Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,2,7,10,19.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

3.Повесть жанрын оқыту жолдары. Б. Маилиннің «Шұғаның белгісі» повесі.

Бейімбет Майлин — ақын. Әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты. Майлин — реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-

қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық, ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды.Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін

тотыньң түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі — жеңіл түрі, ырғағы, ұйқасы...

— Абай реформаларынан көш кейін жатады. Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет — қазақ өлеңінің асқан шебері» деген пікір ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда өлеңдерінде бәсең, әлсіз.Олай болса, Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?

Екі нәрседе — жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден, Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.

Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясындаөзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты.Осы екеуінің устіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды (эзіл-әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығыньң өзгелерден окқшау тек өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленді де, оның, жоғарыда айтылғандай, казіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан улесі анықталады.

10-тақырып. 1 .Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері тағдыры.

Момақан тау, шипа көл, бетегеден киіз төсегендей тыныш алаң, қыз қайың жігіт қарағай арасында қу бас ілінген ағаштың көлеңкесінде бір қара шала отыр. Іляс поэмасының қаһарманы. Ақан өмірінің трагедиялық беттері ақындық баяндауда кеңінен ашылады. Автор өз кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай «тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған » деп ашық айтады. Тентіреп тау таста жұру себебінің әлуметтік, қоғамдық сырын ашады. Жау қанжары жүрегін жаралаған ащы тіл асау мінез, өр талант иесі сұм заманда, отаршылар билеп төстеп тұрған кері кеткен дәуірде жалғыздық азабын тартады. Ерге тұсау зорға думан болған зар кезеңнің құрбаны ақын сері әнші дарынын жерге тыққан қара куш қаңқу сөз қызыл көз қызғаныш қана емес ең басты дерті патша өкіметінің ата қоныс туған жерін тартып алып тентіретіп жіберу еді.Елдің шерін зарлы өлең ащы әнге қосқан Ақаның табынар тәңірісі- табиғат, көздің шарасындай мөлдіреп жатқан Бурабай көлі, асанға шаншылғын Оқжетпес бауыры. Сұлулыққа ғашық сері мөлдір көлге шомылып орманға ұйықтап өлең айтып, күй таптып кірн өмірдің тіккен тұрмыс, улы өсегінен аулақ жүреді.

Бір кезде төренің қасына еріп жүйрік ат, сонар саят қызығын көреген саңылақ мініп, сұлу сүйген Ақан мәнсіз пәтуәсіз дырдудан жалығады. Әсіресе, Ақмарқа сұлуға үйлене алмай, аһ ұрып қалған соң, көп ортасынан мүлде жырылып тағы болып аулақтанып кеткен.

Ақан сері мсен Батыраш бұрыннан бірін-*бірі білетін адамдар ретінде суреттеледі. Өр көңіл, жуан кеуде, аусар Батыраш-сұлу әйел, жүйрік ат, бақ-дәулет өзінде ғана болсын деп үйренген іш мерез. Ұр кеппе, томырақ мінезі ешкімге, мойымаған. Арқаға даңқы шыққан Құлагерге қызығып, Ақанға кісі арқылы сөз ссалып, құда, тамыр көңілдес болам деп, алтын жамбы жесір әйел, үйірлі жылқыға жүйрігін берсін деп сәлем жолдайды. Бұл сұрауға илікпеген Ақанға кек сақтап, ішіне қаны қатқан Батыраш ерегіспен баптаған, сұлы жегеізген, сүр жегізіп, сүт беріп, мәпелеп, белдеуге байлаған жүйрік- Көк тұйғын.

Аққан мен батыраштың бетпе бет кездесу сәті екуінің от шарпыған, қылыштай, диологтары арқылы беріледі. Батыраш аққаның кедейлігін жалғыздығын бетіне басып, «Төренің атын ертен өскен байғұс ел қарауыл едің» деп кемсітеді, сүйегін сындырады. Жеті ортада жалғыз жүрген ақан дәл осы сәтте құлагерге тағдырдың не дайындап тұрғанын ойна қапйдан алсын «ауылым қоңған Сырымбет саласының» деп шырқап ән скала береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]