Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать
  1. Қазақстанның биік, аласа таулы өлкелері

Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр.Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран рйпатына дейін жетіп,шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетбақдаламен,солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды.Батыстан шығысқа қарай 1200км созылған.Батысында ені 900км астам,ал шығысында 350км ге жуық.

Сарыарқа-Қазақстан жеріндегі ең ежелгі,мүжілген аласа таулы өлке.Абсолюттік орташа биіктігі 500-600м.Оған миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр,ыстық пен аяз,қар мен ағын су күшті әсер еткен.Бір кездегі биік таулар сыртқы күштердің әсерінен мүжіліп,алуан түрлі жер бедерлері қалыптасқан.Аласа таулар,құырқалар,ұсақ шоқылар ,жазықтар пайда болды.Сарыарқа орталығы менр шығысында биіктеп келіп,солтүстігінде,оңтүстікке және батысқа қарай біте-бірте аласарады.Ол солт Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасындағы су-айрық болып саналады.Қазақтың қатпарлы өлкесі архей мен протерозойдың гранит,порфирит,кварцит,құмтас және тақтатасы басым болып келетін ежелгі жыныстарынан түзілген.

Сарыарқаның ең биік таулары қатарына шығыс бөлігінде Ақсораң,Қарқаралы,Шыңғыстау таулары,батыс бөлігіне Ұлытау жатады.Сарыарқаның Қарқаралы,Баянауыл және Көкшетаутаулары өте көрікті.Жел мен жаңбырдан мүжілген жартастар өзінің ғажайыппішіндерімен таң қалдырады.Мұнда әдемі «мұнаралар», «қорған»,«жеке батыр»,«салт аттыны»кездестіруге болады.Тау аралықтарында көгілдір мөлдір көлдер жарқырайды.Сыңсыған қарағай мен қайың,әйгілі«жұмбақтас »,«көкшенің шоқылары» ерекше сұлу болғандықтан,жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды.Сарыарқаның көп жерінде түрлі үңгірлер де баршылық.

Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде,Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады.Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы-оның шығыс беткейі көлбеу де,батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 450км-ге созылған.

Маңғыстау таулары Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде жатыр.Бұған Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тау тізбектері кіреді.Қаратаудың ұз 117км,ал Ақтау 70км созылған.Олар сай,жыра,шатқалдармен тілімделген.Маңқыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас,бірақ құрылысы мен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұқсастығы бар.Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы 556м.

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай,Сауыр-Тарбағатай,Жетісу Алатауы және Тянь-шань тау жүйелері жатады.Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп,мезозой эрасында тегістелген.Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған.Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.

Алтай.Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді.Оны Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

Оңтүстік Алтай солтүстгінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан.Оның биік шыңы Мұзтау.Осы жерден оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары тарайды.Олардың биіктіктері шығыста 3500м-ден дейін батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000м-ге дейін аласарады.Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді.

Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауларының батысында жатыр. Ол бұл таулардан Шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді.Қазақстанға жотаның батыс бөлігінің солт беткейлері ғана кіреді.Қырғыз Алатауы өте күшті тілімделген және биік таулы тік құз,шыңды альпілік жер бедерімен ерекше көзге түседі.

Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып,одан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталарға ұласады.Аса ірісі Өгем,Піскем және Қаратау.

Қазақстан аумағына түгелдей кіретін Қаратау 2176м-Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы.Қаратау пайдалы қазбалардың қазынасы.Тау қойнауының құрамында қорғасын,мырыш,т.б. түсті металдар көп тараған кен орындары кездеседі.Таудың оңтүстік-шығыс бөлігінен фосфорит кені өндіріледі.

  1. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығына салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама бер

15-билет:

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысы. Топырақ жамылғысының типтері

Топырақ-табиғат компоненттері бірі.Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ.Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты.Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.

Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы-жас ғылым.Оның негізін салған 19ғасырдың 80жылдары орыс ғалымы Докучаев –топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.

Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар.Топырақтың пайда болуының,дамуының өзінше заңдылықтары бар.Топырақ-су,ауа,жылу,өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен,тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының мбеткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.Міне,осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.

Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі-өте ұзаққа созылатын құбылыс.Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп,мүжіліп,шыңдар аласарады.Құм мен саздар суға шайылып,желдің күшімен ауаға ұшады,шаңданады.Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады.Жаңбыр, жел қатты болса,жер беті өзгеріп тұрады.Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы,яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың тіршілік әрекеті.Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады.Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен,одан шірінді пайда болған.Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен.Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.

Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар.Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің,жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты.Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды,ал қуаңшылық кезеңде баяулайды.Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты,топырақтың ендік зоналық,биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.

Топырақ жамылғысының түрлері.Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі.Топырақжамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр.Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді:қара топырақты зона;қара қоңыр топырақты зона;қоңыр,сұр топырақты зона.

Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған.Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен,Қостанай облысының көп жерін,Ақмола,Павлодар,Ақтөбе,Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды.Республика аумағының 25,5слн гектар жерін алып жатыр.Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді:сілтісізденген қара топырақ-орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз бөлігін алып жатыр;кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы-дала зонасына тән.Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы мол қара топырақ орын алса,оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау келеді.Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған,республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан.Бұл-ресмпубликаның оңтүстік дала және шөлейтті алқаптарын 90,6млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона.

Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді:қуаң даланың күңгірт қара қоңыр иопырақты өңірі;қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі.

Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.Күңгүрт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5-3,0%,ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ,3,0-2,0%.Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астықөндіру мен мал шаруашылығымен айналысады.Өйткені мұнда ылғал аз түседі.

Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді.Топырақтың бұл типі120млн гектар жерді,республика жерінің 44%-ын алып жатыр.Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел қамтыған.Бұл топырақтың гумусы аз,сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады.Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.

  1. Қазақстанның машина жасау кешені

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі.Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

  1. Машина жасау;

  2. Металл өңдеу;

  3. «кіші металлургия».

Машина жасау кешені-шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық,елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ,халыққа қажеттітауарлар шығарумен айқындалады.Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы,елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты.

Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады.Ол жылу электр кешені өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес,сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энегетикалық,тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар,әр түрлі машиналар алады.Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар жұмсалады.Оларды өндіру,керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес.

Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді.ең алдымен бұл-шығарылатын өнімдердің күрделілігіне байланысты.Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.

Маманданудың 3 түрі-бұйымдық,тетіктер мен бөлшектер шығару және технологиялық түрлері бар.

Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін:трактор жасайтын-тракторлар,станок жасайтын-станоктар,аспаптар жасау-аспаптар шығарады.Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады.

Машина жасау зауыттары,көп жағдайда,дайын өнім емес,оның бөлшектерін шығарумен айналысады.Ондай маманданудыбөлшектер бойынша мамандану деп атайды.Мыс,Степногорскідегі зауыт теміржол подшипниктерін,Қостанайдағы-ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын,ал Талдықорғандағы-аккумуляторлар шығарады.

Машина жасау зауыттарының 3-ші бір түрі-технологиялық мамандану.Машина жасау 3 негізгі технологиялық кезеңнен тұрады.1ші кезең-құю,соғу немесе сығымдану арқылы бөлшектер даярлау.2шісі бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу,ал 3шісі-бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру.Егер зауыт өндірістің барлық 3 кезеңін жүзеге асырмай,тек біреуімен ғана айналысса,ол технологиялық мамандану,яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады.

  1. Берілген координаталар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астаналарын түсір

16-билет:

  1. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешендері

Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз.Оны сақтап,сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек.Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды.Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан.Басқаша айтқанда,агроөнеркәсіп кешен пайда болды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты-халықты азық-түлікпен,ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында 3 негізгі буын бар.1 буын АӨК-ке қызмет көрсететін,оны техникамен,тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.2буын-бұл ауыл шаруашылығы,ал 3буын-тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

АӨК-нің 1буыны-қызмет көрсету саласы.1буынның салалары АӨК-ге ауыл шаруашылық машиналарын,құрал-жабдық жеткізе отырып,оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды.Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты.Әзірге АӨК-ні қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.

Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады,қол еңбегінің үлесі жоғары,ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен.

Өндірілген өнімнің азғана үлесі өңделеді.Еліміз шет елдерден азық-түлікті көп мөлшерде сатып алады.

Ауыл шаруашылығы-АӨК-нің 2буыны.Ауыл шаруашылығы-АӨК-нің орталық тізбегі болып табылатын,ел экономикасының дәстүрлік саласы.Оның өнекәсіптен 3 негізгіә айырмашылығы бар.

  1. Ауыл шаруашылығында жер-негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады.

  2. Ауыл шаруашылығы-экономиканың маусымды саласы.

  3. Ауыл шаруашылық өдірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

  1. Литосфералық тақталар туралы ұғым

Соңғы кездеғалымдардың арасында Жер қыртысы орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кеңінен таралған.

Бұл пікір бойынша,Жер бетіндегі материктер маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталар құрайды.Мәселен,Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солт-шығысы және Солт Мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіреді.Африка тақтасы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының іргелес бөліктерін қамтиды.Тек Тынық мұхит және Наска тақталары ғана жеке-дара мұхитты алып жатыр.

Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып,орнын ауыстырады.Жер серіктерінің жәрдемімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталардың жылына 2-5см ығысатындығын көрсетеді.Былайша қарағанда,бұл сан өте мардымсыз сияқты болып көрінеді.Дегенмен сол санды 10,20,100 жылға шағып қарағанда айтарлықтай мөлшерге жететінін байқау қиын емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]