Халққа тұрмыстық қызметкөрсету саласындағы қызметтер
-Халық тұтынатын тауарларды өндіру
-Жарнамалық ақпарат қызметі
-Өндірістік қалдықтарды және туынды шикізаттарды қайта өндеу және дайындау
-Көтерме бөлшекті және комиссиялық сауданы ұйымдастыру
-Сыртқы экономикалық қызмет,сонның ішінде тауарлардың импорты және экспорты
-Қонақ үй , дүкен, мейрамхана , бар, кафе ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасының зандарына қайшы келмейтін қызметтер
Серіктестіктің қызметін қамтасыз ету үшін Қатысушының салымының есебінең 120 000 тенге көлемінде Жарғылық қор құрылады
Серіктестіктін жаррғылық қорына салынған салым ретінде ақша,құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар және өзге мүлік бола алады
2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, аудиті, талдауының құрылу негізі
2.1 |
«Global Home Service»ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттары мен оларды жіктеу |
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартарының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Құжаттардың мазмұны мен формалары әртүрлі болып келеді. Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты. Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет. Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады. Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге қажетті тұлғалардың қолы.
Құжаттар олардың заң күшін қамтамасыз ететін барлық реквизиттреі көрсетіле отырып толтырылуы керек. Құжаттар шаруашылық операцияның жүргізілу сәтінде, яғни дер мезгілінде толтырылуы қажет.
Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасталады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:
құжат аты;
форма коды;
құжат толтырылған дата;
құжат тиесілі кәсіпорын оты;
шаруашылық операция мазмұны;
шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),
шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,
қызметі, қолдары.
Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.
Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.
Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:
- қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;
- синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;
- есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;
- бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.
Бухгалтерлік есеп немесе есеп жүргізудің үлгі регистрлерін құру, бұларды талапқа сай ыңғайға келтіру мақсатында қолданылып жүрген келесідей формалары бар:мемориалды-ордерлі, журнал-ордерлі, қысқартылған есеп формасы.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
