Жоспар
I.Кіріспе.......................................................................................................................2
II. Негізгі бөлім..........................................................................................................3
1. Ауызша аударма....................................................................................................3
1.1. Ілеспе аударма...................................................................................................13
1.2. Ізбе-із аударма...................................................................................................22
III. Қорытынды.........................................................................................................26
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................27
Кіріспе
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл, әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері.
Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі, адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көпшілік ауызша мен жазбаша аудармашылардың жұмысының айырмашылықтарын біле бермей, бастысы – тілді білу, ал аударма ауызша ма, не қағазда орындала ма – маңызды емес деген ойда. Ал шынында, ауызша және жазбаша аударма бір-бірінен айырмашылықтары көп және түрлі дағды мен білімді талап етеді. Мысалы, ағылшын тілінде бұл екі ұғымның аударылуы да әр-түрлі: ауызша аудармашы - «interpreter», ал жазбаша - «translator».
Қазіргі кезде әлемде ағылшын тілін білу кез-келген деңгейде тілдесудің міндетті шарты ретінде қарастырылады. Ағылшын тілін тек бос қана біле қою емес, сонымен қатар, тез әрі білікті ағылшын тілінен және керісінше аудару үлкен рөл ойнайды.
Осы тақырыпты таңдаған себебім - ауызша аударма тек бір тілдің бірліктерін басқа тілдің бірліктерімен ауыстыру ғана емес, керісінше, бұл аудармашының алдында тұратын көптеген қиыншылақтарға толы екенін көрсету.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - ауызша аударманың ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі бөлім
Ауызша аударма
Ауызша аударма – бұл түпнұсқа мен оның аудармасы аударма барысында жазбаша емес нысанда болатын аударма түрі, ол аудармашының түпнұсқаның үзінділерін біркелкі қабылдауын және кейіннен сәйкестіндіруге немесе оны орындағаннан кейін түзетуге мүмкіндік жоқтығын білдіреді. Ауызша аударманың классикалық мысалы ретінде аудармашы түпнұсқаны акустикалық нысанда («естілуі бойынша») қабылдауын және өзінің аудармасын ауызша нысанда орындауын айтамыз.
Ауызша аударма үрдісінің жазбаша аударма үрдісінен айырмашылығы өте көп. Ауызша аудармада аударылатын мәтінді бекіте алмағандықтан, оны жөндеуге, не толықтау үшін мәтінге қайта оралуға болмайды. Ауызша аударма үрдісі сөздіктер қолдануды, қорытынды ойды тұжырымдауды жоққа шығарады. Сондықтан ауызша аудармашы интуициялық тапқырлы, психологиялық тұрақты, өз-өзіне сенімді пен сабырлы болуы керек.
Ауызша аударманың тағы бір ерекшелігі – аударылатын мәтіннің әрбір бөлігінің негізгі мәнмәтінге тәуелсіздігі. Аудармашы адамның енді не жайлы сөйлейтінін білмейді және мұны анықтауға мүмкіндігі жоқ. Әрбір бөлік жеке аударылады.
Ауызша аударманың тағы бір ерекшелігі – аударма бірден екі бағытта орындалуы керек. Бұл жерде сабырлық үлкен рөл ойнайды, себебі мәселелрді жедел шешу кезінде психологиялық қысым ұлғаяды.
Ауызша аударма кезінде аудармашының жеке бас ептілігі үлкен рөл ойнайды, яғни оның тапқырлығы, жады, ұқыптылығы және ой-өрісі. Университетте ауызша аударма курсында студенттерге «аудармашы барлығын білуі керек, не білуге тырысуы керек» екенін түсіндіреді.
Ауызша аударманың жақсы жақтары да бар: аудармашы кері байланысты ала алады; бұл айтылғанды түсінуге және оны түсіндіруге көмектеседі. Сонымен қатар, аудармашы айтылған сөзді нақтылауды сұрай алады. Жазбаша аударма кезінде мұндай мүмкіндік болмайды.
Ауызша аударманың іске асыру механизмі мен шарттары жағынан жазбаша аудармадан белгілі бір айырмашылықтары бар. ХХ ғасырдың екінші жартысында ауызша аударманың кең қолданылуы ауызша аударманың заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеуге және ауызща аударма теориясының пайда болуына әкеліп соқты. Сонымен қатар, ауызша аударма теориясында ілеспе мен кезекті аударманы бір-бірінен айыра бастаған.
Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.
Ауызша аударманың арнайы теориясының шегінде аудармашы сөзінің басқа да ерекшеліктері атап өтіледі. Мұнда аудармашының жалтақтауы себепті жіберілетін үзілістерімен байланысты ақырын артикуляциясы, қате варианттарды таңдауы себепті туындайтын артта қалушылық интервалының еселеп өсуіне әкелетін тұрақсыздығы, сонымен қатар, дыбыстың таза шығуына қатысты жіберілетін үзілістің жалпы ұзақтығы жатады.
Аудармашының мәтіні ырғақсыздау, ілеспе аудармашы түсінікті мәтінді тезірек айтуға тырысып, көбіне жоғары екпінмен сөйлейді, ал кезекті аудармада сөйлеу екпіні едәуір төмендейді, себебі аудармашы түпнұсқа мәтіннің мазмұнын есіне түсіре отырып, өзінің жазбасын тексереді. Ауызша аударманың теориясында ілеспе және кезекті аударманың қысаң шарттарын орындау кезінде ерекше жігерді талап ететін аудармашы сөзінің нормативтік талаптарына ерекше назар аударылады: анық артикуляцияның қамтамасыз етілуі, ырғақтың бірқалыптылығы, екпіннің дұрыс қойылуы, тыңдаушыларға оның толықтай қабылдауын қамтамасыз ететін сөйлемнің және аударманың басқа да бөліктерінің міндетті мағыналық және құрылымдық аяқталуы.
Ауызша аударма теориясының маңызды бөлімдері аударманың әр түрлі үлгілеріне жетімді болатын баламалық сипатының зерттеулері болып табылады. Жазбаша аудармада орнатылған баламалық деңгейімен салыстырғанда, ауызша аудармада кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін. Бұл ауытқулар алып тастауларға, қосылуларға немесе қате ақпараттың орын ауыстыруларына әкеліп түйістіреді. Ауытқулардың әрбір түрі жеткізілмеген немесе қосылған ақпараттардың маңыздылық дәрежесіне қарай бөлінетін ұсақ категорияларды қамтиды. Алып тастаулар:
1) кішігірім жеке сөздердің, көбіне теңеулердің алып тастаулары;
2) аудармашы мәтіннің кейбір бөліктерін түсінбеуіне байланысты маңызды және көлемді бірліктерінің алып тастаулары;
3) аударма процесінде мәтіннің құрылымының өзгеруіне байланысты мәтіннің бір бөлігін алып тастау;
4) аударманың оратор сөзінен артта қалушылығына байланысты мәтіннің мағыналы бір бөлігінің алып тастаулары болып бөлінеді.
Қосылулар қосылған мол элементтердің сипаты бойынша топтастырылады: жеке анықтауыштар, қосымша түсініктемелер, айтқан сөздердің арасындағы байланыс, және т.б. Ал, жіберілетін қателіктер маңыздылық дәрежесіне қарай топтастырылады: жеке сөз аудармасының кішігірім қателігі, жеке сөз аудармасының мағыналық қате аудармасы, сөз құрылымының өзгеруімен байланысты кішігірім қателігі, сөз құрылымының айтарлықтай өзгеруімен байланысты мағыналық қате аудармасы.
Ауызша аударманың сапасын бағалау кезінде өзара байланыстың ауызша формасы есепке алынады: байланысушылардың тікелей қатынасында баламалықты төмен деңгейде анықтау олардың өзара түсінісушілігіне кедергі келтірмейді, керісінше ауызша аударма процесіндегі жоғалған ақпаратты белгілі бір дәрежеде толықтырып отырады, ауызша аударманың ерекшелігі-фунционалды-жанрлық мінездемесімен байланысты
аударылатын мәтін көлемі мен күрделілік дәрежесіне белгілі бір шектеулік қояды.
Негізінде, көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмағаныменен, бұл шығармалардан алынған жеке цитаталар сөз сөйлеулер кезінде ілеспе немесе ізбе-із түрде аударылуы мүмкін. Ауызша аударманы көркем-эстетикалық әсермен қамтамасыз ету тіпті күрделі мәселе болып табылады, әсіресе аудармашыға аудармасы алдын ала белгісіз ақындық шығармалар берілсе. Сонымен қатар, көлемі бойынша үлкен информациялық жанрлардың шығармалары да ауызша аударылмайды, себебі ауызша аударманың ұзақтығы аударманың мүмкіндіктерімен ғана емес, ауызша коммуникацияның қысқа мерзімділігімен де шектеулі: ұзақ уақыт аралығында тоқтаусыз сөйлеу, тыңдау және есте сақтап отыру физикалық жағынан мүмкін емес.
Ресми баяндамалардың, хабарламалардың немесе сөз сөйлеулердің аудармасы үшін, құжаттың түгел мазмұнын немесе оның тақырыбын алдын-ала хабарлаған жөн. Аудармашыға баяндама мәтінін талқылауына, тақырып бойынша арнайы әдебиетпен танысуына, глоссарийды құруына мүмкіндік берген жөн. Дегенмен, бұл жағдайда да аудармашы күтпегендіктен қауіпсіздендірілмеген, себебі оратор сөз сөйлеу кезінде өз баяндамасының мазмұнын қысқартуы немесе ұзартуы, тақырыптан ауытқуы немесе оны түгелдеу өзгертіп жіберуі мүмкін.
Аударма ісі бойынша көптеген мамандар кәсіби жарамдылық сапаларының ішінен психикалық тұрақтылықты бірінші орынға қояды, және бұл кездейсоқ емес. Себебі олар ұзақ уақыт бойы сөйлеуге, жиі сөз ауыстыруларға, жоғары жылдамдықпен сөйлеуге мәжбүрлі, сонымен қатар, күні бойы өзінің жеке ойына алаңдамай, бөгде ойларды бақылау қажеттілігі-мұның бәрі психологиялық шамадан тыс жүктемелерге әкеледі. Психикалық тұрақтылық табиғи сабырлы мінезден тысқары, шыдамдылық, жігерлі мінез, жеңе білу, күрделі жағдайлардан шыға білу ептілігін қажет етуімен қатар, өз мінезін жетілдіруді, өз-өзінде саналы сапаларды дамытуды талап ететіні анық білінеді.
Байланыс, яғни басқа адамдармен қарым-қатынаста болу талпынысы кез-келген адамға жаратылысынан тән. Байланыс көптеген адамдарда жеке тұлға болып қалыптасу барысында шектеледі; жеке мақсаттар, өмір тәжірибесі, кәсіби өмірдің ерекшелігі көптеген адамдарды жиі тұйыққа айналдырады. Дегенмен, мамандықтардың бір қатары үшін, соның ішінде аудармашы мамандығы үшін байланыстың жоғарғы деңгейі қажет. Байланысқа деген саналы психологиялық мақсат болуы керек, бірақ, бұл жерде туа біткен белсенділік, ашық мінезділік туралы айтылып отырған жоқ, ол тіпті аудармашыға кедергі келтіруі мүмкін. Аудармашы тек тіл бойынша ғана емес, сонымен қатар, екі халық пен елдің мәдениеті бойынша сарапшы екенін жақсы білуі қажет, және екі жақтың арасындағы байланысты орнатуға белсенді араласуы керек.
Ауызша аударманың өзгешілігін зерттеу барысы 3 бағытта жүзеге асады. Зерттеудің 1-інші аспектісі факторлармен айналысады, түпнұсқаның мазмұнына сай аудармашының ақпаратты шығаруымен байланысты. Ауызша аударманың қабылдау қасиеті уақыт аздығымен, бірмүйізділігімен, беделін түсірумен байланысты. Түсінушіліктің толықтығы ырғаққа, аз кідіріске, шапшаңдыққа тәуелді,ал қабылдау бастапқы мазмұндық бағыттарды қабылдау кезінде пайда болады. Аудармашы қабылданған «шаршы» ақпаратты мәтіннің мазмұнына қарай болжайды, әрі қарай қабылдау үрдісінде ақпараттың есіндегі жинағы пен кемуін болжауда ұйғарып, анықтайды. Ауызша аударманың теориясы аудармадағы психолингвистикалық өзгешелікті, лингвистикалық алғы шарттарының болжамына мүмкіндік туғызады және оның әр тілдегі мағыналық, дербестік, минималдық сөздің кесіндісінен болатын тәуелділігін суреттейді.Сонымен қоса, сөздің кесіндісі құлаққа қабылдау ақпаратынан айрылу мінезіне дейін көрінеді. Тағы да айрылудың орнына қайтару факторлары болады: пәннің білімі мен сөздің орны, олар босатулардың, дауыс ырғағығының, сөздің эмоционалдық бояу мазмұннын аңғартады және т.б.
Ауызша аударманы зерттеу барысындағы 2-інші аспектісі АТ-дегі сөз түрінің даралығымен байланысты. Ауызша аударманың теориясы аудармашының ауыз-екі сөйлеудің өзгешілігін суреттейді, әсіресе, әдеттегіден ерекше болатын «аударылатын емес» сөзі. Аудармашының сөзі түпнұсқаға хабардар болады және аударма үрдісінде қалыптасуымен ерекшеліктердің тууына себепші болады. Синхрондық аудармада айту үрдісі мазмұндау үрдісімен параллель бағытта өтеді (шешен сөздің қабылдауы), бірақ аударманың бөлігі ақпарат көз сөзінің аз кідірісінде айтылады. Синхрондық аударманы лингвистикалық бейнелеуде түпнұсқаның басталуымен және осы бөлшекті аударуға бөлінген уақытқа байланысты қорытындылады. Бұл аралықтың кең шамасы екі қатарлы тіл факторымен баяндалады. Біріншіден, ол шет тіл құрылымының ерекшеліктеріне тәуелді, сөз сегментінің ұзындығын қамтамасыз етеді, бірліктерден құрылатын көпмағыналық шекарада да жалданады. Көп тілдерге тән бұл сегмент сөйлемнің құрылымы негізінде көрінеді – SPO(Субъект-предикат-объект) және бірінші кезекте бұнда етістік баяндауыш болып табылады. Кейде аудармашы аударманың басын ұстап қалады, өйткені шешен айтылған сөзінен баяндауышты күтеді. Екіншіден, аралық кең шамасының артта қалуы АТ құрылымының өзгешеліктеріне тәуелді,яғни ол айтылған сөздің бастапқы элементтерінің кейінгі дәрежеге тәуелділігімен суреттеледі. Мысалы, ағылшын тілін аударғанда қазақ тілінің бірінші сөйлемінде аудармашы кішкене уақытта ақпарат көзінен бастауыш пен баяндауышты тосуы керек «Біз Кеңес Одағымен достықты…өте құрмет етеміз» кейін аударады: «We highly appreciate our friendship».
Арнайы ауызша аударма теориясының шекарасында аудармашы сөзінің басқа да ерекшеліктері кездеседі. Бұл өте баяу артикуляция, хезитациондық аз кідіріске байланысты, варианттарды қабылдау тербелісіне байланысты, қате варианттың алдындағы аралықты 3-4 есе көбейтеді, сонымен бірге, сөздің таза дыбысталуына байланысты аз кідірістің ұзақтығы жатады. Аудармашы сөзінің ырғағы кемиді, синхронист-аудармашы биік шапшаңдықты жиі айтады және сөздің дұрыс дыбысталуына байланысты ол тез арада ұсынуымен талпынады. Келесі аудармада оның шапшаңдығы көпке төмендейді, себебі аудармашы өз жазбаларын реттеп, түпнұсқаның мазмұнын бұрынғы қалпына келтіреді.
Ауызша аударма теориясына ерекше көңіл бөлу – аудармашы сөзінің нормативтік талаптары. Оларды қолдану үшін синхрондық, ізбасарлық экстримальді жағдайда бірнеше күш қажет, яғни нақты артикуляциямен қамтамасыз етеді, қарқын теңсіздігі, акценттің дұрыс қою орны, сөздің дұрыс аяқталу құрылымы мен білімі. Бұл аударма элементтерін тыңдаушы қабілетінің қабылдауына сай «ұсынысы».
Қысым қажеттілігі ауызша аудармада (әсіресе синхрондық) түпнұсқаның толық мазмұнынын бере алмайды, біріншіден, шешен сөзінің тез шапшаңдығында аудармаға бүкіл аударылған мәтінді ұсынуы қиыншылыққа түседі. Екіншіден, ойлау қабілетінің жылдамдығы барысында аудармашының өз шектері болғандықтан, ол шешен сияқты тез айта алмайды. Үшіншіден, тез арадағы айтқан сөзді дыбысталу барысындағы дұрыстығы мен аяқталғаны жиі бейімделмейді. Қорытындыласақ, олардың аударма рецептор қатынасы және тіларалық қатынасы бұзылады.
Аударылған хабарламаны қысқанда сөз мағынасының барлық элементтері сақталынады. Айтқан сөзде ақпарат элементтері, бір-бірін бастыруы, ал аудармада хабарнаманың мазмұнын сақтап өткізуге болады. Кейде айтылған сөзде қосымша ақпарат (сыпайы түрі, тақырыптан кету) кездеседі. Әр жағдайларда сұхбаттасу барысында ақпараттың сөз түрінде берілуі міндетті емес.
Аудармадағы хабарнама қысқару үзілісіндегі кең шаманы кұрайды. Ол шешен сөзінің шапшаңдығына тәуелді және олар шет тілдердің қатынасына да тәуелді. Ауызша аударма теориясы әр тілдік жұпқа арнап сөздік қысымды құрылымдық көмек сияқты және сегменттің пайда болуын суреттейді. Қысымның тәсілінен- синонимдес сөзінің, сөйлемнің қысқарған сөзге, сөйлемге, сөз тіркестеріне ауысуын көреміз. Оған мекемелердің, мемлекет аттарының толық ауысуы жатады (БҰҰ) және баяндауыш тіркесін етістіктен зат есім болатын бір баяндауышқа ауыстырады, сол қозғалыс үрдісітігін білдіретін қосылған элементтер керісінше аударылады. Шешен тез сөйлегенде, әр түрлі сөз қысымын қолданғанда, ауызша аударудың мағынасы жазбаша аударудың түпнұсқасымен салыстырғанда 25-30% қысқартылады.
Ауызша аударма теориясының арнайы бөлімі - эквиваленттің мінезін зерттеуі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, жазба мен ауызша аудармада кейде ақпараттың жоғалуы мүмкін. Зерттелінген ауытқулардан түпнұсқа мазмұнындағы ақпарат қосылуы мүмкін. Әр ауытқудың түрлері өзіне тән кішігірім категорияларынан тұрады. Өткізулерге кіретіндер:
1) сөз туралы аз мағыналық өткізу, көбінесе эпиттетте кездеседі;
2) кеңейтілген бірліктердің аудармашыға мәтінді түсінбеушілігі;
3) мәтіннің бөлімі аударма барысындағы құрылымның қайта құру жолы;
4) шешен сөзінен аудармашының қалып қалуына байланысты.
Қосымша қосылған элементтің көптігі мінезіне қарай жіктелінеді: бөлек анықтаулар, қосымша түсінушліктер, аударма ұсынысының байланысын нақтылау болып табылады.
Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл–күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады.
Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор. Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды. Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді.
Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты. Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді.
Ілеспе аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ізбе-із аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяулай бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар ілеспелі және ізбе-із аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі. Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Ілеспе аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты.Ілеспе аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді. Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар.
Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу. Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Аудармада ақпаратты қысқарту уақыттық өрісті сипаттайды. Ол оратордың сөйлеу темпі мен түпнұсқа тілімен аударылатын тілдің сәйкестіліктеріне тәуелді. Ауызша аударма теориясы сөзді қысқарту арқылы екі тілдің құрамын, және семантикалық қайта құрылуын сипаттайды.
Оратордың жылдам темпімен айтылған мәтін аудармашы түрлі қысқарту тәсілдерін қолдана оырып мәтінді жазбаша аудармаға қарағанда 25-30% дейін қысқарта алады. Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін.
Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады.
Ілеспе аударма
Ілеспе аударма – бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
Аударманың бұл түрін кейде аудармашы мамандығының жоғарғы ұшу өнері деп атайды: ол профессионал еместердің көздеріне өте күрделі де қол жеткісіз, тіпті жұмбақтылыққа толы болып көрінеді. Бұл баяндамашының сөзімен бір уақытта аударылып отыратын аударманың түрі.
Ілеспе аударма технологиясын қолданып презентациялар, форумдар, семинарлар, конференциялар сияқты шараларды ұйымдастыруға болады. Көзге жеңіл болып көрінгенімен, бұл мамандық ұзақ әрі күрделі дайындық процесін талап етеді, инженерлерден бастап копирайтерлер мен сценаришілерге дейінгі ғылым мен техниканың әр түрлі облыстарында квалификацияланған мамандарды еліктіреді. Нюанстар мен басқа да көптеген жағдайлар мамандандырылған шешім мен осыған ұқсас шаралардың өткізілуі үлкен тәжірибені талап етеді. Кез келген ұқыпсыздық алға қойған мақсатқа жету үшін үлкен кедергі тигізуі мүмкін.
Бұл күрделі қызметті іске асыра алатын не? Әдетте біз нақтылы бір қабілеттіліктің, білім және дағдының тіркесі туралы айтамыз: мысалы, тілді еркін иелену, білімдарлық, тез әрекеттілік, қиын жағдайлардан тез шыға білу қабілеттілігі-жалпы алғанда, мұның бәрі кез-келген ауызша аудармашының ие болуы керек қасиеттерінен еш айырмасы жоқ. Дегенмен, көптеген жағдайда аудармашы аударып отырған сөйлемнің соңы белгісіз болғандықтан, оның басы әлдебір механизммен қамтамасыз етілуі тиіс.
Аударманың бұл түріне тән бірқатар ерекшеліктер мен қиындықтар бар, солардың ең бастысы–уақыттың тапшылығы. Ілеспе аудармашыға аударма жасауы үшін кезекті аудармашыға берілетін уақыттан 2 есе, ал сол мәтінді жазбаша аударуға кететін уақыттан 20-30 еседей аз уақыт беріледі. Екінші ерекшелік–аударма барысында ілеспе аудармашыдан шешеннің сөз сөйлеу қарқынына сәйкес қарқынмен аударма жасау талап етілуі. Үшінші ерекшелік–ілеспе аудармашының аударманы сөйлемдердің айтылуына қарай бөлік-бөлік (сегментті) сипатта жасауы. Төртінші ерекшелік–ілеспе аудармашының өз функциясына қоса редакторлық міндетті жүзеге асыру қажеттігі. Осындай қиын талаптар және В.Н. Комиссаров атап өткендей, екі тілді жақсы меңгерген адам аудармашы бола алады деген дәстүрлі формуланы ілеспе аудармашыға қолдануға келмейтіні ілеспе аударманың күрделілігін сипаттайды. Ілеспе аударманың тағы бір ерекшелігі-аудармашының нәтижелі жұмыс істеуі үшін оған залдың шуынан бөлек арнайы бөлмелерді қамтамасыз етіп, оның сөзін әр тыңдаушыға тиімді ету қажет. Міне, осыдан аудармашыларға арналған бөлмелер мен тыңдаушыларға арналған телефон құрылғылары пайда болды. Ереже бойынша бұл құрылғылардың таңдамалы 5-6 тілдері болады.
Ілеспе аударма ауызша аударманың ішіндегі ең жауаптысы және оның бағыты қарапайым емес. Аударманың бұл түрі аудармашының арнайы және сирек кездесетін дағдылары мен білімін, сонымен қатар үлкен тәжірибесін талап етеді. Зерттеушілер (Л.Виссон, А.Ф.Ширяев, А.Д.Швейцер) ілеспе аударманы сипаттағанда оның басты ерекшелігі ретінде сөз сөйлеу мен аударма тілінде сөз тудырудың параллельді түрде жүзеге асырылуын атап көрсетеді. Бұл – дұрыс пікір. Бірақ, біздің ойымызша ілеспе аударма бұдан әлдеқайда күрделірек процесс. Ол аудармашының сөз сөйленетін тіл мен аударма жасалатын тілдегі жеткілікті тілдік құзыретіне сүйенетін аудармасын ғана емес, аударма жасау барысында қолданылатын амал-тәсілдерді, аудармашының жиын барысында туындауы мүмкін экстремалдық жағдайларға психологиялық тұрғыдан әзірлігін, ілеспе аудармашының бойында болуы керек қабілеттер мен қасиеттер жиынтығын қамтиды.
Ілеспе аудармашының бойында болуы керек және өзі адамның өзі үйрену, іздену арқылы бойына сіңіретін қасиеттер: - Бойын жию, зейінін бір нәрсеге ғана аудару қабілеті; - Өзі атқармақшы бірнеше міндетке назарын бір мезгілде бөле алу қабілеті; - Реакциясының жылдамдығы; - Тез сөйлеуі; - Дыбыстарды анық айтуы, тілінің мүкіс болмауы; - Психологиялық және физиологиялық тұрғыдан төзімділігі және т.б. - Ой-өрісінің кең болуы, білімдарлығы; - Екі тілде таза сөйлеуі; - Сөздік қорының мол болуы; - Дикциясының жақсы болуы; - Аударатын тілдің кез келген құрылымдағы сөйлемдерін жеңіл қабылдауы және жақсы түсінуі; - Аударатын тілдің сөз орамдарын және фразеологиялық тіркестерін білуі; - Тапқырлығы, қысылтаяң тұстарда жол таба білуі; - Командада жұмыс істей алуы және т.б. Еңбекте ілеспе және жазбаша аудармашының жұмыстары сараланып қаралады. Кезінде олардың қандай параметрлер бойынша ажыратылатынына сипаттаманы канадалық зерттеуші Б. Харрис берген. Бізде А. Алдашеваның, Ә. Тарақовтың еңбектерінде ілеспе аударма ауызша аударманың бір түрі ретінде атап өтіледі, тағы бірер автордың мақалалары жарық көрген, алайда жазбаша аударма мен ілеспе аударманы салыстыра зерттеу әлі жүргізілмеген. Біздің бұл бағыттағы ізденістеріміз екі түрлі аударманы жүзеге асыруда мынадай айырмашылықтар бар екенін көрсетеді:
1) Жазбаша аудармашының қолында түпнұсқа мәтін тұтастай болады, бұл оның жұмысын жеңілдететін фактор. Аудармаға кірісуден бұрын түпнұсқаның мазмұнымен танысып алу, тұтас мәтіннің құрылымын зерттеу, талдау, мүмкіндігі бар. Ілеспе аудармада сөйленетін сөз сол жерде туындайды және айтылған сәтте «жоғалып кетеді», бұл ретте аудармашы өзінің есте сақтау қабілетіне ғана сене алады, сөйленетін сөзді зерттеп, талдау мүмкіндігі жоқ.
2) Жазбаша аударма мен ілеспе аударма жасау аудармашыға эмоциялық тұрғыдан екі түрлі әсер етеді. Мәтін аудармашыға белгісіз жағдайларда жазылғандықтан, оның аудармашыға эмоциялық тұрғыдан түсіретін салмағы онша көп болмайды. Ілеспе аударма жасау барысында аудармашыға жиынның атмосферасы тікелей әсер етеді. Ілеспе аудармашы шешеннің «қалыбына» кіреді: сол болып сөйлейді, пікірді сол болып дәлелдеп, сол болып дауласады.
3) Жазбаша мәтін мен ақпаратты қабылдау кезеңдерінің ерекшеліктері бар. Жазбаша аудармада бұл кезең кем дегенде екі фазадан тұрады. 1) аудармаға дейінгі қабылдау: мәтінді бірінші (екінші…) рет оқу барысында, аудармашы шығармаға терең бойлап, оны сезінуге тырысатын фаза; 2) аудармалық қабылдау: аудару сәтінде нақты сөздерді, сөйлемдерді қабылдайтын фаза. Ал ілеспе аударма жасаған кезде: 1) тұтас сөйлемде берілетін мағына әлі белгісіз болады; 2) аударма фразаның жекелеген бөліктерін қабылдау арқылы жасалатын кездің өзінде сөз сөйленетін тілдегі мәтінді түсіну міндетті; 3) аудармашы сөйлемді түсінгеннен кейін ғана ойша аударылған сөздерді тиісінше түзетулер жасай отырып, тұтас фразаға «жинақтайды».
4) Жазбаша аударма қалыпты жұмыс жағдайында атқарылатындықтан, мәтін біртұтас болып, ал ілеспе аударма мәтіні аударманы сөйлемдердің айтылуына қарай бөлік-бөлік (сегментті) сипатта жасау арқылы туындайды.
5) Жазбаша аудармашы, ресми құжаттарды аударуға байланысты шұғыл жағдайларды қоспағанда, аударма жасау қарқынын өзі айқындайды. Ілеспе аудармашы қызметінің қарқыны аудармашыға байланысты емес, ол сырттағы хабарлама жасайтын шешеннің сөз сөйлеу қарқынына байлаулы болады.
Осындай қиындықтарға қарамастан, аударманың екі түрінде де аударма сапасына қойылатын басты критерий түпнұсқаға баламалылық болып қалады.
Аудармадағы баламалылық – осы саламен бірге жасасып келе жатқан мәселе. Жазбаша аударма мен ілеспе аудармағы түпнұсқаға баламалылықты салыстыра отырып, тұжырым жасау ілеспе аударманы дамыту үшін аса маңызды. Өйткені, қай тілден аударсақ та баламалылық – аударма сапасының басты көрсеткіші.
Ілеспе аударма сапалы болуы үшін аудармашы аударма жасау тәсілдерін және бірқатар машықтарды игеруге тиіс. Бұл жерде реле-тіл дегеніміз – аудармашы шешеннің тілін білмейтін жағдайда сол тілден аударма жасау үшін қолданылатын аралық тіл. Біз аралық аудармашы арқылы жасалатын аударманы «сатылап аудару» деп жүрміз. Тәсілдерге тоқталайық:
Ілеспе аударманы қағазға қарап отырып аударуды жүзеге асыру тәсілі және оның сипаттамасы: Аудармашы бұрын көрмеген мәтінді алып, түпнұсқа тілде жасалған баяндаманы тыңдап әрі қағаздағы мәтінге көз жүгірте отырып, аударма жасайды. Бұл аудармаға төмендегідей ерекшеліктер тән.
Міндетті қиындататын факторлар: Басы артық паузалар, қайталаулар жасамай бір қалыпты сөйлеу қарқынын сақтау; Орташа есеппен минутына 100 сөз айтылатын жағдайда екі есе дерлік жылдамдықпен оқуды қамтамасыз ету; Бір мезгілде оқу, аудару және өз аудармаңды айту қажеттігі.
Міндетті жеңілдететін факторлар: Түпнұсқаның келесі бөлшегін көріп отыру мүмкіндігі; ол бөлшекті өз бетіңше бөле алу; Айтылуы қиын сөздерді көзбен көру, сол арқылы оларды аударуды жеңілдету мүмкіндігі.
Қажетті машықтар: Аударма тіліне тез ауыса білу, дайын баламаларды жартылай автоматты түрде қолдана білу; Аударманы айту мен түпнұсқаның келесі бөлігін оқуды бірге атқара алу; Іштей тез оқи білу.
Аралық аудармашының көмегімен «сатылап» ілеспе аударма жасауды жүзеге асыру тәсілі және оның сипаттамасы: БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты ірі халықаралық ұйымдар өткізетін жиындарда реле-тіл қолданбайды. Бірақ, басқа халықаралық іс-шараларда мұндай аудармалар жиі жасалады.
Міндетті қиындататын факторлар: Аралық аудармашының сөйлеу ерекшеліктері (сөйлеу қарқынының тым жылдам болуы, дикциясының нашарлығы, сөйлемді дұрыс құрай білмеуі); Шешен сөзінің паузаларының, интонациясының сақталмауы; Түпнұсқа тілде айтылған ақпараттың аралық аударма барысында жоғалуы.
Міндетті жеңілдететін факторлар: Ғылыми лексиканың ауызекі лексикаға айналуы; Қатысушылардың басым бөлігінің шешенді немесе аралық аудармашыны тікелей тыңдау мүмкіндігінің болуы.
Қажетті машықтар: Ауызша сөйленетін сөзді жақсы түсіну; Аралық аудармашының емес, шешеннің интонациясын беруге ұмтылу.
Ілеспе аударманы ешқандай дайындықсыз, қағазда жазылған мәтінсіз жүзеге асыру тәсілі және оның сипаттамасы: Әдетте шетелдік шешендердің басым көпшілігі талқыланып жатқан мәселе бойынша түйген ойларын ауызекі тілмен ортаға салады. Қағазға қарап отырып, бір де бір сөзін қалдырмай оқу – негізінен біздің елдегі саяси дискурсқа тән.
Міндетті қиындататын факторлар: Шешеннің баяндаманы тым жылдам оқуы; Сөйлемдерінің ауызша аударма жасауға лайықталмай, шұбалыңқы құрылуы; Шешеннің дикциясының нашарлығы, тілінің мүкістігі; Баяндамасында бейтаныс терминдерді, атауларды пайдалануы.
Міндетті жеңілдететін факторлар: Қатысушылардың басым бөлігі шешенді түпнұсқа тілде тыңдайтын және түсінетін факторды қоспағанда, аударманың бұл түрінде жеңілдететін факторлар жоқ деуге болады.
Қажетті машықтар: Реакцияның жылдамдығы; Аударманы айту мен келесі сөйлемді тыңдауды бір мезгілде атқара алу; Ақпаратты тұжырып айта білу; Тез ойлау, тез аудару, тез сөйлеу қабілетінің болуы; Психологиялық және физиологиялық төзімділігі; Сөз сөйленетін сала мәселелерінен хабардар болу; Терминдерді, атауларды, дайын баламаларды жартылай автоматты түрде қолдана білу; Бейтаныс сөз тіркестерін құбылтып аудару қабілетінің болуы.
Ілеспе аударма мәтіндік материалдардың берілуін тұспалдайды. Ілеспе аударманың жетістігі үшін талқыланып отырған мәселені алдын ала толықтай зерттеп алу қажет, бұл жерде импровизацияның қажеті болмайды, себебі ілеспе аударма кезінде аудармашының сөйлемдерді түзетуіне немесе естігенін ойлануына еш уақыты болмайды. Ілеспе аударманың кезекті аудармадан айырмашылығы да осы.
Ілеспе аударма пайда болғанға дейін халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникация кезектіаударма арқылыжүзеге асырылды. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе б) тұтас бір ойды айтып тоқтағаннан кейін аудара бастайды. Ал мұндай келісім жасалмаған болса аудармашының шешенді тоқтатуына, сөзін үзуіне құқығы жоқ.
Ізбе-із және ілеспе аударма жасау жақсы аудармашы болумен қатар аудармашыдан лингвистикалық құзыреттілікті, лингво-мәдени құзыреттілікті, коммуникативтік құзыреттілікті талап етеді. Аудармашы сөз сөйленген тілдегі сөйлемнің синтаксистік құрылымын жедел қабылдап, оны аударылатын тілдегі баламалы синтаксистік құрылыммен тыңдаушыларға жеткізуі керек. Бұл ретте З. Ахметжанованың аудармашының «екі тілді тамаша біліп, еркін сөйлеп қана қоймай, ол тілдердің грамматикалық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуі» қажеттігі туралы пікіріне қосыламыз.
Кезекті аударма мен ілеспе аударманың орындалуында да, аудармашы организміне түсетін психо-физиологиялық салмақта да, адам бойындағы қабілеттерді жұмылдыруды қажет етуде де бір-бірінен айырмашылығы көп.
Аудармашылар жұмыс істейтін мекемелерде өз-өзін ұстау ережесі мен ортақ тәртіптен басқа, әр будкаларда өзінің әдеп нормалары болады. Мысалы, синхронистер жұмыс уақытының көбінде құлаққаптармен отырады, сол себепті аудармашыға жолығушылардың (соның ішінде әріптестерінің) дауысын есту қиынға соғады. Сол себепті, егер жұмыс жасап отырған аудармашыға жедел түрде бір нәрсе хабарлау керек болса, мейлі ол термин немесе басқа да ақпарат болмасын, оның назарын алғанша,
оған хат жазған жөн болады; әйтпесе, ол құлаққапты шешуіне немесе микрофонды жабуына тура келеді, ал бұл-сөйлемнің бөліктерін жіберіп қоюына әкеледі. Аудармашы уақытша жұмыссыз отырған кезінде де, ол мәжілістің жүру барысын зейін салып бақылауы керек.
Будкадағы өзін-өзі ұстау ережелері-жазбаша мәтіндерді қолдану мәселесі секілді, аудармашы қызметінің әдеп және техникалық егжей-тегжейі ғана. Алайда, аудармашылардың өз ісінде шатаспауы және жасықтанбауы үшін, синхронисттердің өздері ойлауды қаламайтын кейбір мәселелері бар. Ең алдымен, бұл олардың көп қызметті рөліне жатады. Шындығында, қалай естуге, түсінуге, айтылған сөйлемдерді есте сақтап қалуға, қажет болып қалғанда оны дамытуға немесе қысқартуға, оның синтаксисін өзгертуге, сонымен бірге ақырын және тыныш дем ала отырып, дәл және байсалды сөйлеуге болатыны, тек синхронистке белгілі.
Әрдайым формада бола білу, әрбір ауыстырылатын сөйлемге тез реакция көрсету, ұғымдар мен ойлардың бір уақыттағы тапқырлығы-синхронисттің жұмысының мәні болып табылады. Осы облыс мамандарының бірі айтқандай «аудармашылардың арасында баяу аңғарымды немесе сөзбайлығы жоқ адамдарға орын жоқ».
Синхронисттің жұмыс жағдайлары психологиялық қатынаста тiптi жеңiл емес. Кез-келген сөйлеші аудармашыға емес тыңдаушыларға қарап сөйлейтіндіктен,
синхронистке екі рөлді атқаруына тура келеді, ол-ақпаратты қабылдаушы және жіберуші бола отырып, екі істі бір уақытта орындау.
Аударма-механикалық қызметтің бір түрі және кез-келген бірнеше жүз сөзді жаттап алған адам синхронисттің міндеттерін орындап шыға алады деген ілеспе аудармашылардың жұмысқа қарым-қатынасы туралы ой Америкада кең таралған идея болып табылады. Осындай қиял әсіресе құрлықаралық бейнеконференцияларда жиі қолданылады, себебі іс-әрекет орнынан бірнеше мың километрде отыратын аудармашы өзінің дара билігінен ажырайды.
Өзімен-өзі бөлектенуінің сезімі аудармашының ақыл-ойына қарамастан, оның психикасына өз әсерін тигізеді. Бұл тіпті оның жанында өз әріптесі отыратынына және ол екеуі де бір-біріне көмектесетін ұжымның мүшелері болып табылатынына қарамайды. Бірақ, аударма басталған кезде синхронист залға жалғыз өзі шығады. «Ол тек өзіне ғана сене алады, өзінің интеллектуалды қорларына, өз біліміне, өз энергиясына үміт арта алады. Ол жалғыз жұмыс істейді. Оның тыңдармандары неғұрлым көп болған сайын, аудармашының бөлектену сезімі соғұрлым ұлғаюы мүмкін».
Аудармашыға тигізетін келесі психологиялық қысым-оның жіберетін қателіктерінде. Маңызды келіссөздер кезінде бір ғана қателіктің немесе абайсыздықтың кесірінен аудармашы атына «кір түсетін кездер» де болған.
Аудару дегеніміз-ең алдымен түсіну дейді. Ал түсініп аудару үшін дарындылық, білім мен арнайы дайындық қажет. Ол өте жақсы ұзақ және қысқа уақыттық ес, тез жиналушылық, шыдамдылық, интуиция, суырып салма қабілетіне ие болуы керек, сонымен қатар екпін мен тілдің нюансын тез ұғынып, сөйлеушінің стиліне тез үйренуі қажет.
Синхронисттің тағы бір күрделі де маңызды міндеттерінің бірі-ол, сөйлеушінің екпінін түсінуі, яғни ол ызамен, мысқылмен немесе ынтасыз сөйлеп тұрғанын байқау. Алайда, аудармашы өкілеттіктерге немесе талқыланатын сұрақтарға деген өзінің қарым-қатынасын білдіртпеуі керек. Жұмыс барысында аудармашыға мәжіліс жүргізудің ережелері мен тәртібін айтпағанда, политикалық келіссөздердің, географиялық, әдеби, дүниежүзілік тарихтың терминологияларымен жұмыс істеуіне тура келеді. Мамандандырылған аудармашы ғылыми конференцияларда көп қолданылатын техника мен табиғаттану сияқты салаларымен хабардар болуы тиіс.
Жоғарыда айтып кеткенімізге сүйене отырып, ілеспе аудармашыны әзірлеу процесі көкейтесті мәселе болып табылады деп қорытынды жасауға болады.
