Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серғалиқызы Айсара дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.14 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Серғалиқызы А.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ» ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы - «5В060900-География»

Алматы, 2015

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

­­­­­­­­« ____ » ___________

География, жерге орналастыру

және кадастр кафедрасының

меңгерушісі __________г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ» ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУЫ»

Мамандығы - «5В060900-География»

Орындаған ________________________ Серғалиқызы А.

Ғылыми жетекші

г.ғ.к., доцент ________________________ Мылқайдаров Ә.Т.

Норма бақылаушы

г.ғ.к., доцент ________________________ Сағымбай Ө.Ж.

Алматы, 2015

«Бекітемін»

География, жерге орналастыру және

кадастр кафедрасының меңгерушісі

______________г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «5В060900-География» мамандығының 4 курс студенті Серғалиқызы Айсараның «Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы» дипломдық жұмысын орындауға

Тапсырма

Тапсырманың мазмұны

Орындау мерзімі

Орындағаны туралы белгілер

1

Тақырыптың анықталуы және бекітілуі

2014 қыркүйек

2

Жұмыстың құрылымын жасау

2014 қазан

3

Тақырып бойынша ақпарат жинастыру,өндірістік тәжірибе кезіндегі мәліметтердің жинақталуы

16.02 – 30.04.2015

4

Кіріспе

10.03 – 12.03.2014

5

1 бөлім

08.04 – 20.04.2014

6

2 бөлім

20.11 – 10.12.2014

7

3бөлім

01.03 – 30.04.2015

8

Қорытынды

06.05 – 10.05.2015

9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін және сызбалық мәліметтерді даярлау

12.05 – 14.05.2015

10

Қосымшаларды дайындау

15.05 – 17.05.2015

11

Презентация мен баяндама дайындау

27.05 – 01.06.2015

12

Диплом алды қорғау

23.04.2015

13

Дипломдық жұмыстың қорғалуы

02.06.2015

Тапсырманы алған Серғалиқызы А.

Ғылыми жетекші г.ғ.к., доцент Мылқайдаров Ә.Т.

Реферат

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы»

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, 6 кестеден, 4 суреттен, барлығы 68 беттен тұрады.

Негізгі зерттелу аймағы – Қазақстан Республикасы.

Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.

Бірінші тарауда жалпы баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электр станцияларына сипаттама берілген. Оның ішінде боашағы зор күн, жел және биомасса энергиясына ауқымды талдау жасалған.

Екінші тарауда еліміздегі «жасыл энергтиканың» қазіргі жағдайы мен баламалы энергия негізінде жұмыс атқаратын электр станцияларының даму жағдайы мен таралуына толықтай талдау жасалды. Сонымен қатар Қазақстандағы жел әлеуетіне салыстырмалы сипаттама берілді.

««Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы» атты үшінші тарауда жаңғыртылатын көздердегі энергетика дамуының экологиялық салдарлары, Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы, атомдық энергетиканы дамытудың пайдалы жағы мен кері әсері, 2017 жылы елімізде өткізілетін «Expo-2017» көрмесі жайлы баяндалған. Жұмыс соңында негізгі қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу, жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару. Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:

● Баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электростанцияларды анықтау.

● Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» қазіргі жағдайын бағалау.

● Еліміздегі «жасыл энергетиканың» дамуы мен таралуына талдау жасау.

● Қазақстандағы жел энергиясының әлеуетіне баға беру.

● Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуын сараптау.

● Қазақстандағы күн, жел, геотермалды, биомасса және гидроэнергетика секторындағы энергияның жаңғыртылатын көздеріне баға беру.

Зерттеу объектілері: баламалы энергия көздері.

Түйінді сөздер: баламалы энергия көздері, жасыл энергетика, күн панельдері, геотермалды энергия көздері, гидроэнергетика, биомасса, жел генераторлары, ресурстық әлеует, болашақтың энергиясы, атомдық банк, энергетикалық жүйе.

МАЗМҰНЫ

КІСПЕ

1

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ

ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАР

1.1

Күн энергиясы

1.2

Геотермалды энергия көздері

1.3

Биомасса энергиясы

1.4

Кіші гидроэнергетика

1.5

Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы

1.6

Жел энергиясы

2

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ»

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1

Еліміздегі «жасыл энергетиканың» дамуы мен таралуы

2.2

Қазақстандағы жел энергиясының әлеуеті

3

«ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ» ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУЫ

3.1

Жаңғыртылатын көздердегі энергетика дамуының

экологиялық салдарлары

3.2

Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері

мен болашақтағы дамуы

3.3

Атомдық энергетиканы дамыту

3.4

Қазақстанның ең ірі жобасы – «Expo-2017»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Ал өндірісті дамыту үшін электр энергиясы қажет. Сонымен қатар, үстіміздегі мыңжылдықта адамзаттың энергияға деген сұранысын қанағаттандыру қиынға соғып барады. ХХІ ғасырда жаhандық экономика энергетикалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмейінше дами алмайды. Мамандардың есептеуінше, тек алдағы 2 онжылдықтың ішінде адамзаттың қуатты қажетсінуі 40 пайызға өседі. Бүгінде 2 миллиард адамның электрге мүлдем қолы жетпейді. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы – «жасыл энергетиканы» дамытудың маңызы зор.

Дүниежүзіндегі талай мемлекеттің дамуына тың серпін берген «жасыл энергетикаға» Қазақстан да қадам басып, тың серпінмен ірі жобаларды іске асыруда. Елбасының бастамасымен жүзеге аса бастаған бұл бағдарлама аймақтарда да жалғасын табуда. Осы ретте біздерге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі дәстүрлі емес қуат көздерін өндіруге ерекше серпіліс береді.

Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз. Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВт/сағатқа тең келетінін айтқан болатын. Қазірдің өзінде Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында оннан астам жобалар жүзеге асырылуда. Олар негізінен шағын қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, «жасыл энергетиканы» дамытуда ерекше серпін беретіні сөзсіз.

Адамзаттың ертеңі – «Жасыл энергетика». Астанада өтетін ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселе. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандыру планетамыздың болашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Электр қуатын өндіру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану – ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отырғандығы да тегін емес. Қазірдің өзінде Қазақстан бұл көкейкесті мәселе бойынша бірқатар ғылыми жаңалықтар мен озық ойларды алға тартуда. Әрине, «Болашақтың энергиясы» тақырыбының ауқымы өте кең. Бұл – негізінен болашақта адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге әкелу. Бұл – жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару. Дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу, жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.

1 БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАР

Жаңғыртылатын энергия көздеріне энергияның мынандай түрлері жатады: күн энергиясы, геотермалды энергия, жел энергиясы, теңіз толқындарының энергиясы, мұхит суының ағысынан туындайтын энергия, мұхит суының көтерілуі мен төмендеуі кезінде қалыптасатын энергия, биомасса энергиясы, гидро (су) энергиясы, төмен әлеуетті жылу энергиясы және жаңартылатын энергияның басқа да түрлері.

Шартты түрде жаңартылатын эенргия көздерін 2 топқа бөледі:

  1. Дәстүрлі – бұл топқа қуаттылығы кем дегенде 30 МВт-ты құрайтын СЭС-тардан алынатын су энергиясы; жылу алу үшін отынды, торфты және пештерде жанатын жанармай отынның басқа да түрлерін дәстүрлі жолмен жағу арқылы алынатын биомасса энергиясы; сонымен бірге геотермалды энергия жатады.

  2. Дәстүрлі емес – бұл топқа күн энергиясы; жел энергиясы; мұхит пен теңіз суының толқындарының, ағыстарының және суының өз деңгейінен көтерілуі кезінде қалыптасатын энергия; кіші және микро СЭС-терден алынатын су энергиясы; дәстүрлі жағу әдісінсіз алынатын биомасса энергиясы; төмен әлеуетті жылу энергиясы және жаңартылатын энергияның басқа да түрлері жатады.

Қазіргі таңда адамзат баласының 1/3-нен астамы тиісті энергетикалық инфраструктураның болмауының нәтижесінде электр энергиясына қолдары жетпейді. Органикалық отынның шектен тыс жануы ғаламдық климатқа орны толмас әлеуметтік және экономикалық зардаптар әкелуде, адам денсаулығына қауіп төндіруде. Сонымен қатар, дәстүрлі органикалық отын көздері үстіміздегі үшінші мыңжылдықта таусылудың алдында тұр. Ал дәстүрлі емес органикалық отынның түрлерін, мысалы, мұнайлы құмдақты қолдану біріншіден – энергия тасмалдағыштардың бағасының анағұрлым жоғарылауына алып келсе, екіншіден – қоршаған ортаны қосымша ластайды. Жоғарыда аталған деректердің салдарынан меншікті дәстүрлі энергетикалық ресурстары жоқ елдердің электр энергисын импорттауға деген қажеттілігі екі есеге өседі. Ал бұл жағдай болашақта халықаралық шиеленіс пен жанжалға алып келуі мүмкін. Қалыптасқан жағдайда көп елдер мақсатты түрде атом энергиясын ары қарай дамыту жолдарын іздестіруі ықтимал. Ядролық отынды қолдану туралы бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарас бар: біріншілері бұл электр қуатын өндіру технологиясының қалыпты жақсы жақтарын атап көрсетсе, екіншілері ядролық апаттардың салдарынан туындайтын күрделі мәселелер мен атомдық қарудың таралу қаупін, ядролық қалдықтардың зиянын алға тартады.

Тап осы сәтте белгілі-бір елдер мен аймақтарда 2 миллиард адам электр қуатынсыз өмір сүріп жатқанда, ядролық отынды қоспағанда, жаңғыртылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын қалыпты бағамен немесе дәстүрлі энергия көздері беретін электр энергиясының бағасынан да төмен бағамен алуға мүмкіндік береді. Бірақ өкінішке орай, бүкіл әлемде «жасыл энергетиканы» зерттеу жұмыстарына, «жасыл энергетиканы» дамытуға, энергетикалық орталықтарды салу мен баламалы энергия нарығын құру мәселелері тиісті қолдау таппай, лайықты назарда болмауда. Баламалы энергия көздерінің табиғи әлеуеті ешқашан таусылмайды және органикалық энергия мен ядролық энергияның жалпы жылдық табысын бірнеше мың рет асып түседі, ал бұл дегеніміз дәстүрлі энергия көздерін түгелімен әрі тұтастай алмастыруға мүмкіндік береді. Ал баламалы энергия көздерінің экономикалық әлеуетіне, пайдасына келетін болсақ, уақыт өте келе оның экономикалық тиімділігі сөзсіз арта түседі. Сондықтан алдағы уақытта баламалы энергия көздерін өндіретін электр станциялары кең ауқымда таралады және технологилық жағынан дамиды. Ал дәстүрлі энергия көздерінің бағасы оның қорының аздығы мен қоршаған ортаны ластауы себебінен күннен-күнге жоғарылайды. Қазірдің өзінде, әсіресе біріккен энергиялық жүйесі жоқ аудандарда баламалы энергия көздерін артық шығынсыз қолданысқа енгізуге мүмкіндік бар.

Баламалы энергия көздерін кең түрде қолданысқа енгізу мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған саясаттың негізгі назарында қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын сақтау, энергетикалық қауіпсіздік пен баламалы энергия көздерінің экономикалық дамуы, кедейліктің азаюы, табиғи қорларға бола туындайтын дау-дамайлар мен экономикалық дағдарыстың қаупін ауыздықтау және басқа да энергетика мен табиғи қорларға байланысты туындайтын мәселелер болуы шарт. Жоғарыда аталып кеткен мәселелерді шешу үшін заңнамалық бастамалардың болуы керек. Сонымен қатар әлемдегі елдердің парламенттері демократиялық қозғаушы күш ретінде осы құбылыстардың бастамасын қалыптастыруы қажет [1].