Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.85 Кб
Скачать

40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары

Афазияны жоюдың қағидаларын және тәсілдерін зерттеуде Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова (Шохор-Троцкая), Т. Г. Визель, А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова өздерінің үлесін қосты. Афазияны жоюға арналған логопедиялық жұмыста жалпы дидактикалық қағидалар қолданылады (көрнекілік, қолжетерлік, саналылық, 281 т.б.). Бірақ, сөйлеу қызметін қалпына келтіру қалыптастыру оқытудан өзгеше болуына байланысты, ауызша сөйлеген және жазып отырған адамның жоғары ми қабығының қызметі жаңадан сөйлеп келе жатқан балалаға қарағанда, өзгеше ұйымдастырылғандықтан, түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлаған кезде келесі жағдайларды ескерген жөн: 1. Науқасты тексеру аяқталған соң, логопед инсульт немесе бас миының жарақатының салдарынан мидың екінші немесе үшінші «функционалды бөлігінің» қай аймағы зақымдалғанын, қай аймақтары сақтаулы екенін анықтайды: афазияға шалдыққан адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады; сол жақ жартышарларының самай немесе төбе бөліктерінің зақымдалуынан болған афазияда бәрінен бұрын сол жақ маңдай бөліктің жоспарлаушы, бағдарлаушы, тексеруші қызметі қолданылады. Осы оң жақ жартышардың және сол жақ жартышардың үшінші «функционалды бөлігінің» қызметінің сақтаулы болуы науқаста бұзылған сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруге болатынына сенімін тудырады. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде 2-3 жыл жүргізіледі. Бірақ, науқасқа сөйлеу тілі қызметінің осындай ұзақ мерзімде қалыпына келетіндігі айтылмайды. 2. Түзету-педагогикалық жұмыстың әдіс-тәсілдері сөйлеу қызметінің қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Инсультан кейінгі алғашқы күндері науқас сөйлеу тілін қайта қалаптастыруына белсенді қатыспайды. Сөйлеу тілінің функцияларын қалпына келтірудің кейінгі кезеңдерінде науқасқа сабақтың жоспары, құрылымы түсіндіріліп, тапсырманы орындауда пайдаланатын құралдар беріледі. 3. Афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазу мен оқуы сияқты түзету жұмысы жүргізіледі. 4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта қалыптастырылады, өзін-өзі бақылау дамытылады. 5. Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. 6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйеніштерді жан- жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және текше әдісі жатады. Афазияның басқа түрлерінде импрессивті аграмматизмді жою үшін пайдаланатын фонемалардың артикуляциялық қалпын ұйымдастыруда дыбыстау әдісін таңдау үлгісі (схемасы) жатады.

41) Афазияның классификациясы

Афазияның әр түрлі жіктелімі бар: классикалық, Вернике-Лихтеймнің неврологиялық жіктелімі, Х. Хэдтің лингвистикалық, В. К. Орфинскаяның жіктелімі және т.б. Көпшілік мақұлдаған әрі көп таралған А Р. Лурияның (1947, 1962) нейропсихологиялық жіктелімі қолданыста жүр. Бұл жіктелім бойынша афазияның алты түрі (формасы) ажыратылады:

1. Акустикалық-гностикалық (сенсорлы);

2. Акустикалық-мнестикалық;

3. Семантикалық;

4. Афферентті моторлы;

5. Эфферентті моторлы;

6. Динамикалық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]