Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.75 Кб
Скачать

1.1. Математика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі түрлері

I. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттеріне, оқу бағдарламаларына, оқулықтар, оқу - әдістемелік және оқу құрал жабдықтарына талдау жасай білу;

1. Мектеп оқулықтары мен математикалық есептер жинағына логика–математикалық талдау;

2. Мектеп оқулықтарының оқу материалдарына логика – дидактикалық талдау;

3. Математикалық, математиканы оқыту әдістемесі, педагогика, психология, математика тарихы, басқа оқу пәндерін оқыту әдістемесі әдебиеттеріне т.б. әдістемелік талдау;

4. Оқу құрал жабдықтарына (көрнекі және техникалық құралдар, ЭЕМ оқыту мүмкіндіктеріне т.б.) талдау.

5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келетін оқу материалын таңдай алу;

6. Оқу материалының тақырыптық және күнтізбелік жоспарын жасау;

7. Жан-жақты, толық сабақ жоспарын тізу.

1.2. Арнайы пәндік әдістемелік біліктілік

1. Математикалық ұғымдарды анықтаудың, математикалық тұжырымдамалардың (аксиома, теорема), ережелер, алгоритмдер, мәтінді математикалық есептерді логика – математикалық талдау біліктілігі.

2. Оқулықтағы оқу материалының әрбір бөліміне, тақырыбына, пәндерін логика –дидактикалық талдау жүргізе білу.

3. Математикалық есептерді шығару мен математикалық тұжырымдамаларды дәлелдеу жолын іздестіру біліктілігі.

4. Математикалық ұғымдарды оқуға, теоремаларды дәлелдеуге, ережелерді қалыптастыруға, немесе алгоритмдерді құруға қажетті есептерді талдай білу.

5. Қарапайым оқу құрал жабдықтарын жасай білу.

6. Анықтамалықтармен, таблицалармен және басқа материалдармен жұмыс істей алу және ондай жұмысқа оқушыларды үйрету.

7. Нақтылы бір мәселені (теорема, есеп, оқулықтың бір пункті) оқуға қажетті әдебиеттермен жұмыс істей білу.

8. Қандай да бір білімдерді (ұғым, теорема, ереже т.б.) игеруін жаппай тексеруге арналған сұрақтар жүйесін құра білу.

9. Математикалық немесе жалпы оқу біліктілігін тексеруге бағытталған өз бетінше жұмыс тапсырмаларын құру.

10. Оқушылардың нақтылы білім, біліктілік және дағдысын тексеру үшін бақылау жұмысының тапсырмаларын құра алу.

11. Жазбаша бақылау жұмысын тексеру, оны бағалау және талдау жасау.

12. Есептің шығарылуын, теоремалардың дәлелдемесін ережелердің қорытылуын т.б. тақтада дұрыс өрнектей алу.

1.3. Әдістемелік біліктіліктердің екінші тобы

1. Нақтылы оқу материалының мақсатын анықтай алу:

а) Анықтаманы үйрету

ә) Ұғымды қалыптастыру

б) Теоремаларды дәлелдеу т.б.

2. Қойылған мақсатқа сай оқу материалына логикалық – дидактикалық талдау жасау:

а) өзекті материалды ажырата білу;

ә) тақырыптың басым идеясын ажырату

б) математикалық есептерді типтерге бөлу т.б.

3. Оқу материалын білуге оқушыларды ынталандыра алу.

а) тақырыпты

ә) пункті

б) математикалық есепті

в) теореманы

4. Оқу міндетін дәл қою және оған сәйкес оқу әрекеті мен операцияларын таңдап алу:

5. Математика сабағында оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру және оқып үйрену үрдісін басқару біліктілігі.

а) Оқу материалын қою тәсілдерін білу;

ә) Оқушылардың оқып үйрену жұмысы ұйымдастыруға және басқаруға бағытталған сұрақтар қою.

б) Сұрақтарды әр түрлі нұсқада қоя алу.

в) Оқушының берген жауабына реакция жасау т.б.

6. Тақырыптық күнтізбелік жоспарын жасау, оның негізінде логикалық – дидактикалық талдау жүргізу.

7. Сабаққа қажетті материалын іріктеу және оған сәйкес толық сабақ жоспарын түзе алу.

8. Сабақтың мақсаты мен оқу материалының мазмұнына орай сабаққа талдау жасай білу.

9. Оқушының жауабын талдау және оны бағалай білу.

10. Дидактикалық, психологиялық және педагогикалық, оқулықтар мен оқу құралдарына, әдістемелік еңбектерге пікір жаза алу.

11. Баяндама жасауға нақтылы тақырыпты оқып үйренуге қажетті материалдарды жинақтау және оның картотекасын жасай алу.