Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

аламды проблемалар

.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
29.36 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Кіріспе.

  2. Дүниежүзілік мұхиттың ластануы

  3. Судың ластануы

  4. Қорытынды

  5. Қолданылған әдебиеттер.

Дүниежүзілік мұхит проблемалары қазіргі таңда ең елеулі проблемалардың бірі. Жер шарындағы тіршілік үшін Дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттекпен байытады, адамдарды кұнарлы да пайдалы азык-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық карым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералды ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез үлғайып жаткан жағдайда мүхит суларынан кен өндірудің, өсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себешні болып отыр

XX гасырдың орта шеніне дейін Дүниежүзілік мұхитқа тигізген адамзаттың шаруашылык әсері шектеулі болып келді. Ал бүгінгі таңда, ғылым мен техниканың карқынды дамуы жағдайында, Дүниежүзілік мүхитты жан-жакты зерттеу мен жаппай игеру мүлдем басқаша сипат алуда. Теңіз кайраңдарынан өндірілетін мұнай дүние жүзіндегі мүнай өншгінің 1/3-ін кұрайды.

Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.

Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.

Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.

Дүниежүзілік мұхит пен оған жалғас күрлык жагалауыңда дүниежүзілік шаруашылыктың айрыкша бір күрамдас бөлігі болып табылатын — теңіз шаруашылығы пайда болды. Оның құрамына өндіруші және өңдеуші өнеркөсіп, энергетика, балық аулау, көлік, сауда, тынығу мен туризм енеді. Бүгінгі таңда теңіз шаруашы-лығында 100 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Адамзаттың мүндай қарқынды өрекеті өз тарапынан Дүниежүзілік мүхиттың ғаламдық проблемаларының туындауына себепші больш отыр, оған дәлел—мұхит суының ластануы мен оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі. Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды әколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді:

  1. материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау кезінде мұхит суына қосылатын мұнай өнімдері;

  2. өнеркәсіп орталықтары қолданған жөне ірі қалалардың коммуналдық қажеті үшін пайдаланылып, өз дәрежесінде толық тазартылудан өтпеген су;

  3. ауыл шаруашылығьщда пайдаланылып, өр түрлі химиялық (тыңайтқыш-тар, пестицидтер мен гербицидтер және т.б.) қалдыктармен ластанған су;

  4. радиоактивтік қалдықтардың көмілуі және мұхит кемелері пайдаланган лас судың толық тазартылмауы.

Әсіресе мұхит суларының ластануына материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау себепші болуда (қосарбеттегі «Дүние жүзінің экологиялық проблемалары» деген картаны қараңдар). ҒТР нәтижелері мұнай тасымалдаушы танкерлер сыйымдылығын 300 мың, тіпті 500 мың т-ға дейін үлкейткенімен, мүхитта болып түратын табиғат апаттарының алдын ешкім де ала алмайды. Сондықтан жылма-жыл Дүние-жүзілік мұхит суларына 1 млн т-дан артық мұнай өнімдері құйылуда (мұнай өнімдерінің қандай зияны бар екенін естеріңе түсіріңдер). 2002 жылы Испания жағалауында болған танкер апаты осы жағдайды тағы да дәлелдейді. Бүгінгі таңда мұнай өнімдерімен аса қатты ластанған аудандарға Солтүстік, Балтық, Кариб, Жерорта теңіздері мен Парсы шығанағы жағалауы жатады. Сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қажетіне пайдаланыл-ған сулар да толық тазартылудан өтпестен өзен жүйелері арқылы мүхиттарға қайтып келеді. Ірі қалалардағы толық тазартудан өткен сулардың өзін ауыз су ретінде қайта пайдалану үшін 15—25 рет оны тұщы сумен араластыру қажет. Мұндай технология барлық елде, әсіресе дамушы елдерде бірдей сакталмайды. Сондықтан жылына миллиондаған текше метр салыстырмалы түрдегі лас сулар мұхит суымен араласады. 1 м3 лас су 10 м3 мұхит суын ластайды. Егер 1 млрд су бөлігі құрамында 2,1 бөлік пестицид болса, ол сол су айдынындағы барлық балықты қырып жіберуге жеткілікті. Ғалымдардың есептеуі бойынша жылына Дүниежүзілік мұхит суларына 1 мың м3-ден артық әр түрлі дәрежеде ластанған сарқынды сулар құйылады. Осындай лас суларды көп әкелетін өзендер қатарына — Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Миссисипи, Огайо, Еділ, Днепр, Днестр, Дон, Ніл және Ганг өзендері жатады. Дүниежүзілік мұхиттағы туристік-рекреациялық маңызы жоғары жаға-жайлардың да жағдайы мәз емес. Тек қана Жерорта теңізі жағалауы бойында 20-ға жуық ел орналасқан, онда 130 млн-нан аса халық тұрады. 260 порты бар, онда бір мезгілде 2,5 мың алысқа жүзетін және 5 мың каботаждыц (бір елдің кемелері) кеме тоқтай алады. Оның теңіз жолдары арқылы жылына 400 млн т-дан астам мұнай тасымалданады. Сонымен қатар оның жағалауында жылына 90 млн-ға дейін адамдар дем алып, жаз кезінде теңіз айдыны арқылы 10 мыңнан аса туристік кемелер жүзіп өтеді. Олар пайдаланған лас сулар мен өр түрлі қалдықтар толық тазартылудан өтпестен теңіз суларына жіберіледі. Аталған көрсеткіштер нәтижесінде Жерорта теңізі — Дүниежүзілік мұхиттағы ең лас аудаңдар катарына жатады. Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған аса маңызды мәселенің бірі— Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау және оның табиғат байлықтарын мейлінше тиімді пайдалану. Өйткені мүхит табиғат байлықтары әр елде түрліше игеріледі, мұхит сулары ластанып барады және мұхит айдынының әскери әрекет майданы ретінде қолданылуы күшеюде. Сондықтан БҰҰ-ның теңіз құқы жөніндегі 1982 жылы қабылдаған «Теңіздер хартиясы» деп аталған Конвенциясының маңызы өте зор. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аймағын белгілеп, ондағы жағалық мемлекеттердің де мүхиттың биологиялық және минералды қорларын пайдалануға кұқы бар екенін айқындап берді. Бұл еркіндіктің берілуі балық аулаумен қатысты кейбір проблемаларды күрделендірді. Ол жерлердің жалпы ауданы 140—150 млн км2, Дүниежүзілік мұхит айдыныньң 40%-ға жуығын алып жатыр.

Судың ластануы

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан  шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны  500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 кмсуды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек  еткізеді.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.

Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.

Сондықтан да Дүниежүзілік мұхит проблемалары экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің күрделі жиынтығынан тұрады. Оны қаншалықты салауатты тұрде шеше алсақ, болашаққа соншалықты сеніммен қарай аламыз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әлемдік мұхиттағы проблемалар

http://allrefs.net/c54/3znab/p44/

  1. Ғаламдық экологиялық проблемалар

http://kk.wikipedia.org/wiki/Ғаламдық_экологиялық_проблемалар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]