Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,2,7,10,19.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

19 Тақырып. 1.Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ

Дәстүрлі сабақ түрлері.

1. Аралас сабақ – практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.

2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.

3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.

4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл

аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары:

а) Бекіту сабағы-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауға үлкен қызмет атқарады.

ә) Семинар сабағы-оқушылар білімін тереңдету мақсатында жүргізіледі.Білім мен біліктілікті және дағдыны толықтыра түсуі мақсатында жүргізілетін жұмыс түрі.

б)Пресс-конференция сабағы- оқушылардың іскерлігін танымдық белсенділігін арттыратын жұмыс түрі.

в)Тексеру сабағы-оқушылардың қазақ тілінен өткен тақырып қаншалықты меңгергендігі байқалады.Оқушылардың дағдыларын тексеру үшін өткізіледі.

г) Талдау сабағы- Оқушылардың ауызекі тіліндегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателіктерін арнайы талқылау үшін өткізіледі.

ғ) Сынақ сабақ-оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын тексерудің тиімді әрі қолайлы түрі.Біріншіден, оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын тексеру мақсатында өткізілсе, екіншіден, өтілген тілдік материалдарды қайталау,жинақтау және қорыту бағытында жүргізіледі.

д) Қайталау сабағы- қазақ тілінен өткен материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыс түрі.

Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.

Дәстүрлі емес сабақтар

Жалпы сабақтың екі түрі бар. Оның бірі – дәстүрлі сабақ болса,екіншісі – дәстүрлі емес сабақ. Дәстүрлі сабақтың мақсаты: мұғалім білім беруі қажет. Бұл жерде мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенді. Ал оқушылар тыңдайды, тапсырманы орындайды. Оқытудың басым түрі-түсіндіру. Тек біржақты қатынас. Мұғалім жеке оқушылармен де жұмыс істеуі мүмкін.Күнделікті өткізетін сабақтан гөрі оқушыны дәстүрлі емес сабақтар қызықтырады.

Дәстүрлі емес сабақтың мақсаты: Оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұл жерде жұмыс топтық не ұжымдық болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім бағыттаушы. Мұғалім жұмысты тапсырмасының орындалуына қарай ұйымдастырады.

Дәстүрлі емес сабақты оқытудың әдістеріне қойылатын талаптар:

- сабақта оқушылар тек білім алып қоймай, оны жан дүниесімен

сезінуі керек;

- алдыңғы сабақтарда алған білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге

мүмкіндік беру;

- сабақта оқушылардың білімқұмарлық, пәніне деген

қызығушылықтарын, жұмысқа деген ынталарын арттыру;

- сабақ мұғалімге оқушылардың жеке қабілетін зерттеуге, солардың

ішінен дарынды балаларды анықтауға көмектесуі керек;

- оқушы білімін тереңдетуде сабаққа оқушының көңілін оқу

бағдарламасының негізгі мазмұнынан басқа жаққа бұрмалау;

- сабақта оқушы өзін зерттеуші жағдайда сезінуі тиіс. Теориялық

және практикалық заңдылықтардың арақатынасын ажырата білу;

- сабақта оқушыны дамыту және жетілдіруді, тапсырманы өз еркімен

міндетті түрде орындау қажеттілігін үйлестіру қажет;

- сабақта оқушылардың өмір сүруіне қажетті, қызықтыра алатын

элементтерді қолдану;

- сабақтағы оқу материалы жеңіл, олардың даму деңгейіне сәйкес

болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]