- •2.Мағжан Жұмабаев поэмалары. «Батыр Баян» поэмасының оқиға желісі, поэмадағы Баян бейнесі.
- •3. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезеңдері.
- •2.Ахмет Байтұрсынов ақын, көсемсөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері.
- •3. Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •3.Повесть жанрын оқыту жолдары. Б. Маилиннің «Шұғаның белгісі» повесі.
- •2.М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы халық өкілдері.
- •3. Мақал – мәтел, жұмбақтарды таныту жолдары, тәрбиелік мәні.
- •19 Тақырып. 1.Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ
- •2.М. Дулатұлының қазақ әдебиетіндегі алатын орны. « Бақытсыз Жамал» ромакнының тақырыбы , идеясы
- •3. Оқулықпен жұмыс істеу жолы.
3. Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
Негізгі ұғымдар:көрнекілік, көру, есту көрнекілігі, жинақтау.
Оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі ретіне көрнекілік құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқу-тәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. “Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.
Көрнекілік әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:
- көру көрнекіліктері;
- есту көрнекіліктері.
Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.
Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
7-тақырып. 1.Лиро – эпос жырларының тақырыбы, мазмұны, идеясы жағынан эпостық жырлардан айырмашылығы. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблуков, орыс халқының ұлы ақыны А.С. Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастауы алмаса да, «Қозы Көрпеш» жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Г.Саблуков жырдың бір сюжетін 1830 жылы Семей губерниясындағы Көкжиектеді жүрген орыс чиновнигінен түсіріп алады. Мұндай нұсқалар оның қолында көп болған. Оларда Шөже жырының әсері, содан туатын діни сарындар, ержегілік арна күштірек. Жырдың басқа да нұсқалары аз емес. Мысалы, «Қозы Көрпеш» жырының әлеуметік- реалистік мазмұны басым үлгісін 1833 жылы А.С. Пушкин жазып алып, сол жайында поэма жазуды жоспарланғаны анықталды, — дейді фольклорист, ғалым Ә. Қоңыртбаев өз еңбегінде. Жырдың сюжетін А.С. Пушкин Жайық бойындағы кіш жүз қазақтарынан жазып алған. Бұл вариант айрықша бағалы, халықтық мазмұны күштірек болғандықтан, академик А.С. Орлов өзінің «Казахский героический эпос» деген еңбегінде орысының прогресті жұртшылығын ең алғаш қазақ халқының тамаша эпосы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырымен таныстырушы А.С. Пушкин болды деп дұрыс айтады.
Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, демократы Ш. Уәлиханов жазып алған. Бұл өзіне мектеп жасаған дарынды айтушы, қобызшы Жанықтың өз аузынан шыққандықтан және Шоқанның, Г.Н. Потаннинің жақсы бағалаған жыры болғандан «Қозы Көрпеш» дастанының бір құнды варианты делінеді. Жалғыз–ақ Жанақ нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен жоқ.
«Қозы Көрпеш» жырының варианттарын сюжетіне қарай үш түрлі салаға жіктеуге болады:
1. Мұнда жырдың көпшілік сюжеті трагедиялы болып келеді. Оған Шоқан – Жанақ, Березин, Пушкин, Чеканский, Кастанье, Машанов, Тверитин, Әбенов, Жылқайдаров, Батырханов, Дербісалин, Ұлғашев нұсқалары, барыбы, башқұр, ұйғыр тіліндегі, тағы басқа бірнеше ұсақ кестелер жатады.
2. Жырдың бұл саласында трагедиялық аяқтама жоқ. Оларда Қозы мен Баян феодалдық қоғам жағдайында өздерінің армандарына жетеді. Бұл — В.В. Радлов пен Бейсембай нұсқасы. В Радлвтың қазақ арасынан жазып алған «Қозы Көрпеш» жыры трагедиясыз болса, барыбы татарларынан жазып алғаны- трагедиялы.
3. Соңғы салаға жататын нұсқалар — Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбалары. Бұл варианттарда Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі..
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры қазақ даласындағы барлық лиро- эпостық жырларға жол салған шығарма. Сол негізінде «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Есім сері-Зылиха» сияқты көптеген ғашықтық жырлар туған.
2.Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батыр мен қалмақ қызының бейнесі, жырдағы аңыздар.
Поэма 1929 жылы жарық көрді. «Көкшетау» Сәкен поэмаларының ең көлемдісі. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркемдік стилі түрлі деңгейдегі шығарма. Поэма басталғаннан ақ ақын дыбыс пен қимыл келістілігіне ден қояды. Бірден табиғат әсемдігі төгіле суреттеледі. Адами қасиеттерді Көкше бойына жинап, поэтикалық бейне жасауда да автордың өз ұстанымы бар. Дамылсыз жауынмен «бетін жуған», жай сұлу емес, «кербез» сұлу Көкшетау ақынның сөз мағынасын кеңейтуінің нәтежесінде тазалықтың, пәктіктің мекеніндей әсер береді. Ақын сексен көлді басқа ыдыс емес, ұлттық ұғымға жақын «кесе аясында» алып, оның әдемілігін әсерлеу үшін «алтын» сөзін көрнектеуіш құрал ретінде пайдаланады. Адами сыйластыққа тән қылық есен саулықты бұлттардың сұрасуы тек жандандыру әсері ғана емес, Көкшенің қадір қасиетін арттыруды орайластыру тәсілі. «Қарттардың баян қылған әңгімесін» Сәкен поэманың «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес» «Жұмбақ тас» бөліктерінде баян етеді. Ақын Көкшедегі жер аттарының аталу мерзімін, ежелгі аңыздар сарынын өзі суреттеп отырған Абылай заманына әкеп таптық мүддеге орай өзгерткен. Поэма кеңестік саясаттың адамның ойлау формасын өзгертуге ынталылығын тұспалдайды. Бұратана халықтың ханы да, биі де, байы да, олардың тұқымдары да қара халықты езуші, тап жаулары ретінде тұлғалануын сол тұстағы идеология қатты қалады.
Т.Жұртбай Зейнолла Сәнік пен Бейсенғали Садақанұлының «Қабанбай батыр» кітабындағы «Еспенбеттің Адақ аталуы және Маржан қыз оқиғасы» әңгімесін байыптай келе: «Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батыр осы Еспенбет» деген ойды айтады /3,123/. Бұған поэмада оқиға аңыз ретінде суреттелсе, әңгімеде нақты деректер, адамдардың аты-жөні берілетінін алға тартады. Еспенбет есімі қалың жұршылыққа Дулат Бабатайұлының «Еспенбет», М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедияларымен таныс. Қазақ жерін қалмақтардан азат етуде ерлігімен көзге түсіп, халық арасына кең танымал болған Еспенбеттің аталған әңгімедегі бейнесінен «Көкшетау» поэмасындағы Адақ бейнесі онша алшақ емес. Оқиғалардың баяндалу үрдісі де жақын. Поэмада жігіттің Адақ аталу себебі «күресте қалың қолды адақтатқан» тіркеспен ғана беріледі.
Әңгімеде Шаған шайқасында қолға түскен қалмақ қызына Абылай ханның «Кімді ұнатса соған барсын, басқамыз кеңшілік етелік!» деп ерік беруі, қыздың үш сыны, Оқжетпестің «Оқжетпес» аталуы баяндалады. Қыздың үшінші талабы тұсында: «Батырлардың кекселері бұл жұмысқа қатынаспай, қызығын көріп, тамашалап тұрыпты. Ал жастардан мынадай деп белсеніп шығып, бұл жұмбақтың мазмұнын шешетіндей ешкім болмапты. Сонда Қабекең (Қабанбай батыр Н.Р) жан-жағына қараса садақшылар тобының сардары, халықтың амандығын қорғау үшін далада жүріп жаңадан келген Еспенбетті көзі шолып қалыпты, Қабекең «Сен неге қатынаспадың?» дейді. «Мен жайырақ келдім, сырттай көріп тамашалап тұрмын. Бірақ мына бәсекеде жасырынған мол сыр жатқан іспеттенеді» дейді Еспенбет. Қабекең: «Жастардың бірісің, сен де қатынас» депті қызға естіртіп, Еспенбетке рұхсат ет дегендей сыңай білдіріп. Сонда Еспенбет: «Егер сіздер лайық тапсаңыздар мен де қатысып көрейін. Мен осы бәсекенің екі түріне қатынасайын, біріншісі – садақ атуға, екіншісі - соңғы айтылған астарлы сырға қатынасайын. Егер лайық болса қыз зеңгір тастың басына орамалын тігіп өзі жерге түссін» деген талабын қойыпты. Содан жұрт қызды шақырып алып, орамалын тастың басына тіккізіп, онан кейін түсіріп, қаратып қойып Еспенбеттің атуына кезек беріпті. Мерген садағын керіп, жебесін қадап, қырындай тұрып тартып қалғанда жазайылдың оғы орамалды қыран ілген қаздай жалп еткізіп ұшырып түсіріпті. Қыз еріксіз басын иіп тағзым етті. Оған кешірім дейтін бір дәстүр бар емес пе? Бұған өзінің неше рет тағзым етуі қателегімді кешір дегендік қой. Оның үстіне бұл қыз уәдеге берік көрінеді, махаббат қадірін өмірінен жоғары қоятын шынайы адал адам екен. Егер бірінші ретте жебе орамалға тисе онда тастан ұшып өлу үшін ең биік тасқа шыққан екен. Екінші жолы батырлардың бірі бәсеке бойынша бірінші болып төбеге шықса, онда шыңырау суға түсу қаупі бар екен. Мен басында осыны сезіп қатынаспадым. Ал енді сынақ бойынша қызды мен алуға тиісті болсам, соңғы қырғи құрлы болмаймын ба, нәпсіге ілесіп осынша сүйіспеншілік байлаған адамды қорлауым намыс болар, ерлік болмас деп ойлаймын. Екінші, осы қыздың тегі мұсылман сияқты, олай болса ислам шариғаты бойынша алғанда зорлау күнаһарлық болады. Хан алдында қараның билік айтуына жол жоқ қой. Ендігі билігін тақсыр ханекең өзі айтсын. Сонда Абылай хан мынадай билік айтқан екен:
Сөзден ұтқан қиянаттан жаны аулақ Адақ қыз басына ханнан сауға сұрап, еліне аттандырып тұрып: «Сұлу бикеш, өлмесе, тауып алсын жомарт ерін» деген тілекпен аттандырып салады. Поэма осы оқиғамен аяқталса, көркемдік жағынан да, композициялық тұтастық жағынан да ұтпаса кемдік көрмес еді. Негізінен «Көкшетау» поэмасы оқырман жадында осы оқиғамен есте қалатынын жоққа шығара алмаймыз. Поэманың соңғы тараулары саяси бағдардың құбылысын аңдатудан туған дүниелер. Тіршілік толқынысының ағысы Сәкен қаламын бұрды, идея үшін көркемдік құрбан болды. Осы тұста С.Садуақасұлының: «Өткенді ескергенде Сәкеннің ақындығы өзгеше қозады Сәкеннің жақсы өлеңдерінің бәрі өткеннің сипаттары.» Поэманың соңғы бөлігінің көркемдік деңгейінің солғындауына кеңестік дәуірді мадақтай суреттегенмен, оның қалқасындағы шындықтан шет дүниелер әсер еткені аңғарылады. «Көкшетау» поэмасының эстетикалық нысанасы – адамгершіліктен алшақтамау.
