Ізбе-із аударма
1920 Жылға дейін, яғни арнайы құрылғылардың пайда болуына дейін, халықаралық конференцияларда, съездерде ізбе-із аударма қолданылған.
Ізбе-із аударма - бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша ізбе-із аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай ізбе-із аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.
Ізбе-із аударманың қарабайыр нұсқасын желілік деп атауға болады және көбінесе қасында ілесіп жүргенде әрі экскурсияларда пайдаланылады. Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.
Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар ізбе-із аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады. Ізбе-із аударма - аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша ізбе-із аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді. Ізбе-із аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады. Алайда ізбе-із аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.
Оратор сөз сөйлегеннен кейін барып, аудармашы айтылғанды, әдетте,
1-2 фразаны немесе мәтіннің көп бөлігін аударады. Ізбе-із аударманы кейде абзацты-фразалық деп те атайды. Көп жағдайда, аудармашы сөйлеушінің қасында болап, оның мимикасын бақылайды, ал бұл айтылғанды толыққанды түсінуге көмектеседі.
Ізбе-із аудармашының басты мақсаттарының бірі – айтылғанды бос аударып қана қоймай, сонымен қатар, сөйлеушінің стилін және эмоционалды ақпарраты жеткізу керек. Сондықтан, аудармашының жетілген жады және актерлік шеберлігі болу керек.
Ізбе-із аударманың ең оңай түрі – ресми хатты, баяндаманы немесе тілдесудің аудармасы. Осындай жағдайда, алдын-ала баяндаманың мәтінін, не оның тақырыбын білуге болады. Аудармашы баяндаманың мәтінінімен, стилімен таныса алады, бірақ, сонда да аудармашының алдында қиыншылықтар тұруы мүмкін. Мысалы, оратор сөйлеу кезінде баяндаманы қысқарта, не ұлғайта алады, тақырыптан ауытқып, немесе түгелімен өзгертіп жібере алады. Сондықтан, аудармашы кез-келген күтпеген жағдайға дайын болуы керек.
Ауызша аударма ізбе-із, яғни сөйлеушінің сөзінен кейін немесе оның қандай да бір бөлігінен кейін, немесе сөйлеушінің сөзімен бір уақытта ілеспе түрде аударылуы мүмкін. Сұхбат аудармасы немесе аудармашының аударма тілі ретінде әр тілді кезекпе-кезек қолдануы арқылы екі жақты аударуы ауызша аударманың ерекше бір түрі болып табылады. Сонымен қатар, аударманың аралас түрлері де кездеседі: жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы және магнитофон жазбасының жазбаша аудармасы. Аударманың бұл түрі үзбелі жүргізіледі, аудармашы сөйлеушінің орнын алға шығуы және дәрісхананың зейініне бөленуі арқылы оның орнын басады.
Тез жазу әдістерін меңгеру бастапқы кезеңде қосымша қиындықтар туғызғанымен, ізбе-із аудармада қабылдау, анализ, синтез, тіпті біртіндеп аудару (іштей) жазбамен бір уақытта жүріп жатады. Бұл кезде адамның санасы бір уақытта жазуға да, тыңдауға да үлгеруі үшін екіге бөлінеді. Ізбе-із аударылатын мәтіндер бұл ауызша, дәйекті түрде берілетін, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық секілді тілдің барлық деңгейлерінде өз орнын таба алатын қарым-қатынас құралы екенін ескеру қажет.
Абзацты-фразалық аудармада (phrasal interpreting) аудармашы қысқаша фразалар немесе сөйлемдер деңгейінде жұмыс істейді, ізбе-із аударманың бұл түрінде есте сақтауды талап ететін ақпарат көлемі салыстырмалы көп емес болғандықтан миға да жүк тигізбейді. Әдетте, абзацты-фразалық аударма жазбаны қажет етпейді. Дәл мәлімет беру үшін тек қысқаша мақалалардың болуы да жеткілікті. Абзацты-фразалық аударма екі жақты аударманың ең кең тараған түрі болып табылады, себебі ол қабылдауларда, бейресми кездесулерде, дүкендерде, кәсіпорындарды аралау кезінде, жұмыста және күнделікті тілдесу кезінде кеңінен қолданылады. Жаңадан бастап жүрген аудармашылар аударманың дәл осы түрімен кезігеді.
Абзацты-фразалық аударма аудармашыдан алғыр ес, жеделділік, кез-келген жағдайда тез жөн таба білу, әңгіме айналымдарын жетік білуі және сөйлеу этикетінің болуын талап етеді, сонымен қатар, әңгіме барысында әр түрлі тақырыптар мен таңырқаларлық сұрақтар қойылып қалуы себепті ол жалпы білімпаз адам болуы керек.
Келіссөздер, интервью, әңгімелердің ізбе-із аудармасы (жазбасыз) аудармашының шапшаң жазуын қолдануды талап етпейтін, көбіне оперативтік зерденің тірегіне сүйенетін салыстырмалы қысқаша әңгіме алмасуларда қолданылады. Жауапты келіссөздер, политикалық, экономика-қаржылық, заңды және басқа да сұрақтар бойынша өткізілетін ресми кездесулер, дәрістер барысында, сөз сөйлеу кезінде, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз кездесулерінде, баспасөз маслихаты, және т.б. жағдайларда ізбе-із аударманың жазбалы түрі қолданылады.
