Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС-Ауызша Аударманың түрлері.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.94 Кб
Скачать

Ізбе-із аударма мен ілеспе аударманың түрлері

Ізбе-із аударманың  түрлері

Ілеспе аударманың түрлері

Бір жақты ізбе-із аударма – сөз сөйлеушінің сөзін бір тілден екінші тілге (мысалы қазақ тілінен орыс тіліне) аудару.

Тыңдай отырып аудару – аудармашы шешеннің тыңдауыш арқылы келіп түскен тікелей аударады. Ілеспе аударманың ең көп тараған түрі.

Екі жақты ізбе-із аударма – сөз сөйлеушінің сөзін бір тілден екінші тілге және керісінше  аудару.

Қағазға қарап отырып ілесе оқу. Аудармашы сөйленетін сөздің жазбаша мәтінін алып, баяндаманы оқып тұрған шешенмен бірге оқып шығады.

Фразалық ізбе-із аударма – сөйлеушінің сөзін оның әр сөйлемі аяқталған соң бір тілден екінші тілге аудару.

Баяндамашының қағаздан оқи тұрып, арасына түсініктеме жасайтын сөзін қағаздан «көзбен оқи отырып», түсініктемелерді қоса аударма жасау.

Абзацтық-фразалық ізбе-із аударма – сөйлеушінің сөзін оның белгілі бір ойды тұжырымдайтын әр сөйлемі (абзацы) аяқталған соң бір тілден екінші тілге аудару.

Сатылап аудару. Аудармашы шешеннің тілін білмейтін кезде аралық аудармашының (реле-тілдің) көмегімен ілеспе аударма жасау. Халықаралық конференцияларда жасалады.

Тақырыптық ізбе-із аударма –белгілі бір тақырыпты баяндайтын мәтін аяқталған соң оны екінші тілге аудару (бүгінде өте сирек кездеседі).

Қағаздан оқылып жасалған баяндаманы тыңдау арқылы ілеспе аударма жасау. Ілеспе аударманың ең күрделі түрі болып саналады.

Қорытынды

Аудармамен байланысты қойылған мақсаттарға жету үшін ауызша және жазбаша аударманы, олардың түрлерін, ерекшеліктерін анықтаумен байланысты зерттеулік жұмысты өткіздім.

Бір тілден екінші тілге аудару үшін қажетті психологиялық, аналитикалық және т.б. қабілеттіліктермен танысып, аударма жасау кезінде аудармашының алдында тұратын қиыншылықтарды анықтап және сол қиыншылықтарды шешу жолдарын іздестірдім.

Жұмыс барысында аудармашының психология жағынан тұрақты, тәжірибе және білімі мол болуы керек екенін анықтадым. Бірақ, білгенінде тоқтап қалмай, білгенін ары қарай байыта беруге тырысуы керек.

Сонымен, жұмысымды қорытындылай келе ауызша аудармаға, сонымен қатар, оның түрлеріне қысқаша сипаттама бергім келеді.

Ауызша аударма - аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз.

Ізбе-із аударма — бұл ауызшы аударманың аудармашы оратор өз сөзін бітіргеннен соң немесе оның бір бөлігін айтып болғаннан соң  оны аудара бастау тәсілі.

Ілеспе аударма жасау барысында негізгі тілде сөйлеуші тоқтаусыз сөйлейді. Тілмаш дыбыс өтпейтін бөлмешеде құлаққап арқылы негізгі тілде сөйлеушіні тыңдап, сонымен бірге лезде ілеспе аударма жасап отырады. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе б) тұтас бір ойды айтып тоқтағаннан кейін аудара бастайды. Ал мұндай келісім жасалмаған болса аудармашының шешенді тоқтатуына, сөзін үзуіне құқығы жоқ.

Курстық жұмысымды Иоганн Гётенің дәйексөзімен аяқтағым келіп отыр:

«Бөгде тілді білмегеннің, өз тілі туралы дым білмеуі ықтимал».