Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,2,7,10,19.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

2.М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы халық өкілдері.

Жақсылық пен жамандықтың. Еңбекші халық пен шонжар топтың арасындағы мәңгі бітіспес өткір тартысқа құрылған эпопеяда Абайдан басқа бір шоғыр халық өкілдерінің бейнесі жасалған. Олар: Дана қарат Дәркенбай көкірегі өрт, сенімі сезімі серт намысты да шыншыл өр тұлғалы базарлы Абайдың айнамас досы Ербол әнші Біржансал затон жұмысшылары Әбді, Сейіт Тәкежаннвң малшысы Иса, ақын Дәрмен, Әділет, жақсылық жолындағы қауіп қатерге. Қиындыққа толы күрес тартысында Абай оларды арқа тұтса адамдық намысы үшін жауыздықпен жағаласып арпалысқан әрекет тіршілігінде бұларда Абайды пана тұтады жазушы жатақтардың басшысы халық намысын жоқтайды қорғайда білетін өжет тілді Дәркембай бейнесін жақсы тұлғалаған. Ұзақ жылдар аталасым руласым деп бай ағайындарына еріп солардың қозын жеккен Дәркембай жасы ұлғайған шағында өзі сияқты тұлдыры жоқ кедей жатақтарға келеді. «Күйі бірдің күні бір. Туысым аталасым емес , өзіме мұңы бір, бейнеті бір жатақтар», дейді ол Абайға сыр ашып. Өмір сырын терең ұғынған Дәркембай жатақтарға ақылышы ұйтқы болып қысталаң сәттерде олпрдың мүдесін қорғай алатын батыл да қайратты тапқыр мінезімен көрінеді. Меккеге жүргелі тұрған Құнанбайдан кешегі жазықсыз өлген Қодардан қалған тұйяқ – Дәрменнің үлесін даулауы немесе жатақтардың аз ғана мал жұрты ұшырау қаупі туғанда тәуекелге бел буып малды Тәкежан қорығына жағызу секілді батыл, кесек әрекеттерді мұның айқын дәлелеі Дана қарттан Абайда көп нәрсені үйренеді. Дәркембайдың ақыл парасаты мен туыралығын Абай балалары мен айнала төңірегіне де өнеге етеді.

3. Мақал – мәтел, жұмбақтарды таныту жолдары, тәрбиелік мәні.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ,жұмбақтарының барлығы дерлік өлең түрінде келеді.Және ондағы сөздер өзара үндесіп,үйлесип,ассонанс,аллитерациялар мол болады.

«Сөздің көркі –мақал»деп атамыз қазақ тоқсан ауыз сөзді тобықтай бір түйін арқылы жеткізіп отырған.

Қазақ мақал –мәтелдері туралы Абай өте дәл пікірлер айтса,оларды теориялық тұрғыдан А.Байтұрсынов,Х.Досмұқаметдов, С.Сейфуллин, М.Әуезов,С.Мұқанов, Б.Шалабаев, М.Ғабдуллин, Б.Ақмұқанова, Ә.Қайдаров, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев зерттеді

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.

Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын , сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]