Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер Хирургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.41 Кб
Скачать

Хирургия

Шаңғы базасының медициналық бекетіне жас жігіт келді. Шағымы: мұздау, аяқ басының мұздап ауыруы. Аяқ басы боз-көкшіл түсті, қолға мұздай, ауыру сезімі төмен.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Үсік қандай дәрежелі?

  3. Науқасқа көмек көрсетіңіз

  4. Көмекті қандай таңғыш салу арқылы бітіресіз. Көрсетіңіз

  5. Аяқ басын қармен ысқылауға болады ма?

Жауап:

  1. Аяқ саусақтарының үсуі

  2. ІІ дәрежелі үсік

  3. Жылы ванна, суды 16-18 градустан 36-37⁰ дейін жылыту

  4. Саусақтарды жеке-жеке байлау

  5. Болмайды

Хирургия

Науқас әйел қырынан алақанын тіреп құлады. Білегінің төменгі үштен бір бөлігінің ауыратынына шағымданады. Қарағанда қисайған, басқанда қатты ауырады, өстік жүктеме оң.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Қандай сыныққа жатады?

  3. Қандай көмек көрсетесіз?

  4. Қандай зерттеу жүргізу керек?

  5. Қандай бекіту салынады?

Жауап:

  1. Шыбық сүйегінің әдеттік жерде сынуы

  2. Жабық сынық

  3. Тасымалдық жақтау (крамер, фанер, сызғыш...)

  4. Рентгенге түсіру

  5. Гипс лангетасы

Хирургия

Ер адам моншада екі қолының басын ыстық суға батырып алады. Қолының сыртында күлдіреуіктер пайда болды.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Күйік ауданы қандай?

  3. Тұрмыс жағдайында науқасқа көмек көрсетіңіз

  4. Қол басына қандай таңғыш салынады? Көрсетіңіз

  5. Науқас қайда емделеді

Жауап:

  1. ІІ дәрежелі күйік

  2. 2% алақан әдісімен

  3. Салқын сумен шаю, өсімдік майын жағу

  4. «Қолғап» таңғышы

  5. Аурухананың жарақаттық бөлімшесінде

Хирургия

Жас әйел сүрініп құлады. Оң тілерсек буынында ауыру сезімі пайда болды. Қарағанда: тілерсек буыны басқанда ауырады, қимыл шектелген, табанды соғу – өстік жүктеме теріс.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсетіңіз

  3. Рентген зерттеуі жүргізіледі ме?

  4. Аяқты қалай ұстау керек?

  5. Физикалық ем қашан жасалады?

Жауап:

  1. Тілерсек буын сіңірінің созылуы

  2. Суық басу, «сегіздік» таңбасын салу

  3. Екі бағытта түсіріледі

  4. Аяқты көтеріңкі ұстау

  5. Физикалық ем 4-күннен басталады

Хирургия

Жас жігіт футбол ойнап жүріп қарсыласымен соғысып оң балтырын соғып алды. Қарағанда-науқастың жалпы жағдайы өзгермеген. Оң балтырында үлкен қанталау бар. Қимылдағанда ауыру үдейді. Табанды соққанда зақымдалған жер ауырмайды.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Бірінші дәрігерге дейінгі комекті көрсетіңіз.

  3. Суықты неше минут ұстайды?

  4. Траксевазин жағуға бола ма?

  5. Физикалық ем көрсетілімді ма?

Жауап:

1. Балтырдың бұлшық еттерінің соғылуы

2. Суық басу, қатты таңба салу, жақтау қою

3. Суық 10 минут ұсталады

4. Болады

5. Иә

Хирургия

Жер сілкіну нәтижесінде науқасты топырақ астынан алады. Ессіз. Боп-боз. Пульс жоқ, ерін, бет терісі жер түстес. Мұрны мен аузына топырақ толған.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Бұл жағдай қалай аталады?

  3. Көмек көрсетіңіз және реанимациялық шаралар көрсетіңіз.

  4. Жабық жүрек массажы 1 минутта неше рет жасалады?

  5. Зақымданушы қалай тасымалданады?

Жауап:

1. Клиникалық өлім

2. Теминалды жағдай деп

3. Тыныс жолдарын тазалап, жасанды тыныс алдырып, жабық жүрек массажын жасау

4. Жүрек массажы 1 минутта 15 рет

5. Арқасына жатқызып, қолмен тыныс алдырып

Хирургия

Ауылдың ауруханасына төбесінің шабылып-жаншылған жарасымен совхоз жұмысшы келіп түсті, жарасын өзі орамалмен жауып тұр.

  1. Жарасын тазалау техникасын көрсетіңіз.

  2. Жараны өңдеген соң қандай бекітетін таңғыш салынады?

  3. Сіреспеге қарсы сарысу егіледі ма?

  4. Антибиотик салынады ма?

  5. Қандай бөлімшеде емделеді?

Жауап:

1. Жара айналасының шашын қырып, айналасын йод, спиртпен сүртіп, - сутегі асқын тотығымен жуу, қан ағуды тоқтату

2. «Чепец» таңғышын салады.

3.Безредко бойынша салады

4. Антибиотик салынады.

5. Жарақат бөлімшесінде.

Хирургия

Ұзақ уақыт сол аяқтың көк тамырының варикозды кеңеюімен ауыратын әйелдің варикозды түйіні жарылып қан кетті. Қарағанда балтырдың іш жағында қоңыр қан ағып тұр, қан көп кетіп жатыр. Пульс 100 рет минутына. ҚҚ 100/70 мм сын.бағ. Тері жабыны боз.

  1. Әйелде қандай қан кету түрі?

  2. Қан кету дәрежесі.

  3. Уақытша қанды тоқтатыңыз.

  4. Тағы қандай асқыну болады?

  5. Көк тамыр кеңеюінде аяқты қалай ұстаған жөн?

Жауап:

1. Көк тамырдан қан кету

2. ІІ- дәрежелі қан кету

3. Қатты таңба салу, жарадан төмен тартпа (жгут) салу

4. Қоректік ойық жара

5. Аяқты жоғары көтеріп ұстау

Хирургия

Еркек велосипедтен құлап қалады. Оң иығынығ ауыруына шағымданады. Қарағанда: оң бұғана ортасы тұсы ісіңкі, қисайған, басқанда қатты ауырады. Оң шыбық артериясында пульс қалыпты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]