Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серғалиқызы Айсара дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.14 Кб
Скачать

Қорытынды

Қоғамның бүкіл даму тарихында адамдар өздерінің энергияға деген қажетін жер қойнауынан өндірілетін немесе жер бетінде кездесетін энергетикалық байырғы отын түрлерін пайдалану арқылы шешіп келді. Бірақ органикалық отын түрлерінің табиғи қорлары планетамызда шексіз емес, әсіресе бүгінгі энергетикалық отынның негізі болып отырған мұнай мен табиғи газ кендерінің қоры жыл өткен сайын сарқылуда. ХХ ғасырға қарағанда ХХІ ғасырда мұнай мен газды тұтыну азайып, көмірді тұтыну ғана өткен ғасырдағы деңгейін сақтады. Дүниежүзілік энергетика конференцисының сарапшы ғалымдарының болжауларына қарағанда, 2020 жылдары мұнай мен газдың энергетикалық отындағы үлесі 20 пайыздан аспайды, ал жер қойнауындағы айқындалған қоры орасан мол көмір түрлерін қоса есептегенде дүние жүзі елдерінде өндірілетін барлық энергияның тек 50 пайызы ғана осы табиғи отын түрлерін пайдалану арқылы алынады. Ал қалған 50% энергияны өндіру үшін адамдар энергияның жаңа, баламалы, яғни тиімді «жасыл энергетиканы» пайдаланатын болады.

Демек, адамдар қазірден бастап баламалы энергия көздерінің жаңа түрлерін игеруді ойластырғаны жөн. Әрине адамзат баласы ежелден-ақ табиғаттың көптеген энергия түрлерін, әсіресе таусылмайтын мол қорлары бар түрлерін өз тұрмыстарында аз мөлшерде болса да пайдаланды, бірақ олардың энергия балансындағы рөлі бүгінде тым аз.

Қазір дүние жүзі елдерінде энергия тұтыну мөлшері жылдан-жылға артуда. Таяу жылдарда дүние жүзі елдерінде туатын энергетика проблемасы негізінен өзімізге белгілі байырғы энергетикалық отын ресурстарын мол пайдаланумен қатар энергияның болашағы зор түрлерін де игеру арқылы шешілмек.

Болашақта энергияның негізгі көзі болатын, бірақ адамдар әзірше ғаламдық көлемде игере алмай отырған табиғатта көптеген энергия түрлері бар. Бұған мысал, Күн сәулесінің жылу энергиясы, геотермалды энергия, мұхит және теңіз толқындарының энергиясы, ағынды сулардың энергиясы, жел энергиясы, биоотын энергисы және тағы басқа жатады. Осы аталған энергия көздерінің жылдық қуаты орасан мол, оларды игеру үшін ең алдымен күрделі техникалық және экономикалық мәселелерді шешу қажет. Мысалы, мұхиттың жылу энергиясы қазіргі планетамыз бойынша пайдаланатын энергия қуатынан 300 есе көп, ал оны игеру мәселесі техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде шешілсе, онда біз жыл сайын 18 миллиард тонна мұнайды үнемдер едік. Планетамызға түсетін Күн энергиясының да мөлшері орасан көп, тек соның 0,5%-нің өзі қоғамның болашақ энергия қажеттілігін толық қанағаттандырған болар еді. Бірақ әлі тиімді шешімін таппаған көптеген техникалық мәселелер Күннің тегін энергиясын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Үкіметі алдына қойған тікелей тапсырмасы бойынша елімізде балама энергия көздерін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Ал Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен Астанада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі ұлттық идея өмірге келгеннен бері бұл мәселеде түбегейлі бетбұрыс басталды. Мәселен, балама қуат көздерін дамыту мақсатында арнайы заң жобасы белгіленіп, Парламентке тапсырылды. Бұл заңға балама энергия қуатын дамытудағы Корея, Германия, Австрия, Испания және АҚШ сияқты дамыған мемлекеттердің тәжірибесі негіз болды. Сонымен бірге, Қазақстанның жел энергиясын дамытудағы әлеуеті жан-жақты зерттеліп, еліміздің кеңейтілген жел атласы жасалды. Бұл атласқа ұлан-ғайыр Қазақ даласының жел қуаты басым болатын өңірлерінің кестесі енгізілді.

Біздің мемлекетіміз «жасыл энергетикаға» ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Дегенмен халықтың көпшілігі бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесімізді қоса аламыз. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы өз ойымызды жүзеге асыра аламыз. Оған кішкентай мысал, энергияны үнемдеу. Бізде экологиялық жағынан таза, экономикалық тұрғыда тиімді қуат көзін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Айталық, табиғи газдан энергия өндіру 2030 жылы 20 пайызды құраса, 2050 жылдары бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткізуге болады.

Алдағы уақытта ғалымдардың пайымдауы бойынша біз энергияның мүлдем жаңа түрлері – «Enernet» немесе «EnergyInternet»-ті пайдалануға бетбұрыс жасайтын боламыз. Нәтижесінде «EnergyInternet» немесе «Сингулярлық энергия» тұжырымдамасын пайдалануға көшеміз. Осы жаһандық өміршең жолда қазақстандық «Болашақтың энергиясы» бағдарламасы тиімді талқылау алаңы болмақ. Халықаралық көрмелер бюросының 22 қарашадағы шешімімен Астана қаласы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу орталығы құқығына ие болуына байланысты бұл жаһандық идеялар елордамызда ерекше екпінмен жанданатын болады. Бұл ретте ұланғайыр Қазақ даласындағы әлеуетті балама энергетика көзі болып саналатын күн энергетикасын дамыту мәселесі де маңызды орынға қойылмақ.

Осының бәрінен туатын қорытынды – энергиялық-экологиялық саладағы, баламалы энергетика саласындағы практикалық қадамдар туралы қазірден бастап ойластыру керек. Тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық, қолданбалы тұжырымдамалар қажет. Бүкілдүниежүзілік арнаулы көрмелер нақ осындай мүмкіндіктер береді.