Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер Хирургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.41 Кб
Скачать
  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Бұл жағдайда қандай асқыну болады?

  3. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетіңіз

  4. Іріңдеуге қандай ем жасалады?

  5. Жараны немен жуады?

Жауап:

  1. Табанның тесілген жарасы

  2. Сіреспе, іріңдеу

  3. Жараны қысып, қанды шығарады, антисептикпен өңдеп, асептикалық таңба, сқс-енгізу Безредко бойынша

  4. Іріңдік кесіп ашылады, антибиотиктер тағайындалады

  5. Жара H2O2 , фурацилинмен жуылып, дренаж қойылады

Хирургия

Сіз бақытсыз жағдайдың куәгері болдыңыз. Еркек қолына абайсызда концентрациялы қышқыл құйып алды.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Алғашқы көмекті көрсетіңіз

  3. Химиялық күйік дәрежесі қандай?

  4. Қандай таңба немен салынады?

  5. Қышқылмен күйгендегі қабыршық түсі қандай?

Жауап:

  1. Химиялық күйік

  2. Ағынды сумен жуу, сілтімен (сода ерітіндісі) бейтараптау

  3. Химиялық күйік 3 дәрежеге бөлінеді

  4. «Қолғап» таңбасын , майлармен салады (фурацилин, олозоль)

  5. Қабыршық түсі қоңыр

Хирургия

Жұмысшының аяғына станоктан ауыр зат түсіп кетті. Аяғының үстінің ауыратынына шағымданады. Қарағанда табанының үсті ісіңкі, қанталаған. Өстік жүктеу оң. Саусақтарының қимылы тежелген, ауырады.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Тексеру жоспарын жасаңыз

  3. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетіңіз

  4. Лангета салғанда неше қабат жасау керек?

  5. Неше буын қамтылады?

Жауап:

  1. Табан сүйегінің сынуы

  2. Рентгенге түсіру

  3. Крамер жақтауын салу, қолда бар қатты затпен бекіту, суық басу

  4. Гипс лангетасы 10-11 қабат болуы керек

  5. Екі буын қамтылуы тиіс

Хирургия

Науқасқа соқыр ішекке оташылық жасалғаннан кейін бірінші күні зәрінің 12 сағат жүрмегеніне, ішінің төменгі жағы ауыратынына шағымданады

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Бұл жағдайдағы сіздің тактикаңыз

  3. Науқасқа көмек көрсету үшін қажет заттарды жинаңыз

  4. Қандай катетер қолданасыз?

  5. Қуықты жуу керек пе?

Жауап:

  1. Зәрдің жедел жүрмей қалуы

  2. Іштің төменгі бөлігіне жылы грелка қою, кранды ашып суды ағызу, спазмолитиктер салу, катетер салу

  3. Катетер, пинцет, салфетка, вазелин, лоток

  4. Рәзеңке катетер немесе целикон

  5. Қуықты фурацилинмен жуады

Хирургия

Оташылық бөліміне адам санындағы жаншылған жарасымен түсті.

  1. Бұндай жара немен ерекшеленеді?

  2. Жазылуы неге созылады?

  3. АОӨ үшін қажетті құралдарды дайындаңыз және олардың не үшін қажеттігін түсіндіріңіз

  4. Қолданылатын дренажды атаңыз

  5. Қосымша бекіту керек пе?

Жауап:

  1. Жара шетіндегі жұмсақ тіндер тегіс емес, мыжылған

  2. Тіндердің қоректенуі бұзылған

  3. Пинцет, қайшы, қандәуір, қысқыштар, ине ұстағыш, ине, жіптер, дренаж,жара ашқыш

  4. Рәзеңке қолғап жолағы, түтікшелер

  5. Керек. жазылуы дұрыс жүруі үшін.

Хирургия

Сіз оташылық медбикесіз, қолыңызды өңдедіңіз, залалсыздандырылған бетперде, халат кидіңіз.

  1. Ең бірінші неден бастайсыз?

  2. Қолды өңдеуге қандай ерітінді керек?

  3. Құм сағатты кім ауыстырады?

  4. Неше адам жуынғанын қалай қадағалайды?

  5. Оташыға халат, қолғап кигізіңіз, көрсетіңіз.

Жауап:

  1. Бикстердің индикаторын көру

  2. Қолды өңдеу үшін первомур С-4 ертіндісі керек

  3. Кіші медбике

  4. Елеген ішіндегі «фишка» санына қарап

  5. Халаттың астар жағын оташыға қаратып кигізеді, жеңдерін баулықпен байлап, қолғапты қатты ашып кигізеді

Хирургия

Жарақаттарды қабылдау орнына түскен науқаста оң білегінің алақан жағының орта шенінде кесілген жара бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]