Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серғалиқызы Айсара дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.14 Кб
Скачать

3.2 Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы

Энергетика бүгінгі әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күші болып отыр. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, энергетиканың дәстүрлі емес түрлерін дамыту арқылы бірқатар елдер энергетикалық тапшылықтарын жоюда. Ел экономикасы біршама тұрақтанған тұста біздің елде де осы мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланып, бірқатар жобалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда.

Баламалы энергия көздерін, яғни «жасыл энергетиканы» пайдалану және дамыту дүниежүзілік экономиканың энергетикаға деген қажеттілігінен, экономикалық дағдарысқа байланысты дүниежүзілік нарықтағы энергетикалық тапшылықтан және қоршаған ортаға экологиялық жүктеменің артуынан туындап отыр. «Жасыл энергетиканы» дамытуда және пайдалануда АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Қытай және Үндістан алдыңғы қатарда.

Еліміздің бай табиғи қорларына қарамастан, қайта қалпына келетін баламалы энергия көздерін пайдалану қолға алынуда. Осы мақсатта экологиялық «таза» энергия көздерін пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мүмкіндігі және энергия қуатының басқа шикізатқа тәуелді еместігі анықталып, оның даму болашағына сараптама жасалды. Қазақстанда жаңадан қолға алынған бұл энергетикалық-экологиялық бағыт – баламалы энергия көздерін игеру біздер үшін экологиялық таза пайда көзіне айналуы әбден мүмкін.

Күн энергиясы. Бүгінде Германияда (күн), Данияда (жел) және Имспанияда (күн мен жел) электр энергиясының 20%-ға жуығы дәстүрлі емес жолмен алынады. Қытай Халық Республикасы да күн қуаты мен жел энергиясын белсенді түрде пайдалануда.

Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд Квт/сағ-қа деп бағалануда. Елімізде күн энергиясын электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғайда жатқан елді-мекендерге күн энергиясын өндіретін қондырғылар орнатылуы тиіс. Елімізде 2015 жылға дейін қуаттылығы 91 МВт күн энергиясын өндіретін қондырғыларды іске қосу жүзеге асты. Сонымен қатар Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын өндірістік база құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Астанада күн батареясын шығаратын зауыт 2012 жылы желтоқсанда іске қосылды. Фотоэлектрлік стансыдағы 1 кг кремний өндіретін энергияның көлемі жылу стансысындағы 75 т мұнай жұмсап өндіретін энергиямен пара-пар.

Жел әлеуеті. «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елімізде жел күшімен өндірілетін электр энергиясы қуатын шаруашылық салаларына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшінен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен өндіруге мүмкіндік бар. Өйткені еліміздің барлық өңірлерінде қуатты желдер жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары мол. Жел энергиясын өндіретін қондырғылардың технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады.

Кесте 6 - Қазақстандағы жел электрстансыларын салу үшін зерттелген алаптар тізімі [44].

Алаптар атауы

Облыс

Желдің 50 метр биіктіктегі жалдамдығы

ЖЭС-тің жоспарланған

қуаты

1

Жоңғар қақпасы

Алматы облысы

9,7

50 МВт

2

Шелек дәлізі

Алматы облысы

7,7

100 МВт

3

Қордай

Жамбыл облысы

6,1

10-20 МВт

4

Жүзімдік-Шаян

Оңтүстік Қазақстан облысы

6,7

10-20 МВт

5

Астана

Ақмола облысы

6,8

20 МВт

6

Ерейментау

Ақмола облысы

7,3

50 МВт

7

Қарқаралы

Қарағанды облысы

6,1

10-20 МВт

8

Арқалық

Қостанай облысы

6,2

10-20 МВт

9

Атырау

Атырау облысы

6,8

100 МВт

10

Форт-Шевченко

Маңғыстау облысы

7,5

50 МВт

Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, керісінше қыс айларына қарағанда жазда су энергетикасын өндірген тиімдірек.

Жел электрстансыларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданған тиімді. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 Квт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983 жылы.). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысын салу жобалануда.

Бүгінде еліміздің электр энергетикасы саласында жел энергиясының үлесі 0,5%, ал 2015 жылдың ағына дейін оның көлемі еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында 1%-ға дейін жететін болады, яғни елдегі жел электрстансыларынан өндірілетін энергия көлемі 1 млрд Квт/сағ-қа дейін артады.

Елімізде жел энергиясын өндірудің келешегі зор. Жел энергиясы – қалпына келетін экологиялық таза, арзан әрі тиімді энергия көзі. Оны пайдалану табиғатқа зиян келтірмейді. 2011 жылы Жамбыл облысында екі бірдей ірі жоба – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) энергетика кешенін іске асыру қолға алынды. Олардың құрылысына жұмсалған инвестиция қоры 1 млрд долларға жуық. 2014 жылы мемлекеттің қолдауымен Шелек дәлізінде қуаттылығы 51 МВт, Жоңғар қақпасында, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикасы құрылысын жүргізу басталды.

Жамбыл облысының Қордай кентінде қуаты 1,5 МВт және Солтүстік Қазақстанда Новоникольск ауылында қуаты 1,5 МВт жел электрстансыларының құрылысы басталып, Отар ауылында өнеркәсіптік көлемдегі жел электрстансысы іске қосылды.

Жалпы дүниежүзінде жел электрстансылары өндіретін қуат көзі электр энергиясының 1,5%-ын құрайды. Оның өсу қарқынының орташа көрсеткіші 30%-дай және де ол жыл сайын ұлғайып келеді. Елімізде жел әлеуетін пайдалану мүмкіндігі әсіресе оңтүстік облыстарда анықталған. Осыған орай, бірқатар шетелдік және отандық компаниялар жел энергетикасын дамыту бойынша жобаларға қатысуға ниет білдірген. Жел энергиясын пайдаланудың болашағы зор және ең бастысы – ол бізге керек шара. Өйткені Қазақстанда бұған қажетті мүмкіндіктер мол. Алайда осы энергия көзін пайдалану оған жұмсалатын қаржы мен алынатын өнімге байланысты болып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі жел энергиясына қатысты жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін жасау жұмыстары аяқталуға таяу. «GE Energy» компаниясы «Invenergy LLC» компаниясымен жел турбиналарын өндіруге арналған ең ірі (1 млрд долларға) келісім жасады. «GE Energy» компанияның өнеркәсіптің әртүрлі саласына арналған жабдықтары Қазақстанға сонау кеңестік кезеңде-ақ жеткізе бастаған болатын. Қазіргі таңда бұл компанияның Қазақстандағы кеңсесі Астана қаласында орналасқан. «Invenergy LLC» - дүниежүзі бойынша жел энергетикасы жобаларын жасап, оны жүзеге асырумен айналысатын америкалық ірі компания. Компания жобасын «GE Energy» жел турбиналарын жасауға қолдануда.

Биологиялық отын. Биологиялық отынды қолдану. Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВТ·сағ электр энергиясын және 44 млн гигакалориялы жылу энергиясын алуға болады екен. Биогаз экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Биогазды үй жылытуға, жарықтандыруға, тамақ пісіруге, көлік пен электр генераторларына қолдануға болады.

Су әлеуеті. Қазақстанның су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағ-қа жетеді. Солай бола тұрса да бай қуат көзі саналатын су электрстансыларының үлесі 12,3%-ды құрайды. Соңғы жылдары елімізде қуаты 300 МВт-қа тең Мойнақ, қуаты 49,5 МВт-ты құрайтын Кербұлақ, қуаты 68,2 МВт-ты құрайтын Бұлақ, Қарағанды облысында Ынтымақ суқоймасында қуаты 3,7 МВт энергия беретін су электрстансылары іске қосылды. Елімізде 2030 жылға дейін арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы қуаты 5700 МВт-ты құрайтын 564 СЭС салынбақ және 14 СЭС қалпына келтіріліп, жаңғыртылады.

Еліміз соңғы жылдары баламалы энергетиканы дамытуға барынша күш салуда. 2020 жылға қарай жаңартылған энергия көздерін 1040 МВТ-қа арттыруды жоспарлауда. Оның ішінде 13 жел электрстансасын (793 МВТ), 14 СЭС-ті (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электрстансысын (77 МВт) іске қосу жоспарда тұр [45].

Сурет 4 - Еліміздегі қазіргі уақытта салынып біткен және жоспардағы Жел электр стансылары мен Күн электр стансылары [45].