Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Maulen_kursovoy2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.08 Кб
Скачать

3.2.Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму стратегиясы

              Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдама мемлекеттік және  стратегиялық бағыттарын анықтаған. Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі бағыттардан құралады:

-         меншікті мемлекет иелігінен алу – ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу. Қазақстан жағдайына орай: акционерлік, ұжымдық, кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру;

-         монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар аталмыш заңды қабылдау еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту,шетелдік капиталды ұдайы қарастыра отырып, бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;

-         қаржылық сақтандыру және экономиканы тұрақтандыру;

-         баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну  өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).

Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негізгі қағидалар белгіленген. Олар төменде көрсетілгендей:

-         республиканың территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдігі;

-         меншік түрлерінің сан алуандығы және олардың еркін дамуы мен бәсекесі;

-         дербес баға белгілеу саясаты, еркін бағалау;

-         сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.

Нарықтық жүйені ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктерін қамтиды:

-         нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру (коммерциялық банктер, тауар және қор биржалары, маркетинг орталығы, көлік қызметі, коммерциялық ақпарат орталықтары, т.б.);

-         өндірістік құралдар нарығы;

-         тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;

-         еңбек нарығы;

-         қаржы нарығы;

Республикалық қаржы нарығының қалыптасуы банк жүйесі заңдылықтары негізінде Ұлттық Банктің бірінші деңгейіндегі банк ретіндегі статусы белгіленді. Коммерциялық банктердің екінші деңгейіндегі банк ретіндегі қызмет жасау шарттарын анықтауды, қаржы нарығының заңдылық актілерін қорытындылауды, сондай-ақ шетелдік капиталды ішке енгізуге жағдай туғызуды қамтиды.

3