Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,2,7,10,19.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

3. Оқулықпен жұмыс істеу жолы.

Қазақ тілінің оқыту құралдары

Оқулық дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап. Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді. Нақты әдістемелік құрылымы арқылы оқулық оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқулықтың тілі оқушы тілінің дамуына әсер етсе, оның көркем безендірілуі әдемілікке тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Оқулыққа қойылатын талаптар: 1) мазмұны жағынан ғылымның қазіргі жетістігіне сәйкес болуы керек, 2) оқушыларды тәрбиелейтіндей болса игі. Оқулықта теорияны практикамен, өмірмен, қоғамдық өндіріспен байланыстыру жағы басым болады. Оқулықтағы бөлімдердің өзара байланыстары біртұтас болу керек және әр бөлім тиянақталып отырғаны жөн. Оқулықпен, оқу құралдарымен жақсы ұйымдастырылған, жүйелі жүргізілген жұмыс оқушылардың қазақ тілінен алатын білімдерін моалйтып, жағдылары мен іскерліктерін жетілдіреді. Қазақ тілінен жұмыс жүргізуде оқулықтың маңызы мен алатын орны. Қазақ тілінен білім беру мен дағдыға төселдіріп, іскерлікке үйретудің бірден бір көзі болып табылатын оқулық пен оқу құралдарын оқыту процесінде де, оқушының бағдарламалық материалды меңгеру процесінде де, оның сыныптағы және үйдегі жұмысында да шешуші орын алады. Мұғалім оқулық пен оқу құралдарын жаңа материалды, ережелер мен анықтамаларды түсіндіргенде де, жаттығулар мен тапсырмаларды орындаған кезде де, келесі сабаққа берілген үй тапсырмасына түсінік бергенде де қолданады. Оқулық қайталау сабақтарында да ең сенімді, қажетті құрал болып табылады. Оқулықтағы материалды оқу әрбір жаңа жолдардың арасындағы байланыстың болатындығын көрсете отырып, сұрақтармен қоса жүргізілуі керек (Мына бөлімде не туралы айтылады?) одан әрі қарай оқушылар оқулық бойынша мұндай жұмыстарды істеуге өздері де дағдыланатын болады, яғни мұғалімнің жәрдемінсіз орындайды. Мұнда оқулық тексінде кездесетін қиын ұғымдарға, терминдерге, күрделілеу құрылған анықтамаларға мұғалім түсінік беруі қажет. Ал кейбір жағдайда оқулықтағы анықтамалар мен ережелер, қорытындылар оқылып, сол жайында түсінік беріп отыру да пайдалы.Оқулықта келтірілген кестелерге талдау, үйге берілген тапсырмаларды орындаудың үлгісін көрсете отырып түсіндіру, оқушылардың оқулықпен, жаттығулар жинағымен жұмыс істеу дағдыларын, жалпы кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Бірақ кітаппен жұмыс мұғалімнің жанды сөзі мен оның түсіндіруін ешбір айырбастай алмайды. Оқулықта материал мөлшері неғұрлым түсіндіруі үлкен рөл атқарады. Екінші жағынан, мұғалім оқулықта айтылғандардың бәрін көз жұмып қайталай беруіне де болмайды, оған сын көзімен қарап, жаттығулардың ішінен орындалуға тиістісін талдап-талғап алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]