Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.85 Кб
Скачать

33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату

Сенсорлы алалияның негізгі белгілері, ол есту-сөйлеу анализаторы қызметінің бұзылу салдарынан болған сөйлеу тілін түсінбеуі. Ол доминантты жартышардағы самай бөлігінің зақымдануынан пайда болады. Соның салдарынан, бас миының қабығына өтетін дыбыс қоздырғыштарының жеткіліксіз талдап жинақтауына әкеп соғады, одан соң дыбыстық бейнемен, ол белгілеген зат арасында байланыс болмайды. Балалар айтқан сөзді естігенімен, түсінбейді, себебі, қабылдап алатын сөйлеу тіл механизміндегі, дыбыстарды ажыратуы дамымаған. Сенсорлы алалия моторлы алалияға қарағанда аз зерттелген. Кейбір жағдайда, оны аталмыш бұзылысы бар балалар санының аздығымен байланыстыруға болады. Көптеген арнайы зерттеулер көрсеткендей, көбінесе сенсорлы алалиясы бар балаларда тональды (физикалық) естуінің сәл ғана төмендеуі байқалады екен, алайда ол, сөзді түсінуінің дамуындағы айтарлықтай тежелуді туындатпайты. Мысалы, Н. Н. Трауготт: 6м. қашықтықтан айтылған сөзді естіген балалар туралы айтады — бұл қалыпты есту қабілетіндегі сөзді қабылдаудың орташа деңгейі, бірақ, балалардың зияты қалыпты болғанымен, естігеннің мәні оларға түсініксіз болып қала берді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, егер сенсорлы алалияда есту қабілеті төмен болса да, сөйлеу тілінің дамымауында ол жетекші (негізгі) емес. Қабылдаудың жеткіліксіздігі есту қабілетінің төмендігімен емес, бас ми қабығының ерекше жағдайымен байланысты. Сенсорлы алалиясы бар балалардың есту қабілетін тексеру өте қиын, арнайы электроакустикалық аппаратурада тексергенде есту қабілетінің тұрақсыздығы байқалады: жиілігі мен дауысының қаттылығы бірдей сигналдар бірде қабылданады, бірде қабылданбайды.

Моторлы алалия — сенсомоторлы және мағыналық операциялардың сақталған жағдайындағы сөйлеудің пайда болу процесіндегі тіл операцияларының қалыптаспауы салдарынан орталық органикалық сипаттағы экспрессивті сөйлеу тілінің жүйелі дамымауы. Сөйлеу тілінің симптоматикасы. Моторлы алалиядағы сөйлеу тілі дамымауы жүйелі сипатқа ие, ол сөйлеу тілінің барлық компоненттерін қамтиды: фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық .

Негізгі белгілері бойынша 2 топқа бөлуге болады:

1. фонетикалық-фонематиканың дамымауы (олардың саны аз).

2. лексика-грамматиканың дамымауы.

Біріншісі доминантты жартышар қабығының орталық моторлы алалиясының төменгі бөлімдерінің зақымдануымен негізделген. Онда артикуляциялық немесе басқа қимылдар жасағанда бұлшықеттерден түсетін тітіркенулері шоғырланады.

Екінші топ бас ми қабығының моторлы аясының алдыңғы бөлімдерінің зақымдануымен негізделген (моторлы – премоторлы аясының төменгі бөлімдері және белсенді сөз аясы төменгі маңдай қатпарының артқы бөлімдерінде орналасқан). Кейбір жағдайда сөз қорының молаюының арқасында жаңа дыбыстар пайда болады, басқа жағдайда ең алдымен жеке артикуляциялар қалыптасып, сөздерде бекиді. Сөйлеу тілінің жеке элементтерін бір бүтінге біріктіруде қиындықтар байқалады. Н.Н.Трауготтың зерттеулері бойынша моторлы алалиясы бар балалардың 70% айтылған сөзді жақсы, толық түсінеді, 20% түсінуі сәл төмен, 10% түсінбейді.

Балалар дыбыстық қабылдауының анықсыздығынан тек фразаның жеке элементтерін қағып алып, біркелкі мағыналық құрылымда байланыстыра алмайды. Моторлы алалиясы бар балалардың сөз қоры өте баяу, бұрмаланып дамиды, әңгімелеуде қате қолданылады. Лексикалық–семантикалық құралдардың кедейлігі ұқсастығы бойынша алмастыруларға әкеп соғады (жуады— жуынады, балға-балта, кесе — стақан т. б.). Сөйлеу тілі дамымауының көп түрі кездеседі: мүлдем сөйлемеуден сөйлеу тілінің жартылай болмауына дейін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]