Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1,2,7,10,19.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

3. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезеңдері.

НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

- оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау жұмысын үйлестіру;

- сабақ кестесін үйлестіру және тексеру секторы жұмысын үйлестіру;

- ЖОО-ғы оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау, диагностикалау, болжау, ақпараттық әдістемелік және материалдарды жасауға қатысу;

- оқу үрдісіне қатысты құжаттарды өңдеу және көбейту;

- оқу жұмыстарының барысын жиі және жедел қадағалауды жүзеге асыру, оқу үрдісі барысындағы тәртіп бұзушылықты жою және түзету үшін ескерту шараларын қолдану;

- модулді білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс бағдарламаларын жасалуын және олардың орындалуын қадағалуды жүзеге асыру;

- сабақ кестесінің орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;

- сағат бойынша төлеу есебін жүргізу;

- «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссия, Мемлекеттік аттаестациялық комиссиясы жұмысын жүргізу және талдауды ұйымдастыру»;

- кафедралардың оқу жүктемелерінің орындалуын қадағалау

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау басқармасының мақсаты– кәсіптік білім шеңберінде білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік линцензияға сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару.

Міндеттері:

- Университеттің оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру;

- факультет, кафедра және басқа құрылымдық бөлімшелердің оқу үрдісімен жұмысын үйлесімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

- іс-қағаздарды және білім алушылар контингенті туралы есеп деректерін дайындау, оқу үрдісін ұйымдастыру;

- кафедраның ОПҚ-ның құрамының оқу жүктемесін есептеу, тексеру, орындалуын қадағалау;

- білім алушылардың оқу үрдісіндегі, аралық және қорытынды бақылау бойынша нәтижелерін сараптау;

- оқу үрдісін дамытуға арналған нұсқаулықтардың өңдеу және жазу.

Негізгі жұмыс бағыттары:

- уақыт қорын пайдалануды есептеу деректер базасын құру (кафедраға жүктелген мамандықтар мен пәндер бойынша, БОЖ бойынша, білім алушылар контингенті бойынша) және оқу жылына ОПҚ-ның оқу жүктемесін есептеу;

- жоғарғы кәсіптік білім және ЖОО кейінгі білім мамандықтары арналған БОЖ ұйымдастыру, тексеру, қабылдау;

- қабылданған базалық оқу жоспарлары бойынша ЖОО-ның оқу үрдісінің графигін құру және орындалуын тексеру;

- профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуын тексеру;

- бір күнтізбелік жыл бойынша іс-тәжірибеден өту дайындығына кететін шығын жобасын дайындау;

- Университетте білім алушылар мен ПОҚ-ң академиялық ұтқырлығын қадағалау

- ҚР Президенті шәкірт-ақысына қатысушылардың құжаттарын Білім министірлігіне жіберу;

- кафедраларға бекітілген оқу пәндерін ұйымдастыру, басқару;

- диплом жобаларына жетекшілік жасау жұмыстарын қадағалау;

- университеттің МАК-на және МЕК-на құрамы туралы ұсыныстарын ҚР білім министірлігіне дайындау;

2-тақырып. 1 .Тұрмыс - салт жырлары, оның түрлері және танымдық көркемдік қасиеті.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

  • тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

  • дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

  • үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

  • мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]