- •1.1.Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері
- •1.2. Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
- •1.3.Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурас
- •2.1.Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- •2.2.Нарықтық құрылымды қалыптастыру және оны
- •2.3.Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
- •3.1.Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
- •3.2.Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму стратегиясы
1.3.Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурас
Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани) және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды,бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен,нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және қызмет көрсету,қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал), еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі – инфрақұрылым. Ол институттар (ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның мәні – нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді. Нарықтың инфра құрылымының элементіне тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік қызметтер,ақпараттық жүйелер, банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер, т.б. жатады. Дамыған нарықтық инфра құрылым кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс прцесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның «Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.
Нарық инфра құрылымның тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты,яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.
Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:
- өндіріс пен құрылыс динамикасы,тауар запастарының мөлшері,баға,процент,бағалы қағаздар курсының қозғалысы;
- пайда,еңбек ақы,өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
- еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.
Экономикалық коньюнктураға әсер ететін факторлар:
А) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың кезекті жаппай жаңаруына байланысты;
ә) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етуі (оған ҒМР жатады);
б) кездейсоқ (уақытша,тез өтетін)құрғақшылық,аурулар,мода.
Экономикалық коньюнктураны жақсартудың әдісі:
А)инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
ә)фирмаларға мемлекеттік тапсырыстардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;
б)салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;
в)халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.
Қазір кәзіпорындар,жеке нарықтар,маркетинг коньнктура өзгеруін.
ІІ бөлім. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
