Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.75 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1.Мәтіндік есептер шығарудың негізгі әдістері.

2. Мәтіндік есептерді алгебралық тәсілмен шығаруға алдын-ала дайындық.

3. Теңдеулер құрудың кезеңдері.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Бейсеков Ж., Рахымбек Д., Шарипов Т.А. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. –Шымкент.2003-179 б

2. Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығару. –А.: Мектеп 1988 б

3. Кенеш Ә.Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері.-А.: РБК1998-104 б

4. Қожабаев К. Математиканы оқыту әдістері. –А.: Санат 1998-104 б

5. Көбесов А. Орта мектептерде математиканы оқыту методикасы. –А.: Узак университеті.1989 86-бет

6. Елубаев С. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі. А.: -«Рауан» 1996 ж.

7. Қаңлыбаев Қ., Майкотов Н., Кострикин Н. Математикадан таңдамалы есептер /әдістемелік құрал/-А.: РБК-2000ж

8. Орта мектеп бағдарламалары.

13. Лекция. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру

Лекция жоспары

1. Ынтымақтастық педагогикасы немесе оқытудағы диалогтық үрдіс

2. Қазіргі кездегі педагогикалық тұжырымдарда ұстаз бен оқушы

қарым-қатынасының принциптері

Лекция мазмұны

Білім беру процесінде педагог пен оқушының қатынасын тең тұлғалыққа, ынтымақтастыққа құрылған позицияға ауыстыратын диалогтық үрдіс нықтап орын алуы керек. Мұндай өзгеру педагогикалық процеске қатысушылардың рөлдері мен функцияларының өзгеруімен байланысты.

Педагог тәрбиелемейді, үйретпейді, ол оқушыны белсенділендіреді, оның ұмтылыстарын қуаттайды, оқушының өзін-өзі дамытуға қозғайтын күштерді қалыптастырады, оқушы белсенділігін зерттейді, оның дамуына жағдай жасайды.

Мұндайда нақты реттілік пен динамиканың қадағалануы шарт: білім берудің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушылардың белсенділігін бірте-бірте арттырып оларға оқу мәселелерін шешуге көмек беріп, кейініректе оларды оқытуда толық өз бетінше білім алуға және өзара партнерлік қатынас құруға бағыттайды (Бұл туралы қараңыз: Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. С.А.Смирновтың редакциясында.- М.: Асаdема. 2001,37бет).

Қазіргі кездегі педагогикалық тұжырымдарда ұстаз бен оқушы қарым-қатынасының принциптері қайта қарастырылуда. Авторитарлық педагогикада тиімді және классикалық үлгі болып саналған мұғалімнің тегеурінді ықпалы қазіргі кезде педагог пен оқушының бірлескен жұмысына негізделген өзара әрекеттесумен алмастырылуда. Бұл үрдіс өзара қатынасқа, өзара жақтырушылыққа, бірін-бірі қолдауға, сенімге, өзара түсінушілікке арқа сүйенеді. Педагогикалық өзара әрекеттесудің мазмұнын ұстаз бен шәкірттердің бір-біріне тура немесе жанама ықпал жасауы құрайды, ал бұл өзара, екі жақты байланыс орнатады.

Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз ұстаз бен шәкірттердің қатынасы мұнда педагог оқу, тәрбие және тұлға дамытатын мәселелерді шеше алады (бұл да сонда). Ал тура ықпал деген оқушыға тікелей бағытталу, оған нақты талаптар қойып, ұсыныс жасау.

Қарым-қатынастың екі түрі бар: 1) Әлеуметтік бағыттағы қатынаста (лекция, баяндама, шешендік сөз, теледидарда сөйленетін сөз) әлеуметтік маңызы бар елеулі мәселелер шешіледі, қоғамдық қатынастар жүзеге асырылып, әлеуметтік өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады. 2) Тұлғаға бағытталған қатынас іскерлік болуы ықтимал, яғни ол бірлескен іс-әрекетке немесе мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикадан тыс қарым-қатынасқа бағытталады.

Қатынас стилдері деп педагог пен оқушылар қатынасының жеке және типологиялық ерекшеліктерін атаймыз. Мұнда ұстаздың коммуникативтік мүмкіншіліктері, педагог пен оқушылар ара қатынасының қалыптасқан ерекшеліктері, ұстаздың шығармашылық даралығы, оқушылардың өзгешеліктері айқындалады.

Педагогикалық қарым-қатынас стилдерінің ғылымда қабылданған классификациясы бойынша оларды авторитарлық, демократиялық және немқұрайдылық стилдеріне бөледі (А.В.Петровский, Я.Л.Коломенский, М.Ю.Кондратьев).

Қарым-қатынастың авторитарлық стилі бойынша педагог оқушылар ұжымы мен әрбір оқушының өміріне қатысты барлық мәселелерді жеке өзі шешеді. Өз ұстанымдырына сәйкес ол өзара қарым-қатынастың мақсаты мен ережелерін айқындап, іс-әрекеттің нәтижелерін субъективті бағалайды. Қарым-қатынастың авторитарлық стилі диктат пен жан-жақты қорумен жүзеге асырылады. Педагогтың өктемшіл қысымына қарсылық тұрақты конфликтті жағдайлардың тууына жиі әкеледі.

Қарым-қатынастың немқұрайдылық (анархиялық, елемеушілік) стилі педагогтың іс-әрекеттерге өте аз мөлшерде қатысуымен сипатталады, яғни оқытудың нәтижелеріне деген жауапкершіліктен бас тартады. Мұндай мұғалімдер өзінің қызметтік міндеттерін формалды, немқұрайлы түрде сабақ беруші ретінде ғана орындайды. Бұл стиль араласпау тактикасы топшылайды, ал оның негізінде оқыту және оқушылардың проблемаларына деген селқостық пен қызықпаушылық жатады.

Авторитарлық және немқұрайдылық стилдерінің ортақ ерекшеліктері болып (олардың алғаш рет қарағанда көрінетін қарама-қарсылығына қарамай) ұстаз бен шәкірттер арасының алшақтығы, сенімнің жоқтығы, айқын даралану, өгейсіну, мұғалімнің өз басымдылығын баса көрсетуі табылады.

Қарым-қатынастың демократиялық стилі алдыңғы екі стилдің баламасы ретінде танылады. Мұндай стилді ұстанған ұстаз оқушылардың өзара қарым-қатынастағы рөлін арттыруға бағытталады, олардың әрқайсысын ортақ істерді шешуге жұмылдыруға ұмтылады. Бұл стилдің басты ерекшелігі – бірін бірі жақтыру мен бір-біріне бағытталу болып саналады.

Осы стилде жұмыс істейтін педагогтар үшін оқушыларға деген әрекетті және жағымды қатынас, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктері мен сәтсіздіктерін дәл бағалау тән. Олар оқушы әрекеттерінің мақсаттарын терең түсінеді, оның тұлғасының қалай және қандай бағытта дамитындығын болжай біледі.

Қызметінің кейбір сыртқары көрсеткіштері бойынша демократиялық стилді ұстанған педагогтар авторитарлық стилді әріптестеріне жол берсе де, олардың ұжымдарында әлеуметтік-психологиялық климат әрқашанда жоғары деңгейде.

В.А.Кан-Калик келесідей педагогикалық қарым-қатынас стилдерін белгілеп, оларды сипаттап берген: 1) ұстаздар мен шәкірттердің ортақ шығармашылық әрекеттерге деген қызығушылыққа негізделген қарым-қатынас;