Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать
  1. Оңтүстік Қазақстанның эгж, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы

Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі 2ші экономикалық аудан.

Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км,Балқаш көлімен,Бетбақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700км созылып жатыр.Оңтүстік шығысында көптеген өзендер бастау алатын Солт Тянь-Шань жоталары орналасқан.

Топырағы сұр-қоңыр және сұр топырақ.Жақсыф жайылымдық жерлер көп.Өсімдік дүниесіне бай.Тау етектерінде бағалы дәрілік өсімдіктер, мысалы,фармацевтика өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын дермене сияқты өсімдіктер өседі.

Бұл аймақтың климатында қуаңшылық байқалады,жауын-шашын 700-1100мм дейін түседі.Бірақ жер сілкінуі,сел тасқындары мен көшкіндер осы аймақта мекендейтін халықтарға үлкен қауіп төндіреді.

Ауданның солт және солт-батыс бөліктерінде құмды шөлдер өзендердің құрғақ арналары мен бұзылған ескі таулары аласа төбелерімен кезектесіп отырады,ойпаң жерлерде тақырлар,сор және сортаң жерлер кездеседі.

Оңтүстік шығыстағы биік таулар,жиі соғатын желдер мен шаңды дауылдар,жауын-шашынның аздығы,буланушылықтың жоғары болуы ауданның шаруашылығын дамытуға бірталай қиындықтар тудырады.

Таб ресурс.Шығыс және Орталық Қазақстанмен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан минералдық ресурстарға аса бай емес.Дегенмен,мұнда да түсті металл кендерінің:қорғасынның, вананийдің,вольфрамның едәуір мол қорлары бар.

Алматы мен Оңтүстік қазақстан облыстарында ірі тас көмір кен орындары анықталған.

Қаратау жотасында фосфориттің,Мойынқұмда табиғи газдың орасан мол ресурстары барланған.Минералдық тұздар,әктас,гипс кездеседі.

Оңтүстік Қазақстан су ресурстарымен біркелкі қамтамасыз етілмеген.Өзен торы тау етектерінде жазық жерлерге қарағанда жиірек болып келеді.Ірі өзендері-Сырдария,Іле,Шу,Талас,Қаратал,Ақсу бастауларын биік таулардан алады.Олардың суы көктемгі-жазғы кезеңде молаяды және суармалы егістікке пайдаланылады.

Өзендері су қорына бай,Сырдарияда-Шардара,ал Іледе-Қапшағай СЭС-тері салынған.

Оңтүстік Қазақстанның аумағына аралдың солтүстік-шығысы мен Балқаштың оңтүстігі қарайды.Егістіктерді суаруда Сырдариядан көп су алынады.

Ауданда сумен аз қамтамасыз етілген жерлер үшін маңызы зор жер асты суларының мол қоры барланған.Мыс,Мойынқұмда аумағы 50мың км2 болатын тұщы су бассейні табылған.

Бұл жақта вегетациялық кезең ұзаққа созылады.Белсенді температура жиынтығы 3200-4000 градус және одан көбірек.

Мол жылу мөлшері мен қолдан суару Қазақстанның басқа жерінде кездеспейтін мақта мен күріш және т.б. дақылдар өсіруге мүмкіндік береді.

Ауданның жер ресурстары біршама.Бірақ ылғалдылықтың жетіспеуі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді-көбінесе сұр-қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді.Ең құнарлы топырақ түрлері тау етектері мен беткейлерінде кездеседі.

Рекреациялық ресурстар аудан аумағының оңтүстік-шығысы мен солтүстік шығысында орналасқан.Мұндағы көрікті қала-Алматы туристерді көп қызықтырады.

Халқы.Оңтүстік Қазақстан-ең көп халық қоныстанған аудан.Халықтың көбі Алматы қаласы мен Алматы облысында,О.Қазақстанда тұрады.Қалалардың көпшілігі оңтүстігінде шоғырланған,оның ішінде алматы облысы алда.

Аудан халықтық тығыздығы жөнінен республикада 1-ші орын алады,орташа тығыздық 1 шаршы км2 ге 8,5 адамнан келеді.Халықтың таралып орналасуы біркелкі емес,олардың негізгі бөлігі Тянь-Шань,Жетісу Алатауы және Қаратау тау алды аңғарларында шоғырланған.

Сондықтан халықтың тығыздығы Оңтүстігі Қазақстан облысында 1 шаршы км2 ге 22 адам,Алматы облысында-8,5,Жамбыл облысында-7,3,ал Қызылорда облысында-3,1 ден төмен.

Бұл ауданда Қазақстан аумағында тұратын ұлт өкілдерінің барлығы бар.Қазақтардың үлесі ең жоғары.Ең саны көп диаспора-өзбектер және ұйғырлар.

Қазақстандағы кәрістердің 70%-ы осы аймақта тұрады.Олардың көп бөлігі Алматы қаласында,Алматы облысында және Жамбыл облысында.

Аудандағы экономикалық белсенді халықтың үлесі73%,оның ішінде жұмыссыздары-5,5%құрайды.Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады.

  1. Карта бойынша Қазақстанның ірі өзен жүйелері мен көлдердің орналасқан орнын анықта

14-билет:

  1. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары

Өсімдіктер,жануарлар және майда ағзалар-тірі ағзалардың түрлері.

Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады.

Биосфераның жоғарғы және төменгі шекаралары тіршілікке жарамды жағдайлардың шегімен анықталады.Жоғарғы шекара тірі ағзаларды құртып жіберетін әсірекүлгін сәулелерді ұстап қалатын озон қабатына сәйкес келеді.Бұл қабат орта есеппен Жер бетінен 20км биіктікте орналасқан деп есептелінеді.Төменгі шекара жер қойнауында,температура+100оС-қа жететін тереңдікте,3-10км аралығында өтеді.Сонда биосфера қабатының қалыңдығы 20-30км шамасында болады.

Тірі ағзалардың 2ші тамаша қасиеті-тіршілік жағдайына икемділігі. Микроағзалар Жердің мәңгі тоң қабатында да,ыстық гейзерде де тіршілік ете алады.Олардың кейбір түрлері тұзды суда,қалыпты жағдайдан 3 млн есе көп радиация шығаратын атом реаторларында да кездеседі.

Тіршілік таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады.Ауа ағындары бактерияларды 20-22 км биіктікке дейін ілестіріп алып кетеді.6км-ден астам биіктікте өрмекшілер мен көбелектер байқалған.Бірнеше км биікке құстар да көтеріледі.Тіршілік, әсіресе тікелей жер бетінде және гидросфераның 200м тереңдікке дейінгі беткі қабатында көп шоғылланған.

Жер бетінде тірі ағзалардың бірнеше миллион түрі кездеседі. Өсімдіктердің түрі 500мыңнан,жануарлардың түрі 1млн асады. Бунақденелілертүрінің қанша екенін тап басып айту қиын,ал микроағзалардың,яғни бактериялар мен саңырауқұлақшалардың түрі де,саны да қисапсыз.Оның үстіне жыл сайын өсімдіктану мен жануартану мамандары өсімдіктердің,бунақденелілердің, микроағзалардың жүздеген,тіпті мыңдаған жаңа түрлерін ашып жатады.Мұндай ашылулар сүтқоректілер мен құстардың арасында некен-саяқ,дегенмен кейде ұшырасып қалады.Оңтүстік Америка,Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жаңа түрлері әлде де табылып жатады.

Бір жерден екінші жерге өткенде тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына ауысады.Өсімдіктердің тіршілік формасының мысалына ағаш өсімдігінің түрлері,бұталар,шала бұталар,шөптесін өсімдіктер,мүктер және т.б. жатады.Жануарлардың тіршілік формалары:сүтқоректілер, құстар,жорғалаушылар,балықтар,бунақденелілер.Осы сияқты мироағзалардың да қоршаған ортаға бейімделген түрлері көп.

Тірі ағзалардың таралу заңдылықтары.Өсімдіктердің,жануарлардың және микроағзалардың,сондай-ақ олардың бірлестіктері-биоценоздардың географиялық таралу заңдалықтарын биогеография ғылымы зерттейді.

Биоценоз жүздеген,тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін.Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.

Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған.Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатынсіңіре отырып,көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады.Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері,яғни жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмас еді.

Кез келген биоценоздағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды.Өсімдіктің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі.Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да,сан жағынан да аз,экватор маңында өте қалың және сан алуан.

Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға,солардың ішінде,әсіресе климатқа байланысты.Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйке,экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.

Тауларда топырақ,өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі биіктік белдеулерге сәйкес өзгереді.Бұл өзгеріс биіктіктің артуына қарай жазықтағы сияқты жылу мен ылғал мөлшерінің өзгеріп отыруына сәйкес келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]