- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •2. Рентгенге түсіру
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Сіздің диагнозыңыз?
- •Науқасқа көмек көрсетіңіз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Рентгенге түсіру
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
- •Сіздің диагнозыңыз
Сіздің диагнозыңыз?
Бұл жарақаттағы сіздің тактикаңыз.
Бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсетіңіз
«Клавиш» белгісі анықталады ма?
Оташылық ем жасалады ма?
Жауап:
1. Бұғананың сынуы
2. Оң иық буында қимылды шектеу, сүйек сиықтарының теріні тесуіне жол бермеу.
3. Байлауыш таңғышын,Дезо таңбасын,Крамер жақтауын салу
4. «Клавиш» белгісі оң басқанда батады,жібергенде көтеріледі
5. Тері зақымдалуы қаупі болғанда және ауытқу көп болғанда
Хирургия
Емханаға жас адам сол білегінің ауыруына шағымданып келді. Қарағанда: білегі ісіңкі, ауырады, ісік аумағы 5,0х5,0х2,0 см. Оның үстіне тері қызарған, флюктуация анықталады.
Сіздің диагнозыңыз?
Сіздің тактикаңыз?
Бұл жағдайда қандай жансыздандыру қолданады?
Ол үшін қандай зат таңдайсыз. Сіз таңдаған жансыздандыруды көрсетіңіз?
Дренаждау қажет пе?
Жауап:
1. Іріңдік (абсцесс)
2. Іріңді жарып шығару
3. Сіңдірмелік-инфильтрациялық-жергілікті
4. Новокаин 0,25%-0,5% , теріде «лимон қабығы» сияқты бүршіктер жасау
5. Ірің шыққан соң жуып -мен, дренаж қояды.
Хирургия
Емханаға екінші саусағының ауыруына шағымданып жас жігіт келеді. Қолының ауруынан түнде ұйықтамаған. Қарағанда: тырнақ фалангасы қалыңдап, ісінген, басқанда ауырады.
С іздің диагнозыңыз?
Оташы қандай ем көрсетеді, оған қандай көрсеткіш болады?
Қандай жансыздандыру қолданылады?
Осы жансыздандыруға қажетті заттарды дайындап көрсетіңіз
Күбірткіге әкелетін себептер қандай?
Жауап:
1. Күбірткі
2. Іріңді оташылық жолмен шығарады, дренирлейді. Науқас бір түн ұйықтамаса көрсетілімді.
3. Өткізгіштік-Лукашевич-Оберст әдісі
4. Піспе, новокаин 2%, қандәуір, , дренаж, зонд, бунағыш (турунда, кіші салфетка)
5. Тікен кіру, кішігірім жарақаттар
Хирургия
Жедел жәрдем көлігімен болған оқиға жерінде келдіңіз, науқастың шүйдесінде сылынған жарақат бар. Қарағанда: бастағы жара көлемі 10,0х5,0 см. Қатты қанамайды, топырақпен және шашпен ластанған.
Сіздің диагнозыңыз?
1-көмек қандай?
Шүйдеге таңғыш салуды көрсетіңіз.
Рентгенге түсіру қажет пе?
Сіреспеге қарсы сарысу егіледі ма?
Жауап:
1. Шүйденің сылынған жарасы
2. Қан ағуды қысқыш салып тоқтату, жара айналысы шашын қырып, бөгде заттарды алады, жараны -мен жуып, асептикалық салфетка салады.
3. «Сегіздік» таңба салу
4. Сүйек бүтіндігін анықтау үшін қажет
5. Сіреспенің алдын алу үшін егіледі.
Хирургия
Қабылдау бөліміне ішінің ауыратынына шағымданып еркек келіп түсті. Ауыру сезімі кеше кешкісін эпигастральді аймақтан басталды. Но-шпа ішкен. Таңертең тамақ ішкеннен соң лоқсу пайда болады. Ауру сезімі қайталап, әсіресе оң жақ мықын аймағы ауырады. Қарағанда: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағы қатты ауырады. Розвинг, Воскресенский белгілері оң.
Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
2. Куклада жоғарыдағы симптомдарды қалай анықтайтынын көрсетіңіз.
3. Операция қандай аурусыздандыру арқылы жасалады?
4. Қандай анестетик, қандай концентрацияда
5. Аппендэктомия операциясына қажет инструменттерді жинаңыз.
Жауап:
1. Соқыр ішектің қабынуы
2. Ровзинг белгісі оң мықын аймағын басып, оң аяғын көтеру, Воскресенский белгісі-көйлек, майка етегін керіп, саусақпен екі мықын аймағына жүргізу
3. Жергілікті сіңдірмелік-инфильтрациялықпен
4. Новокаин 0,25%-0,5%
5. Қандауір , пинцет, қысқыштар, жара ашқыш, ине, ине ұстағыш, жіптер, қайшы, піспе ,йод, спирт, корнцанг.
Хирургия
Жарақаттарды қабылдау бөліміне апаттан кейін науқас келіп түсті. Оң балтырының ортасының ауыратынына шағымданады. Пальпация жасалғанда осы жер қатты ауырады, патологиялық қозғалыс бар. Өстік жүктеме белгісі оң.
