Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauapby_biletter_geografia_9_synyp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.61 Кб
Скачать
  1. Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден,бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезңінен басталады.Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан.Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан.Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген.Торғай бұғазынан шығыста Алтай,Сарыарка аймақтарында,негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақ өсісдіктүрлерітараған.Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай мәңгі жасыл субтропиктік түрлер дамыған.

Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып,құрғағаннан кейін екі жағы қосылған.Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап,Жайсан көліне дейін жеткен.Керісінше,шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан.Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан.Оған платан,грек жанғағы,емен,шамшат, терек,т.б. жатады.

Теңіздің шегініп,құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден бастап,Иран арқылы Африка флорасы кірген.Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер,жоңышқа қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.

Палеоген дәуірінің алоғашқһы жартысында жазық ойпаңдардытеңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған.Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тавртылып,құрғап,орнына осы күнгі ірілі-ұсақты көлдер пайда болған.

Неоген дәуірінде климат суып,таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп,қазіргі орман типтері қалыптасқан,грек жаңғағы,өрік ,алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған.Сібір жақтан ауысып,арктикалық,альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан.Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктермен қоса сырттан келген түрлерде едәуір әсер еткен.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады.Басқа көрші елдермен салыстырғанда бұл онша көп емес.Оған Қазақстан жерінде шөлді,шөлейтті аймақтардың көптігі,топырақ пен климат әсер етеді.Екіншіден,Қаз-ның едәір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас.Каспий маңы ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған.Үстірт пен Бетбақдала ның босауы одан сәл ғана ертерек.Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгермеген.

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеорафиялық облысқа кіреді.Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген.Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған.Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып,біразы жылы жаққа қоныс аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып,мұзбасу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен.Қарақұйрық,жолбарыс,қабан,марал,бұғы,аққұтан,қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан.Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған.Оларға тундра кекілігі,жапалақ,т.б. жатады.Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен.Оларға құр,тоқылдақ,самырқұс,ор қоян жатады.Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян,ақкіс,елік кіреді.Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі.Құстардан құр,шіл кең тараған,қайыңды ормандарды қырғи,бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді.Ашық алаңдарда қарғаның түрлері,бұлдырық бар.Орман ішінде жылан аз кездеседі,кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.

Шөл даланың жануарлары ыстыққа,шөлге шыдамды болуға бейімделген.Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып,түнде жемін аулауға шығады.Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана далада болады.Күндіз көлеңкеде,бұта түбінде жатады.Шөл хайуандары жүйрік келеді,алыс жерлерден су ішіп қайтады,құстары да қонбай,алысқа самғап ұша алады.Көбі шөлге шыдамды келеді.Олар ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді,соны қанағат тұтады.Көктемде ,жаздыңбасында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп,жазғы ыстыққа ұйықтайтын да жануарлар бар.Сарышұнақосылай тіршілік етеді.Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді.Дала тасбақасы ұйқыны оданда ертерек бастайды.

Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық парктер мен қорықтар ұйымдастырылған.

  1. Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің орталықтарының орналасу заңдылықтарын талдау, орналастыру факторларын анықтау

13-билет:

  1. Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азияның құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия,ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азияелдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония,Корей Республикасы,Корей Халық-Демократиялық Республикасы енеді.Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр.Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия,Орталық Азия,Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан біздің Отанымыз Қазақстан жерімен келесі сыныптарда толық танысатын болмыз.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр.Онда Қытайдың көпшілік бөлігі мен Монғолия орналасқан.Атына лайық,Орталық Азия материктің нақ ортасында жан-жағынан ірі-ірі тау жоталарымен бөлінген орасан зор үстірттер мен таулы қыраттардан тұрады.Жер белері көтеріңкі болғандықтанбұл бөлікті Биік Азия деп те атайды.Оны Жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты,Памир,Қарақорым,Кунь-Лунь,Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды.Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы қытай тілінде «аспан таулары» деген мағына береді.Неғұрлым аласа бөлігіне Такла-Макан,Гоби үстірттері сәйкес келеді.Климаттың шұғыл континеттісипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған құлазыған шөлдер алып жатыр.Орталық Азияны зерттеуде қазақ халқының ғұлама ғалымы Шоқан Уәлихановтың қосқан үлесі орасан зор.Осы аймақтағы Қашқар жерінің табиғаты,тұрмыс-тіршілігі туралы ғалымның жинақтаған мәліметтері құндылығын әлді де жойған жоқ.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор.Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық,аласа таулы болып келеді.Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерде тау түзілу әлі де жүріп жатыр.Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар,40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған.Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы.Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп,кие тұтады.Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнынан ерекшелігіне сәйкес,табиғатының өзіндік басты белгілері бар.Сондықтан Орталық және Щығыс Азияны біртұтас қамтып жатқан,мыңдаған жылдық тарихы бар іргелес ежелгі-Қытай Халық Республикасы мысалында бұл аймақпен толығырақ танысамыз.

Халқының саны жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алатын Қытай Халық Республикасы алып ел болып саналады.Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млдр 250млн-нан асып отыр.Шаруашылығының даму қарқыны жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін иеленеді.Жерінің ауданы жөнінен Ресей және канададан кейінгі 3-ші орынды алады.

Қытайдың шығысында Хуанхэ және Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан.Одан батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп,Биік Азия тауларына ұласады.Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан қазаншұңқыры орналасқан.Қытай жері пайдалы қазбалардың қоры мен құрамы жөнінен дүние жүзінде шешуші орын алады.Әсіресе тас көмір,темір,мыс,полиметалл,мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қытай жері Батыс және Шығыс Қытай деп бөлінеді.Қытай жерінің 3-тен 2сін алып жатқан Батыс Қытай Орталық Азияда орналасқан.Батыс Қытайдың климатына шұғыл континенттік сипат тән,яғни қысы өте суық,жазы ыстық,жауын-шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден кем болады.Сондықтан жерінің көпшілігін шөлдер мен шөлейттер алып жатыр.Батыс Қытайдың биік таулы бөлігінде тибеттіктер тұрады.Тибеттің өте қатал биік таулы климаты жағдайына бейімделу барысында жершілікті халықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлі мәдениеті бар.Тибеттіктердің тылсым құпияға толы халықтың медицинасының,сәулет өнерінің,тілі мен діни нанымдарының, шаруашылық-мәдени дәстүрлерінің жүйесі тибети мәдениеті деген атпен белгілі.Мұнда суықтан қорғайтын ұзын,қалың жүні бар,сүті өте қою болатын қодастар үй малы ретінде қолға үйретілген.Тибеттіктер 4000м-ден биік жерлердің өзінде бидай,қара бидай,арпа өсіреді.Тибеттің астанасы Лхаса қаласы ламаизм дінінің орталығы болып есептеледі.Батыс Қытайдың әкімшілік жағынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына енетін шөл-шөлейтті бөлігінде қытайлар,ұйғырлар,дүнгендер т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олар егіншілікпен және көшпелі мал шаруашылығымен айналысады.

Шығыс Қытай жері Сары теңізден Оңтүстік Қытай теңізіне децін созылып орналасқандықтан қысқы температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді.Ылғалы жеткілікті муссондыклимат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына 2,кейде 3 рет өнім алуға мүмкіндік береді.Шығыс Қытайда құнарлы жердің әрбір сүйемін неғұрлым тиімдіпайдалануға тырысады.Бұл халық саны көп елде азық-түлік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Бидай,жүгері өсірілетін «сары Қытай»,күруіш,шай плантациялары алып жатқан «жасыл Қытай» белдеулері де осы шығыста орналасқан.Қытай-шайдың отаны.Дүние жүзінде өсірілетін көк шайдың басым көпшілігі осы елдің үлесіне тиеді.Елдегі негізгі өсірілетін дақыл-күріш.Қытайда оның 10мыңнан аса сорты егіледі.Қыцтайлар күріш егістіктеріндегі суды да пайдаланып,балық өсіреді.

Қытай-ежелгі мәдениет пен өркениет елі,мұнда әлемге әйгілі ұз 4мың км жуық Ұлы Қытай қорғаны,будда храмдары мен ғибадатханалары,императордың салтанатты сарайлары орналасқан.Сонымен қатар қытай өнернің қайталанбас өзіндік қырлары бар:қытай театры,сәулет өнері,музыкасы,қытай жібегі мен қолөнер туындылары дүние жүзіне әйгілі.Халықтар мен мемлекеттердің арасын қосып,Еуропа мен Азия аралығындағы көпір қызметін атқарған Ұлы Жібек жолы Қытай жерінен басталған.Бұл жолмен жүздеген жылдар бойы қытай жібегі мен еуропалықтарға таңсық басқа да тауарларды тиеген керуендер Еуропаға қарай тоқтаусыз ағылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]