- •2) Солтүстік Қазақстанның халқы
- •2) Қазақтың ғұлама ғалымы ш.Ш. Уәлиханов
- •2) Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі
- •2) Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы
- •1) Қазақстанның климаты. Ауаның қысымы және желдер
- •Қазақстанның жер асты сулары
- •Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
- •Оңтүстік Қазақстанның эгж, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы
- •Қазақстанның биік, аласа таулы өлкелері
- •Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша сипаттама бер
- •2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
- •3) Еуразияның бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Солтүстік Қазақстанның қалалары
- •2) Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі
- •3)Африканың бір еліне қысқаша кешенді сипаттама бер.
- •1)Батыс Қазақстан қалалары
- •2) Қазақстанның мұздықтары. Көпжылдық тоң
- •3) Австралияның бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Шығыс Қазақстан қалалары
- •2)Тұран жазығы
- •3) Солтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Орталық Қазақстан қалалары
- •2)Солтүстік Қазақ жазығы. Сарыарқа
- •3)Оңтүстік Американың бір еліне қысқаша сипаттама бер
- •1)Қазақстанның геосаяси жағдайы, экономикалық ықпалы
- •2)Орал, Алтай, Жетісу Алатауы
- •3) Антарктика материгіне сипаттама бер
- •3)Қазақстанның қорықтарын кескін картаға түсір
Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша сипаттама бер
Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.
Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады. [1]
17-билет:
Қазақстанның инфрақұрылымдық кешені
Инфрақұрылымдық кешен,өз кезегінде екі бөліктен:коммуникациялық жүйе мен қызмет көрсету саласынан тұрады.Коммуникациялық жүйе көлік пен байланысты біріктіреді.Қызмет көрсету сферасы халық пен барлық қоғамға қызмет етеді.Сондықтан оны қоғамдық немесе әлеуметтік инфрақұрылым деп атайды.Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі салалары:денсаулық сақтау,білім беру,сауда халықтың демалуын ұйымдастыру және т.б.
Инфрақұрылымдық кешен-еліміздегі ең ірі кешен.Онда халықтың 49%-ы еңбек етіп,жалпы өнімнің 51%-ы жасалады.
Қазақстанның орманды дала, дала зоналары
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып түрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау
18-билет:
Оңтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.
Оңтүстік Америка қойнауы кен байлықтарына, әсіресе мыс, темір, марганец, молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін метал кендеріне өте бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2-орынды, Чили мыс кенін өндіруден дүние жүзінде 1-орынды иеленеді. Перу, Чили, Боливия жерінде, Бразилияда алтын мен алмастың ірі кен орындары кездеседі. Боливияда солтүстіктен оңтүстікке қарай 940 км-ге созылып жатқан қалайы белдеуі орналасқан. Теңіздің жағалық жазықтары мен синеклизаларында мұнай мен газдың мол қоры кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена, Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазона ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары бар. Колумбия Кордильерасындағы замартастың, Чилидің солтүстігіндегі алтынның және селитраның мол қоры дүниежүзілік маңызға ие.
Қазақстан халқының ұлттық, діни құрамы
1. Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі
көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, корейлер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.
Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет — тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.
Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.
Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.
Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.
Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.
Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.
Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады.
