- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
Сенсорлы алалиясы бар (айтылған сөзді түсінбейтіндер) балаларды есту қабілеті зақымдалған (айтылған сөзді ажырата алмайтындар) балалардан ажыратуда диагностикалық көрсеткіштердің бір қатарын атап айтуға болады):
1) нашар еститін балада естіп қабылдаудың тұрақты шегі болады, (тәуліктің әрбір кезінде әр түрлі жағдайда оның естуі бірқалыпты), ал сенсорлы алалиясы бар балада есту функциясының тұрақсыздығы байқалады ( ол әлсіз дыбысталуды бірде естіп, бірде естімейді, кейде қатты дыбысты қабылдай алмайды). Алалиясы бар баламен аудиометриялық зерттеу жүргізу барысында алынған көрсеткіштерінің тұрақсыздығы, жұмыс жасау
қабілетінің төмендігі, тез шаршағыштығы, тежелу мен қозу процестерінің дисгармониялығын дәлелдейді әрі оның салдарынан жоғарғы акустикалық талдау мен жинақтауы өзгереді.
2) Дыбыстаудың дауысын жоғарылату нашар еститін баланың қабылдауын жақсартады. Сенсорлы алалиясы бар бала қатты дыбыстарға мән бермейді, керісінше, қорғаушы тежелудің пайда болуына себепші болатын жәй айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Баланың бас миы өзін қорғайтындай болып, жұмыстан босатылады, нашар еститін бала естуді күшейткіш аппаратты қолданғанда, жақсы естиді. Сенсорлы алалиясы бар бала естуді күшейтетін аппаратты қолдана білмейді: құлағының, басының ауырғанына шағымданады, дыбыстардың күшейуі оған жағымсыз тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. Сенсорлы алалиясы бар кейбір балалар, қоршаған адамдар мән бермейтін, ақырын айтылған дыбыстарға (кітап беттерін ашқандағы дыбыстар, шүмектен аққан судың дыбысы) ерекше сезгіштіктерін білдіреді, яғни, олардың есту қабілеттерінің сақталғандығына көз жеткізуге болады;
3) нашар еститін баланың дауыс дыбысталуы нашар, ол ақырын, баяу шығады, ал сенсорлы алалияда дауыс қалыпты күшімен дыбысталуын сақтайды;
4) нашар еститін баламен қарым-қатынасты (сенсорлы алалиясы бар балаға қарағанда) тез арада орнатуға болады.
35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
Моторлы алалияны айқындау өте қиын, себебі, бұл ауытқудың өзі күрделі, кейбір сөйлеу тілінің бұзылыстарымен немесе сөзсіз бұзылыстармен ұқсас және күрделі болып келеді. Моторлы алалияны зият бұзылыстарынан, психикалық дамуының тежелуінен (ПДТ), ерте балалық аутизмі бар балалардан ажырата білу қажет.
Моторлы алалияда сөйлеу тілін түсінуде күрделі бұзылыстар байқалмайды. Моторлы алалиясы бар балаларда сөздің дыбыстық және буындық құрамы бірінші реттілік болып бұзылған болса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол екінші реттілік болып бұзылады. Алалиясы бар балалар сөйлемнің құрылымын бұзып айтса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол сақталады, алайда, семантикалық аграмматизм айқын көрінеді. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалар ойды дұрыс іріктей алмайды, баяндаудың мәнін бұзып, ақпаратты айтуда уақытты дұрыс жеткізе алмайды.
Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары, бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен емес, ең алдымен, анализатор арасындағы байланыстардың жеткіліксіздіктерімен байланысты. ПДТ-нде сөйлеу тілінің бұзылуы бірінішілік емес, психикалық дамудың баяу дамуының нәтижесі болып табылады. Алалияда сөйлеу тілінің тұрақты, терең бұзылыстары, аграмматизм белгілері болады, ал психикалық дамуының тежелуімен күрделенген оқуда қиындықтарға тап болатын балаларда ондай байқалмайды. ПДТ балалардағыдай, бағытталған логопедиялық әсер ету нәтижесінде, сөйлеу тілінің бұзылысы негізгі болмай, балалар әдеттегідей, математикадан үлгермей жатады. Логопедияда бұзылыстың механизмі мен шоғырлануын белгілеудің қиындықтарымен мүмкін еместігі салдарынан алалия тобына сөйлеу тілінің тежелуі (СТТ) бар балаларды қосып жатады. Себебі, СТТ балалар моторлы алалиясы бар балалар сияқты сөз қорын молайтуда, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын өңдеуде, дыбыстарды айтуда қиналады. Алалиясы бар балалардың сөйлеу тілін тексергенде, оның даму жолдарының ерекшеліктерін және өзіне тән қиындықтары байқалады. СТТ-де сөйлеу тілінің дамуы қалыпты дамыған сөйлеу тілінен тек өзінің қарқыны бойынша және орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен нейродинамикалық сипатының түзетуге икемділігі бойынша айырмашылығы бар.
СТТ бала айтылған сөзді, сөздердің грамматикалық жағының өзгерулерін ұғады; ол дыбысталуы ұқсас сөздердің мағынасын алмастырмайды. Алалияда баланың ұзын түсініктемелерді түсінуі ауыр болады. СТТ-дағы сөйлеу тілінің дамуында сөздің құрылымы бұзылуы мен аграмматизмдер байқалмайды, ол ана тілінің грамматикалық нормаларын баланың меңгеруін диагностикалаудың маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. СТТ балалар өз бетінше тілдік жалпылауларды меңгере алады.
