- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық ықпал сақтаулы көру және акустикалық бақылауына оңқайлардың сол жақ жартышарының маңдай бөлігінің бақылау функциясын іске қосуына сүйенеді. Олар бірігіп оқығанды және сөз сигналдарын есту арқылы қабылдауын, артикуляциялық 294 қалыптың көрінетін элементтерінің оптикалық синтезден өткізуін қамтамасыз етеді, т.с.с. Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың жалпы міндеттері кинестетикалық артикуляторлы праксисының бұзылыстарын түзету болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесінде аграфия, алексия, сөйлеу тілін түсінуін түзету, содан кейін ауызша және жазбаша түрде толық сөйлеуді қалпына келтіру мүмкін болады. Жұмыста қолданатын тәсілдері сөйлеу тілінің бұзылуының дәрежесіне байланысты болады. Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде түзету-педагогикалық жұмыстың алғашқы кезеңінде қалпына келтіру жұмыстарының міндеттері: 1) сөйлеу тілінің дыбыстау жағын қалыптастыру; 2) сөзді түсінуінің бұзылуын түзету; 3) аналитикалық оқу мен жазуын қалпына келтіру; 4) қарапайым ситуативті сөйлеуін ынталандыру. Афференті моторлы афазияның күрделігінің орташа дәрежесінде түзету-педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері: 1) артикуляциялық дағдыларын бекіту; 2) литеральді парафазияларды жою; 3) экспрессивті сөйлеу тілін ынталандыру; сөздің құрамдағы дыбыстық-буындық талдауының ақауларын және жазудағы литеральді параграфияларын жою; 4) экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін, заттың кеңістікте орналасуын білдіретін қосымша сөздердің мағынасын және қолдануын түсінудегі бұзылыстарын жою. Афференті моторлы афазияның күрделігінің жеңіл дәрежесінде түзету- педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – көп буынды, бірнеше дауыссыз дыбыстары қатарынан келген сөздерді айтуында, қалдық артикуляторлы қиындықтарын, литеральді парафазиялар мен параграфияларын, экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін жою. Бұл міндеттерді шешу үшін афференті моторлы афазияның күрделі түрінде логопедпен бірге қайталау, машықтандырылған сөз қатарларын оқу, оларды көшіріп жазу және іштей оқу, содан кейін көру диктант және күн тақырыбына байланысты фразаларды дауыстап оқу, жеке әріптерді оқу және жатқа жазу, кеспелі әліппеден 3-5 әріптен туратын сөздер құрастыру. Іштей оқудың және жазбаша сөйлеу тілінің біршама сақтаулы жағдайында сюжетті суреттер арқылы фразаларды құрастыруда сөйлеу тілінің қалпына келуі қалыптасады. Артикуляциялық аппараттың апраксиясын жою үшін көру-есту еліктеу тәсілі пайдаланылады. Еліктеу әдісін қолдану бойынша жұмыс айна, зондтар, шпательді қолдануды талап етпейді, өйткені афазия кезінде қимылдардың еріктілігінің дәрежесін жоғарлатады, науқастардың артикуляциялық қиындықтарын ұлғайтып жібереді. Белгілі бір дыбысты қалыптастырудың алдында науқасқа мағыналық, ойын, осы қимылдарды еліктеу түрінде тіл, ерін, ұрт, жұмсақ таңдайдың сөзсіз қимылдарын орындауға ұсынылады, яғни артикуляциялық апраксия түзетіледі. Дыбыстарды қалыптастыру науқасқа жеңіл (еріндік және тілалды) дыбыстарға еліктеуден басталады. Жұмысты қарама-қарсы (а, к, у) фонемаларды қалыптастырудан бастаған тиімді. Оларды ажырату үшін логопед науқастың дәптеріне үлкен 295 және жіңішке, дөңгелек немесе кең және сәл ашық еріндердің суретін салып, осы дыбыстарды еліктетуін үйретеді, содан кейін м және в дыбысын қосады. Дыбыстарды қалыптастыру келесі жағдайларға шартталады: бір мезгілде бір артикуляторлы топтағы дыбыстарды қалыптастыруға болмайды; дыбыстар зат есімнің атау септігіне емес, қатынасқа түсу үшін керек сөздер мен фразаларға еңгізіледі (ия, жоқ, міне, мынау, т.с.с.). Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде науқасты дыбысты көру еліктеуінен (еріннен оқу) жеңіл сөздерді оқу кезінде дыбыстарды өз бетінше айтуына тез ауыстыру үшін әріптердің үстіне белгілер қойылады: а — кең ашық ауызға ұқсас, шеңбер; у — жіңішке шеңбер; м — жұмылған ерін, кейін жай түзу сызық; ы — алдыға шығып тұрған иек; m — тілдің тісаралық калпында тіл қимылының бағытын көрсететін солдан оңға қарай сызылған көрсеткіш сызғыш; и — жымиған күйдегі ауыз; о — тік сопақша; в — төменгі ерінді тістеу; с — көлденең орналасқан ысқырық, кейін екі паралель сызық; э — тіл астыңғы тістерге тіреліп, ауыз кең ашық; н — мұрын қанаттарының суреті; е — ауыздың көлденең сопақша; ш — шаршы; к — тіл қимылының бағытын көрсететін оңнан солға қарай сызылған көрсеткіш сызықша; п — үрленген ұртқа ұқсайтын бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жақша жұмылған және кенеттен ажыраған еріндерді еліктейтін олардың ортасындағы сызықша; л — жоғарыға бағытталған көрсеткіш сызығы; р — ирек сызықша; ц және ч — сызықша (т), екі параллель сызықшаның (с) және шаршының (ш) тіркесуі арқылы көрсетіледі; йотты дауысты дыбыстар жол үсті белгілерінің «қосындысы» ретінде белгіленеді я = и + а; ю = и + у, т.с.с. Ұяң дауыссыздарды б, д, г, ж, з анықтау үшін дәл сол белгілер леп белгісімен қолданылады. Афферентті моторлы афазияда жол үсті белгілерін қолдануды А. Р. Лурия (1948) ұсынған. Оларды қолдану науқасқа дыбыстың артикуляциялық қалпын көріп қабылдауынан жеңіл сөздерді, фразаларды оқуға көшуін жеңілдетеді. Бұл афазияның ең ауыр түрі. 2-3 жыл аралығында толығынан түзетіліп, науқастар жұмыстарына қайта оралады. Логопед науқас саруайымға түспеу үшін, түзету жұмысы ұзақ мерзімге созылатынын айтпайды. Жаңа дыбыстарды менгеру кезінде артикуляциялық дағдыларын бекіту мақсатымен логопед алдында өткен материалды қайта-қайта қайталауы тиіс. Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына қарай жол үсті таңбаларын азайта отырады. Оны толығынан жою үшін өтілген материалдардың бәрін 2-3 рет қайталау қажет. Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына қарай, сурет бойынша күнделікті әрекеттегі тұрмыстық сипаттағы фразаларды логопедпен қоса және одан кейін өзі айтуға көшеді. Науқасты өз бетінше сөйлеуге ынталандырады. Түзету-педагогикалық жұмыстың алғашқы кезінде және афференті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде бірінші кезектегі міндеттердің бірі – ситуативті, ауызекі сөйлеуін қалпына келтіру. Қалпына келтірілген дыбыстар қатынас кезінде керекті сөздер мен фразаларға енгізіледі (жақсы, ертең, бүгін, кешке, түсте, мен тамақтандым, маған дәрігер келді, т.с.с.) 296 Сөйлеу тілінің ситуативті диалог түрі пайда болғанына қарай тілдің монолог түрін қалпына келтіру жұмысы басталады. Бұл кезде негізгі мақсат науқастың сөздік қорын молайту, аграмматизмдерден сақтандыру, толық ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту, еркін диалогтік сөзге дайындау. Науқасты сөздің дыбыстық-буындық талдауы қалпына келуіне қарай сурет бойынша фразаларды ауызша құруынан жазбашаға ауыстырады. Бұл науқастың жетістіктерін білдіреді. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеуін қалпына келірудің сүйеніші болады. Оқу мен жазуын қалпына келтіруде көру диктанттардың маңызы зор. Афферентті моторлы афазияда сөз құрамын талдауын қалпына келтіру үшін кеспелі әліппе, сөз және фраза ішінде тастап кеткен әріптерді жазу пайдаланылады. Афазияның бұл түрінде артикуляциялық бұзылыстарды жою өте күрделі, ұзақ мерзімді процесс (үш айдан бір жылға дейін). Дыбыс айтуының бұзылуы афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа және жеңіл дәрежесінде де сақталады. Афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде аграфия мен аграмматиздерді жоюға ерекше көңіл бөлінеді. Науқасқа есту, көру диктанттары ұсынылады. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуы кездесетін сөздерге, сөзде тастап кеткен буындарды, сөйлем ішінде тастап кеткен сөздерді коюға аса назар аударылады. Аграмматиздерді түзетуде көмекші сөздердің, зат есімнің жалғауларының үлгілері (схемасы) пайдаланылады. Афферентті моторлы афазияның жеңіл дәрежесінде аффрикаттарды, дауыссыз дыбыстардың тоғысуын, Р дыбысын айтуындағы артикуляторлы қиындықтары түзетіледі. Науқастың өз сөйлеуін есту бойынша бақылауы бекітіледі, біртіндеп мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту, оқыған әңгімелердің мазмұнын айту беру, сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру арқылы сөзінің қарқыны жылдамтылады. Науқас сурет бойынша мәтін құрастырып, ашық хат толтырып, жазады. Экспрессивті сөйлеуінің ауыр түрде бұзылуында фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіруіне, кеңістікте бағдарлауына, антоним, синонимдерді түсінуіне аса назар аударылады. Соңғы кезеңдерінде, оқу мен жазуға сүйенуге мүмкіндік болғанда, импрессивті аграмматизмді жоюға болады.
