Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Maulen_kursovoy2.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

2.3.Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу

           Нарықтық экономикаға өту, меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етті. Өйткені,шетел тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттік меншік 30-40 % болған,нарық өзінің экономика тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастады. Сондықтан Қазақстанда нарықтың экономикалық қалыптасуы көп укладты экономикалық дамуын қарастырады. Мемлекеттік меншікті меншіктің басқа түріне өзгерту мен реттеу жүзеге асты. Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен мүліктер азаматтарға берілді. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз – мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып,оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу, мәселен, мемлекеттік зауыт енді акционерлік компания болуы мүмкін. Жекешелендіру дегеніміз - әр адамға меншік беру деген сөз. Жекешелендіру дегеніміз – меншіктің барлық түріне – мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалапты жағдай жасайды.

          Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру – нарыққа көшу барысында аса маңызды мәселе. Осыған байланысты елімізде «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» заң қабылданды. Жекешелендіру барысында Қазақстан мынадай ерекшеліктер мен қиыншылықтарды ескеруіне тура келді:

Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:

1)    объектілерді таңдау және лоардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;

2)    объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;

3)    объектінің сатылуы.

Бұл процесс ашық сипатта болуы керек,ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс. Орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру мынандай жолдармен жүргізілді.

-         халыққа жекешелендіру және жекешелендіру инвестициялық купондар (ЖИК) беру;

-         инвестициялық жеешелендіру қорлардың жүйесін (ИПФ) жасау.

Әр және бірегей мүлік кешенді өнім шығарылатын немесе ерекше маңызды жұмыстар атқарса, сол сияқты мемлекеттік табиғи монополиясы болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестиция мен қаржы министрлігініңбасшылығымен жасалған жеке жобасымен жекешелендіріледі.

ІІІ бөлім.  Қазақстан  Республикасындағы нарық жағдайы: оның функцияларының даму принциптері

3.1.Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері

             Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:

  1. Ресурстарды тиімді бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

  2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

  3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

  4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларын,әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

  5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.

           Нарықтық экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тән:

  1. Табыс алуға кепілдік бермейді;

  2. Толық жұмыс бастылыққа кепілдік берілмейді;

  3. Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

  4. Қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

  5. Ұжымдық пайдаланылған тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіреді.

Тәуелсіз нарықта экономиканы құрудың басты жолы – нарықтың негізгі құрылымдары мен түрлерін қалыптастыру. Нарықтың жайлы функциялары оны тиімді жүйеге айналдырады. Бұл нарықтық қатынастардың жеткілікті болуын және барлығында қоғамның жайлы дамуын қамтамасыз етуді білдіреді. Нарықтық шаруашылықта өзінің кемшіліктері де бар.