- •1.1.Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері
- •1.2. Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
- •1.3.Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурас
- •2.1.Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- •2.2.Нарықтық құрылымды қалыптастыру және оны
- •2.3.Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
- •3.1.Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
- •3.2.Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму стратегиясы
1.2. Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өмір сүреді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- нарық инфроқұрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:
- ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;
- ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;
- бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау),тазалау;
- экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
- құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.
Ақпараттық қызмет. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік ставкасының, т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі монополияланған саналады. Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады. Нарықтың құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық: дүниежүзілік, еларалық бірлестіктер, ұлттық, аймақтық, оқшауланған немесе жергілікті нарықтар деп бөлінеді.
Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие, қаржы қатынастарының негізінде құрылды. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интергация, сыртқы сауда, тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық – бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика,облыс,аймақ,аудан).
«Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен,халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және әртүрлі дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады.
Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі (астыртын) және ресми (ашық) нарық деп те айтады.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне (пропорционалдығына) байланысты теңдестірілген (балансыланған) және теңдестірілмеген (балансыланбаған) нарық деп бөлу көзделген. Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық – салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін. Өткізу объектісі халық шаруашылығының бір. дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі деп айтады.
Нарықты көлемді тауар топтары,бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі.Тауар топтары нарығына нан-бөлке,макарон өнімдері,т.б. нарығы жатады.
Нарықтық экономикалық негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын,фирма мен үкіметті жатқызамыз. Олар бір-бірімен ресурснарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара әрекет жасап, шығыс пенкірісті айналым жасайды. Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткізе отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісін қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал фирмалар өз өнімін өткізе отырып, ақшалай табыс алады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,бір бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салық төлеуге жұмсайды. Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп,өнім шығарады,осы тауарды ұсынады,сату арқылы табыс алады. Фирмалар да табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды, салық төлейді,инвестицияны жүзеге асырады,т.б.
Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметтік жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде реттеп отырады. Үкімет фирмалардан салық алып,жеке кәсіпорындарға дотация,субсидия береді, кәсіпкерлермен қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне,ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен қаржыны шоғырландырып,жалақыны, трансферттік төлемдерді (зейнетақы,жұмыссыздарға жәрдем ақы) төлейді. Экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып,теңгеріледі.
